Пролетариат диктатурасы – маркстік теорияда жұмысшы табының шаруалар мен еңбекшілердің басқа да топтарымен одағындағы саяси билік.
20. Революция – 1) табиғаттың, қоғам мен сананың диалектикалық дамуының маңызды заңдылығының жүзеге асу көрінісі, бір сапалық жағдайдан басқа сапалық жағдайға шұғыл секіріс арқылы өтетін түбірлі төңкеріс; 2) (лат. – төңкеріс, бетбұрыс) – қоғамда, экономикада, дүниеге деген көзқарастарда, ғылымда, мәдениетте т.б терең, сапалық өзгерістердің жүзеге асуы.
21. Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан, сонымен қатар бір немесе мемлекеттердің халықаралық саясат мәселелері бойынша жарияланатын саяси мәлімдеме, құжат.
22. БОАК – Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті, РКФСР-дің мемлекеттік өкіметінін 1917-1938 жылдардағы жоғарғы заңдық, бөлу және бақылау органы.
23. Декрет (лат. қаулы) – мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты (мысалы, Бітім туралы декрет, Жер туралы декрет – 1917 жылы 27 қазанға (9 қарашаға) қараған түні Кеңестердің ІІ съезінде қабылдады.
24.
Достарыңызбен бөлісу: |