Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет52/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   182
«Кек жолында» 
- Тектіғұлдың өлімі. Сәлмен қолындағы ит тірлік. 
- Сәтсіз барымта. 
- Пана іздеу. 
- Жарасбай жанында. 
- Бақтығұл - ұры, барымташы, Жарасбайдың қол шоқпары.Сатқындық. 
Бақтығұл - күндестік құрбаны.Бактығұл - қашқын. Өш алу. Әділ жаза 
Мұғалім оқушыларға партия, съезд жайында, онын қазақ даласындағы сұмдық ылаңы 
туралы  да  осы  шығармамен  байланыстыра  отырып  түсіндіруі  керек.  Кейбір  күрделі, 
қазіргі  балалар  түсінбейтін,  бүгінгі  күнде  күңделікті  тіршілікте  пайдаланылмайтын 
сөздерге де түсінік жүргізіледі, яғни түсіндірме сөздік жұмысына да орын беру керек. Сөздік 
жұмыстары  жалпы  әдебиеттің  қай  жанрын  оқытқанда  да,  міндетті  түрде  қатар  жүріп 
отыруы  керек.  Оқушылардың    түсінбеген  сөздеріне,  тарихи,  архаизм  сөздерге  үнемі 
түсіндірме жұмысын жүргізу ләзім. Мұндай жұмыстар тіл байлығын дамытады, танымын 
арттырады, шешен де оралымды сөйлеуге баулиды. Әдебиетті оқытудағы мақсаттың 
өзі де осы. 
Әңгіме  жанрын  жоғары  сыныптарда  оқытудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Төменгі 
сыныптарда  әңгімелер  монографиялық  жолмен  оқытылса,  ал  жоғары  сыныптарда  өтілгелі 
отырған  ақын,  не  жазушының  бірнеше  әңгімелері  көтерген  тақырыбы,  ортақ  мәселелері 
бойынша  қатарынан  топтап  беріледі.  Мысалы,  ұлы  жазушы  М.Әуезовтің  алғашқы 
әңгімелерінен  «Қорғансыздың  күні»,  «Жетім»,  «Барымта»,  «Ескілік  көлеңкесінде», 
«Жуандық», т. б. әңгімелері оқуға берілген (11-сынып, шолу дәрежесінде олар оқулықта 
талданған).  Бұл  әңгімелер  -  жиырмасыншы  жылдардағы  әңгімелері.  Оқытқанда,  оларды 


 
68 
тақырыбы,  идеясы,  көтерген  проблемаларының  үндестігіне  карай  топтап  алып,  талдау 
керек.  Мысалы,  алғашқы  әңгімелерінің  ішінен  «Қорғансыздың    күні»  «Жетім»,  «Оқыған 
азаматта»  көтерген  проблемалары  негізінде  «М.Әуезовтің  алғашқы  әңгімелеріндегі 
қорғансыздар  проблемасы,  жазушы  қорғансыздарын  қалай  қорғайды?»  деген  ортақ 
сұрақпен талдауға болады. 
Сыныпта    талданғалы  отырған  шығармалардыыың    санына  байланысты  топ-топқа 
бөліп,  берілген  әңгімелерді  өз  беттерімен  оқып  келу,  талдауға  жұмылдыру  керек. 
Жазушының алғашқы әңгімелері қысқа, оқиғасы қызықты болып келгендіктен, өз беттерімен 
талдауға  ұсыну  тиімді  болмақ.  Жоғарғы  сыныптарда  көркем  шығармаларды  өз  беттерінен 
талдауға көп көңіл бөлу дұрыс. 
Осы  үш  әңгіме  бойынша  ортақ  мәселе  –  қорғансыз  тағдыры.  С.  Мұқанов  айтқандай: 
«М.Әуезов өзінің алғашқы әңгімелерімен-ақ  қазақ    прозасын  еуропалық  дәрежеге  жеткізді». 
Еуропалық  прозаның  әлемдік  алыптары:  Бальзак,  Мопассан  шығармаларында    ақша,  тек 
қана ақша билеп тұрған буржуазиялық  қоғамда махаббат та, ар  да, отбасылық қарым-қатынас 
та  әке  мен баланың  махаббаты  да  -  бәрі-бәріне  ақша  үстемдік  ететіні  айдай  шындықпен 
көрсетіледі.  Жалғыз қызы үшін бәрінен айырылып, ешкімге керексіз боп, жалғыз қалған  Горио 
әкей  (Бальзак),  тағдыр  жезөкше  етсе  де,  адамдық  рухынан,  мейірімділіктен  ада  болмаған 
Пышка,  т.б.  (Мопассан)  -  бәрі-бәрі  де  қорғансыздар.  М  Әуезов  қорғансыздары  да  сахара 
тағылары, жауыздарының құрбаны  болып көрсетіледі. 13-тегі сәби, қорғансыз Ғазиза жалғыз 
ұлдан  айырылып,  тас  бауырлар  түбіне  жеткен  бейшара  ана,  жетім  Қасым  тағдырлары  - 
жеке  адамдар  жеке  қорғансыздар  тағдырлары  емес,  ол  өркениет  пен™жзм  дәш  кектемей 
жатқан,  мал,  байлықка  деген  аш  көздік  жайлаған  сахара,  дала,  онын  қорғансыздарының 
тағдыры әңгімелер негізіндеп осындай басты-басты проблемаларды дәп тауып, тұжырымды, 
нақты ғана талдау жасау - жоғары сыныптарда әңгіме жанрын өтудің ең бір өзекті мәселесі. 
Проблеманы шешу төмендегідей сұрақтармен жүзеге асырылмақ. 
-  Қалай  ойлайсыңдар,  осы  үш  әңгімеде  де  қорғансыздар  тағдыры  сөз  болады  деп 
жатырмыз. Жазушының оларға көзқарасы қандай? Қорғансыздарын қорғай ма, қорғаса, қалай 
қорғайды? 
-  Үш әңгімеде де бас кейіпкерлер тағдыры трагедиямен аяқталады. Авторлық осы шешімге 
қосыласыңдар ма? 
-  Жазушы шеберлігі, стилі туралы не айтар едіңдер? Деталь, штрихтердің әңгіме идеясын 
ашудағы маңызы бар ма? (дәлелде). 
    Е с к е р т у: Барлық  жауап шығармалардан  нақты мысалдар ала  отырып,  берілуі 
керек. 
Ғылыми  еңбектер,  сыншы,  әдебиетшілер  пікірлеріне  иек  арту,  сол  арқылы 
тақырыптың  ғылыми  жағына  назар  аударып,  білімді  тереңдете  беру  де  жоғары 
сыныптарда әңгіме жанрын өтудің бір маңызды жағы. Салыстыру, өз беттерімен қорытынды 
жасау, пікір айтыстыра білуде де мұндай жұмыстардың маңызы зор. Мысалы, осы сабақта 
ғылыми еңбектер, әдеби пікірлерді ұсына отырып, реферат, пікір жаздыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет