30
болады: 1. Оқушылардың эмоциясына, сезім қылына әсер ету,әрі осы әңгіме негізінде
жатқан негізгі идея, тақырыпқа алдын ала назар аударту мақсатында М.Горькийдің
«Мақтасақ, әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді, әйел - ана, барлық қиындықты
жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе?!» - деген сөздерін көркем етіп жазып
қою, сондай-ақ сабақ алдында (үзіліс кезінде, оқушылар кабинетке келіп жатқан мерзімді
пайдаланып) күйтабақтан «Ана» туралы әндер тыңдау.
2.
Ең басты оқиға, негізгі эпизод (идеяны ашатын) -Антоновтың Нағима
ананы жазалауынан шағын инсценировка дайындау, соны көрсету. Әсіресе, Нағима
ананың:
«Бәріңнің де шешелерің бар шығар, тек біреуіңнің де шешелерің мынандай ақ
топалаңның қолына түсе көрмесін деп, тілеп келем. Мен үш ауыз құрметті сөз естіп,
өлгелі тұрмын... Ана... Азамат... Жолдас... бұл сөздер үшін өкінбей-ақ өлуге болады»
деген монологіне ерекше назар аудару керек.
3.
Әдеби айтыс, пікір таласына жетелейтін сұрақтар әзірлеу, оны пайдалану
(негізгі мақсатты сол арқылы жүзеге асыру).
а)
Әңгіме неге «Ананың арашасы» деп аталады? «Нағиманың арашасы»,
«Әйел арашасы» деп атауға да болады ғой! «Ананың арашасы»
деп ат қойғандағы жазушы
мақсаты не?
ә) Антонов әскерлерінің Ананы өлтірмеу себебін қалай түсіндірер едің? Қанға
тоймайтын «ақ топалаңдар» Нағима ана алдында неге әлсіз?
б) Антоновтың өлімі туралы не айтар едіңдер?
в) Нағима ана жеңісінің мәні, себебін ойлан.
4.
Сабақтың соңғы кезеңдерінде жазушының М.Горькийден аударған «Ана кесімі
айнымайды» әңгімесі бойынша сөз қозғап, сатқын баласын Ананың өз
қолымен өлім
жазасына кесуін әңгімелеу.
Соңғы сөзді оқып, осы екі әңгімедегі Ана бейнелері туралы
пікірлесуге шақыру.
«Барлық елде, әр заманда, барлық қанішерлер үшін! Барлық
Достарыңызбен бөлісу: