Ќанипа Бітібаева


Ә ң г і м е л еу     сұ ра қт а ры



Pdf көрінісі
бет67/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   182
Ә ң г і м е л еу     сұ ра қт а ры :  
- Қалай ойлайсындар. Баубек хатының маңызы, мәні неде? Не айтпақшы болған? 
- Айтар ойын, мақсатын неге хат арқылы берген? Неге осы жанрды таңдап алған? 
-  Хатты қандай көңіл күймен жазған? Оның хат идеясын ашуда маңызы, рөлі бар ма? 
- Хат арқылы Баубекке мінездеме бер. 
 4.Хаттың көркем тіліне, стиліне, тәрбиелік мәніне тоқталу. 
П і к і р л е с у   с ұ р а қ т а р ы ,   к і т а п п е н   ж ұ м ы с :  
- Көріп  отырғандарыңдай,  хат  сырласу  ретінде,  арнау    ретінде  жазылған.  Осы 
көркемдік 
тәсілді 
автор 
не 
себепті, 
қандай артықшылығына бола таңдаған? 
- Хаттан көтеріңкі леппен шақыру, үндеу мәнінде жазылған жалынды сөздерді 
табу, олардың пайдалану орнын, ондағы стильдік маңызын дәлелдеу. 
(
 
- Халық мақал-мәтелдерін тауып, олардың хаттағы маңызы, пайдаланылу мақсаты 
туралы пікір айту. 


 
80 
- Жауынгерлер ерлігі, патриотизмі, серті, болашаққа сенімі қандай сөздер арқылы 
берілген (мәтіннен үзінді алады). 
- Баубек бейнесін ашатын, хат иесінің кім екенін танытатын сөздерді, ойларды 
тап. 
- Лепті сөйлемдерді тауып, оның маңызына, хат идеясын  ашудағы орнына тоқтал. 
- Патриотизмге, оптимизмге толы хат жолдарына үңіл. Хат иесін романтик деп айтуга 
бола ма? Болса, оны дәлелде  (хаттан үзінді алады). 
Публицистикалық  шығармаларды,  әсіресе,  хаттарды  оқытуда  оқушылардың  көңіл 
күйі, сезіміне  әсер ету ерекше  назарға альнады. Осы хат олардың Отан сүйгіштік сезіміне, 
қазақ жауынгерлерінің ерлігін мақтан ету сезіміне, батырлық, ерлікті мұрат етулеріне, 
хат  иесіне  деген  құрмет  сезімдеріне  әсер  етеді.  Хатты  талқылау  алдында  соғыс  кезіндегі 
әндерді  тыңдау  немесе  соғыс  туралы  фильмдерден  қысқаша  үзінділер  көрсетудің  маңызы 
ерекше (мысалы,  «Жеңіс парады» немесе «Төлеген Тоқтаров» фильмдерінен, т.б.). Бір-біріне 
хат жаздыру, ерлік, батырлық туралы, не сол Баубек Бұлқышев жайында немесе осы хаттан 
алған әсері туралы сырласу, арнау хаттарын жазғызуға болады. Өздеріне ұнаған жерлерін жатқа 
айтқыза білу де тиімді әдіс. Публицистикалық шығармаларды жоғары сыныптарда оқытудың 
өзіндік ерекшеліктері бар. Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, С.Торайғыров, М.Дулатов, 
т.б.  акын-жазушылардың  маңызды  проблемаларды  көтерген  мақалалары  мен  хаттарын 
сыныпта, сыныптан тыс уакытта оқы-удың маңызы зор. Хаттарды көбіне сыныптан тыс уақытта 
белгілі бір мақсатты көздей оқыту керек. Мысалы, Ш.Уәлихановтың Ф.Достоевскиймен, т.б. 
жазықкан хаттарын бергенде, мынадай тапсырмаларды орыңдатуға болады: 
1. Ш.Уәлихановтың саяси көзқарасын саралау. 
2. Демократтық, ағартушылық бағыттағы іс-әрекеттеріне назар аудару. 
3. Гуманизмі, адамгершілік тұлғасы, зиялылығын  сараптау. 
Оқушыларды  тезис-жоспар,  жауаптарының  тезистерін  жасауға,  үзінді,  дәйектеме  ала 
отырып,  оны  жауаптарына  тиімді  пайдалана  білуге  баулу.  Оны  мынадай  кестелік 
тапсырмалар түрінде орындатуға болады: 
Үлгі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет