405
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
нағыз құлдары. Аллаһқа ант етемін, сендер көршілеріңнің
малына зауал келгенде қалай уайымдасаңдар, Аллаһ
өзінің көршісі болған мүміндердің жәбір көруіне одан
да қатты қамығып, қайғырады»
407
.
Рафи айтады: «Осыдан бір жыл өткеннен кейін, Әбу
Бәкірдің халифа сайланғанын естідім. Естідім де, Әбу
Бәкірді әдейілеп іздеп бардым. «Есімім – Рафи, пәлен
деген жерлерде сен тапсырған тексеру қызметтерін
атқарған болатынмын», – дедім. «Иә, таныдым», – деді
ол. «Сен маған ел басқармауға кеңес берген едің, ал өзің
ең жоғары басшылыққа – халифалыққа сайланыпсың»,
– дедім. «Иә, реті осылай болды. Алайда кім Мұхаммед
үмбетіне Аллаһтың кітабымен үкім бермесе, оған
Аллаһтың қарғысы жаусын!» – деді
408
.
Достарыңызбен бөлісу: