Ќан жїйесі физиологиясы


-т а р а у. Зат пен энергияның алмасу



бет38/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

5-т а р а у. Зат пен энергияның алмасу
Организм сыртқы ортадан ас қорыту жолы арқылы қоректік заттар құрамында белок, көмірсу, май, минералды заттар, су, ал тыныс алу мүшелері арқылы оттегін қабылдайды. Бұл заттар организмде түрленіп, оның сұранысына сай әртекті қосылыстар түзіледі де, түрлену барысында пайда болған қажетсіз өнімдер зәр шығару, ас қорыту, тыныс алу мүшелері мен тері арқылы бөлініп шығарылады. Организмнің барлық жүйелерінің (ас қорыту, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке-гуморальды реттеу) қызметі зат алмасу процестерін қамтамасыз етуге бағытталған. Зат алмасудың нәтижесінде организм құрылымдық (пластикалық) және энергетикалық заттармен қамтамасыз етіліп, залалды алмасу өнімдерінен арылады.

Сыртқы ортадан организм қабылдаған заттардың түрленуі ассимиляция және диссимиляция процестерінің нәтижесінде атқарылады. Ассимиляция – қарапайым заттардан күрделі қосылыстардың түзілуі. Диссимиляция - күрделі қосылыстардың қарапайым заттарға ыдырауы. Ассимиляция барысында энергия шығындалады, ал диссмиляция барысында энергия босанады. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тірі организмде органикалық заттардың бұзылу және синтезделу процестері қатар жүріп отырады. Ассимиляциясыз диссимиляция, диссимиляциясыз ассимиляция жоқ. Толысқан организмде ассимиляция мен диссмиляция бірдей деңгейде қалыптасады да, жас организмде ассимиляция, кәрі организмде – диссимиляция басымдық алады. Ескерте кететін жайт, зат пен энергия алмасу біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірінен ажырамайтын процестер, оларды тек зерттеуге ыңғайлы болу үшін ғана шартты түрде бөліп қарастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет