85. 2010 жылдың желтоқсанында Астанада аса ауқымды халықаралық кеңес – Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының (ЕҚЫҰ) саммиты өтті [3, 261б].
86. 2009 жылы Мәскеуде ҰҚШҰ-ның жетекшілері оперативті реакция ұжымдық күшін құруды мақұлдады [3, 261б].
87. 2011 жылы 30 қаңтарда Астанада жабық футбол стадионында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 7-Азия ойындарының ресми ашылуын салтанатты түрде жариялады [3, 273б].
88. 2012 жылы Лондонда болған ХХХ жазғы олимпиадада Қазақстан спортшылары үлкен табысқа жетті [3, 273б].
89. 2017 жылы өтетін 38-Дүниежүзілік қыстық универсиаданың астанасы болып Алматы қаласы ресми жарияланды.
90. 2012 жылы қарашада Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас Ассамблеясының Париждегі Штаб-пәтерінде өткен 152-сессиясында ұйымның делегаттары Астананы (Қазақстан) 2017 жылғы жоспарланған ЭКСПО халықаралық көрмесінің ресми өткізушісі ретінде таңдап алды
[3, 276б].
91. 2012 жылдың соңына қараған шақта «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізгі мақсаттары уақытынан бұрын толығымен орындалды [3, 278б].
92. 2012 жылы Дүниежүзілік банктің рейтингісі бойынша бизнес жүргізу көрсеткішінен Қазақстан ТМД елдерінің бәрін артқа қалдырып, 47-орынға шықты [3, 280б].
93. 2012 жылы ішкі жиынтық өнім жан басына шаққанда 11,3 мың АҚШ долларын құрады [3, 280].
94. 2025 жылға дейін қазақ тілі елде жетекшілік межеге шығады. Соған қоса, аталған мерзім ішінде қазақ тілі латын әліпбиіне көшеді [3, 282б].
95. 2012 ж., желтоқсан – «Қазақстан-2050» стратегиясы жарияланды [3, 289б].