106
*қарғы=
Біздің көзқарасымызша, құрамынан көрінетін
қарғы=, қарма=,
қарпы=, қарғын, қарқын, қарқ қылу туынды сөздердің құрамынан кө-
рінетін «жылдам», «қарқын», «инерция» жəне т.б. жалпы мағынасы
жорамал түбірдің этимологиясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
qar түбірі М.Қашғари сөздігінде «жолдың шетімен жүру, жаға-
лаулардан шығу» мағынасында келтіріледі. Қараңыз: Suv arigtan
qardi
«су арнасынан шықты» /МК. ІІІ Т. С.182/.
*қауса=
Гомогенді жүйедегі
қауди=, қауза=, қауқи=, қауса=, қаудыр=,
қауға
туынды негіздерді морфемалар бойынша талдау қазақ тілінде дербес
қолданылмайтын түбір морфемаларды анықтауға мүмкіндік береді
(қараңыз:
қау «кепкен шөп»,
қаудан «егістік шөбі», «түбірімен кепкен
шөп») /ҚТТС. ІІІ Т. 159 Б./. Қазақ тіліндегі
қау-дан жасалған туынды
сөздер мағынасы негізінде оның «құрғақ», «кеуіп қалған», «бос» жəне
т.б. оның ең ортақ мағыналары ажыратылады.
Қазақ тілінде сондай-ақ келесі туынды ИЕ негіздерден бөлінетін
қау-дың басқа омонимдік түбірлері бар:
қаула=,
қауесет, қаулы, қау-
ма, қауырт жəне т.б. Олардың жалпы мағынасы «қарқынмен» жəне
«инерциямен» белгіленеді.
* өрбі=
өр сөзінен басталатын барлық туынды сөздер үшін жалпы мағына-
ны былайша тұжырымдауға болады:
өрбі=, өр, өрекпі=, өре, өрле=. Осы
түбірден қазақ тілінде бірқатар туынды атаулы сөздер жасалады:
өрелі,
өркен, өріс. Э.В.Севортян атап өткендей, көптеген түркі тілдерінде
өр
дербес түбірі қолданылады /ЭСТЯ. 1 Т. С.542/. Ол сондай-ақ көнетүркі
ескерткіштерінде кездеседі: bulit
orϋp kok ortϋldi (бұлт көтеріліп, аспан
бұлт жапты) /МК. 1 Т. С.139/. Қазақ тілінде осы түбір «көтерілуді»,
«биікті» жəне «жайылым бойынша тарап кетуді» (қой отары) білдіретін
синкретті болып табылады (Батыс Қазақстан диалектінде: Аман-есен
өрдіңдер ме? (ояндыңдар ма?)).
Достарыңызбен бөлісу: