|
жылы ақша реформасы жүргізілді.
223
|
бет | 54/239 | Дата | 07.01.2022 | өлшемі | 331,32 Kb. | | #20002 | түрі | Анықтамалық |
| 222. 1947 жылы ақша реформасы жүргізілді.
223. Жұмысшылар мен қызметшілердің айлық табысы 1940 жылғы 29,8 сомнан 1950 жылы 62 сомға, 1965 жылы 97,4 сомға дейін өсті.
224. 1948 жылы баға 1940 жылғымен салыстырғанда үш есе жоғарылады.
225. 1958 жылдан бастап кейбір қалаларда пәтерлерге газ беріле бастады.
226. 1950-1965 жылдар ішінде аурухана саны 2,4 есе, олардағы төсек саны 3,5 есе, дәрігерлер саны 3,5 есе артты.
227. 1956 жылдан бастап жұмысшы және қызметші әйелдерге босануға байланысты берілетін ақылы демалыс 112 күнге дейін ұзартылды.
228. 1965 жылы республикада 79 санаторий мен 23 демалыс үйі жұмыс істеп тұрды.
229. 60-жылдардың басында жыл сайын 200 мыңға жуық бала пионер лагерьлерінде дем алды.
230. Еңбекшілердің жинақ кассаларына ақша салынуының орташа мөлшері 1950 жылы жан басына 88 сомнан келсе, 1965 жылы 298 сомға жетті.
231. 1949 жылы мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды.
232. 1946-1950 жылдары егістік жердің әр гектарынан алынған өнім орта есеппен 5-6 ц ғана болды.
233. 1954 жылдың көктемінде Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды.
234. 1954 жылдан бастап егіске жарамды жерді зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|