1.Есту анализаторының ядросы жоғарғы самай қатпарының ортаңғы бөлігінде, аралшыққа қараған бетте жатады. Ол зақымданса керендік пайда болады.
2.Көру анализаторының ядросы шүйде үлесінде жатады. Шүйде үлесінің ішкі бетінде sulcus calcarinus-тың жиектерінде көру жолы аяқталады. Көру анализаторы ядросы зақымданғанда адам соқыр болып қалады.
3.Иіс сезу анализаторының ядросы иіс миы негізінде – uncus-тегиппокампта орналасады.
4.Дәм сезу анализаторы ядросы орталық артыңдағы қатпардың төменгі бөлігінде, иіс сезу анализаторының қыртыстық шетімен көрші жатады.