Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мұғауия ибн хайданың мұсылман болуы



Pdf көрінісі
бет29/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   349
Мұғауия ибн хайданың мұсылман болуы

Бірде  Мұғауия  ибн  Хайда  Расулаллаһқа  (с.а.с.) 

арнайы  барып  жолығады.  Бұрындары  қайткен  күнде 

де  жаңа  дінді  қабылдамауға,  пайғамбардың  алдына 

бармауға ант ішкен болатын. Бірақ неге екені белгісіз 

Пайғамбарды көруге құмартатын болды. Ақыры, барып 

жолығып,  көңіліндегі  сауалын  қояды:  «Айтыңызшы, 

79

  Ибн Хажар, әл-Исабә 1/337



80

  Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 8/138 (13003)




53

Аллаһ пен расулына шақыру

сонда  сіз  Жаратушының  қандай  хабарларын  жеткі-

зесіз?»  –  деп  сұрайды.  Аллаһ  расулы:  «Ислам  дінін», 

–  деп  жауап  бергенде,  «Ислам  діні  деген  не?»  –  деп 

қайта сұрақ қояды. Пайғамбарымыз: «Жүзімді Аллаһқа 

бұрдым,  Одан  басқа  барлық  нәрсені  тәрк  еттім»  – 

дейсің. Намаз оқып, зекет бересің. Бұған қоса мынаны 

да  біл:  мұсылмандардың  қаны,  мал-жаны  бір-біріне 

харам.  Яғни  ешқандай  мұсылман  басқа  мұсылманды 

орынсыз өлтіре алмайды. Мұсылман – мұсылманның 

бауыры, бір-біріне көмекші. Кісі мұсылман болғаннан 

кейін,  Аллаһқа  серік  қосушы  мүшріктерден  бойын 

аулақ  ұстамайынша,  дұғасы  қабыл  болмайды. 

Мұндай  адамды  оттан  құтқаруға  менің  шамам  жет-

пейді.  Мынаны  біліңдер:  Раббым  «Құлдарыма  хақ 

жолды  насихаттадың  ба?»  –  деп  махшар  күні  менен 

сұрайды. Мен: «Насихаттадым», – деп жауап беремін. 

Осы  айтқандарымды  естіген  адам  басқаларға  жет-

кізсін.  Барлығың  жақсылап  тыңдаңдар.  Қиямет  күні 

Аллаһтың  құзырына  барғанда,  тілдерің  буулы  бола-

ды.  Не  істегендеріңді  аяқ-қолдарың  және  басқа  дене 

мүшелерің әшкерелеп береді», – дейді.

Мұғауия ибн Хайда: «Дініміздің түп мәні осы ма, 

ей, Аллаһтың елшісі?» – деп сұрайды. Аллаһ расулы: 

«Сенің дінің – осы. Естігендеріңді жақсылап орындасаң, 

сол саған жетеді», – деп жауап береді

81





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет