16. «Жердегі өсімдіктер әлемі көптүрлілігінің тарихи дамуы» (6 сағат). Өсімдіктер әлемнің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Өсімдік топтарының көптүрлілігі эволюцияның нәтижесі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі.
Негізгі халық шаруашылық дақылдары бидай мен картоптың пайда болу тарихы.
17. «Вирустар дүниесі» (4 сағат). Тіршіліктің қарапайым құрылымдық формасы ретінде вирустардың құрылыс ерекшеліктері. Вирустық жұқпалы аурулармен зақымдану және аурулардың таралуы. ирустық жұқпалы аурулардың алдын-алу және олармен күресу шаралары.
18. «Бактериялар дүниесі» (6 сағат). Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі. Бактериялардың жалпы сипаттамасы. Бактериялық жасушаның өсімдік жасушасынан айырмашылығы. Прокариоттар және эукариоттар туралы түсінік. Пішіндері, қоректенуі мен тыныс алу ерекшеліктері бойынша бактериялардың әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі (экологиялық,ауру тудырғыш, биотехнологиялық) маңызы.
19. «Саңырауқұлақтар дүниесі». Қыналар — ерекше, симбиоздық организмдер тобы (8 сағат).
Тірі табиғаттың ерекше дүниесі ретінде саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Олардың қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбеюі.Зең саңырауқұлақтар: мукор, пеницилл. Біржасушалы ашытқы саңырауқұлағы. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақты саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі: сапрофиттер, паразиттер, симбионттар. Микориза туралы түсінік. Өсімдіктерді паразиттік саңырауқұлақтардан қорғау тәсілдері. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қыналар, олардың құрылысы, қоректенуі және көбеюерекшеліктері. Қыналардың көптүрлілігі. Қыналардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.
Қыналардың индикаторлық рөлі.
20. «Табиғи бірлестіктер» (12 сағат). Биологиялық жүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктері (биоценоз — фитоценоз) туралы түсінік. Өсімдіктердің табиғаттағы тіршілігі. Табиғи бірлестіктердің сипаттамасы: мекен ортасы, түрлік құрамы, бірлестіктегі түрлердің саны,белдеулігі, өсімдіктер арасындағы өзара байланыстар. Өсімдіктердің табиғи бірлестіктерде бірге тіршілік етуге бейімділіктері. Түрлі белдеулік сатыдағы өсімдіктердің негізгі қасиеттері. Өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың, бактериялардың және олардың тіршілік орталарының жиынтығы ретінде биогеоценоз туралы түсінік.Экожүйелер туралы түсінік. Өсімдіктер бірлестігінің орны және рөлі. Адамның табиғаттағы рөлі. Табиғат байлықтарын үнемді пайдалану, өсімдіктерді қорғау, өсімдік ресурстары мен табиғатты қорғау, өсімдік ресурстары, табиғатты қорғау, экология туралы түсініктер. Қызыл кітап. Туған өлкенің байлықтарын оқып білуде, табиғатты қорғауда, халыққа экологиялық білім таратуда мектеп оқушыларының рөлі.