Анатомия – 120 ом


Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы



бет158/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   211
125.Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы.

Ауыз куысы-cavum oris, топографиялық орналасуына және аткаратын кызметіне қарай ауыз кіреберісі-vestibulum oris, мен меншікті ауыз куысына-cavum oris propria, бөлінеді. Ауыз кіреберісінін қабырғалары: сыртқы кабырғасын жоғарғы және төменгі еріндер: labium superior et inferior; бүйір кабырғаларын ұрт-bucca; ішкі қабырғасын жоғарғы және төменгі жақсұйектерінің ұяшықтык өсінділері, тістер, тістердің қызыл иектері-gingivae, құрайды. Жоғарғы және төменгі еріннің косылған жері ауыз дәнекерін-commissurae labiorum, құрайды. Ауыз кіреберісі сыртқы ортамен жоғарғы ерін мен төменгі еріннің аралығындағы ауыз тесігі аркылы қатысады. Ауыз кіреберісінін сырткы қабырғасының терең қабаты жоғарғы және төменгі еріндерді, ұрттың кабырғаларын құраушы ымдау бұлшықеттерінен тұрады. Сырткы беті терімен капталып, кіреберістің ішкі бетіне өткен кезде, ауыз қуысының шырышты кабығы көпкабатты эпителиймен қапталған ш ырышты қабығына жалғасады. Ауыз кіреберісінің шырышты кабығы жоғарғы ерін мен төменгі еріннің ішкі бетін астарлай өтіп, еріндердің жоғарғы, төменгі күмбездерін және жүген елерін-frenulum labii superioris et inferioris, кұрап, одан әрі тістердін сыртқы, ішкі қызыл иекті-gingiva кұрап, меншікті ауыз қуысының шырышты қабығына жалғасады. Кіреберістің сыртқы бетінін терісі мен шырышты қабықтың аралығындағы бөлік еріннің жиектік немесе аралық бөлігі-pars intermedia, деп аталынады. Сыртқы беті мүйізденбеген көпкабатты эпителиймен жауып орналаскан. Бұл бөліктің терен қабаты түйіршіктеліп, ерінді қыскан кезде айқын байкалатын дәнекер тіннен тұрады. Ауыз кіреберісінің шырышасты негізі кіші сілекей бездерден тұрады. Бұл бездер топографиялык орналасуына карай: ерін, ұртжәне үлкен азулык бездерден тұрады. Негізгі кызметі сілекей бөліп шығару. Сонымен катар, ауыз кіреберісінің жоғарғы күмбезінің манында екінші азу тістің түсында шықшыт түтігінің тесігі-ductus parotideus, орналаскан. Қызылиек-gingiva, ауыз қуысының шырышты қабығының туындысы. Қызылиектің ұшы, денесі бар және тістің мойыны мен қызылиектің аралығында қызылиектік қалташалар орналаскан. Қызыл иектің терең қабаты дәнекер тіндерден және өте бай қантамырлар мен нервтерден түрады. Қызыл иектің қызметі: тістердің тіректік, қорғаныштық қызметін аткару. Ұрт-bucca, ауыз кіреберісінің сыртқы бүйір қабырғасын құрауға қатысады. Ұрттың терен қабығы ұрт бұлшықетінен-т. buccinator, сырткы беті терімен, ішкі беті көпқабатты эпителиймен капталған шырышты қабықтан түрады. Ұрттың шырышты қабығы мен шырышасты негізінін аралығында жас нәрестелерде ұртмай орналасқан. Ауыз кіреберісі, меншікті ауыз куысымен тістердің аралык саңылаулары арқылы жалғасады. Ауыз куысының меншікті бөлігі, cavum oris propria, ол жоғарғы жағынан жұмсақ және катты таңдаймен, төменгі жағынан ауыз қуысының диафрагмасын кұраушы төменгі жақ тіласты бұлшықетімен, бүйірінен тістер мен қызылиектің аралығында орналаскан қуыспен шектеледі. Ауыз куысының кұрамы: тіл мен тістер, бадамшалар және ауыз куысының сілекей бездері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет