Анатомия – 120 ом


Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары



бет189/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   211
159.Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.

Жауабы:Адам зәрі шамамен 96% су болып келсе, 1,5% бейағзалық заттар құрайды.Зәрдің көп мөлшері хлорлы натрий ,қалған мөлшерін сульфат, фосфат,калий,кальций т.б мөлшерін құрады.Көбінесе несепнәр,зәр қышқылы көп.Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2-1,6 зәр бөліп шығрады.Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алады. Бүйрек зәрдің түзілуінің 1- ші стадиясында фильтрация жүреді. Қанның сұйық бөлігі шумақшалардан сүзіліп Шумлян-Боумен капсуласының қуысына енеді. Бұл процесс бірнеше себептерге байланысты.

Біріншіден, әкелетін тамырлардың қысымы 100-70 мм. рт. тең. Бұл қолқа қысымының негізі 60-70%-е тең.

Екіншіден, әкелетін тамырдың диаметрі үлкен сол себепті басқа әкететін тамырларға қарағанда көп қан келеді және аз кетеді.

Үшіншіден, капилляр торындағы қан капсула қуысынан клеткасы екі қабатпен бөлінген.



Әкететін тамырдың қысымы 70 мм сынап бағанасына тең болады. Соның әсерінен шумақшадағы үлкен қысым қанның құрамындағы сұйықтығын бөлігін беруге ықпал жасайды.Осы болған стадияның әсерінен 120 -160 литрге жуық алғашқы реттік зәр түзіп шығады. Әрбір бүйрек денешігінде 0,03 мл-ға жуық зәр түзіледі.Сонымен, бірінші реттік зәрде қанның формалық элементтері жоқ сондықтан ол қанның белоксыз филтраты болып есептеледі.Бүйрек өзекшелерінде қайтадан сіңірілу немесе реабсорбция стадиясы зәрдің түзілуінің екінші сатысы. Соның салдарынан екінші реттік зәр (1-3 литр тәулігіне) түзіледі. Бірінші реттік зәрдің 99 % суы, тұз, несепнәр және қант қайтадан сіңіріледі.Түзілген екінші реттік зәр организмнен шығарылады.Үшінші стадия-зәрдің белсенді шығарылуы жүреді. Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға және орта жағдайына да байланысты болып келеді. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, одан зәршығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет