Антикалық философия М. Ш. Хасанов



бет2/11
Дата11.12.2023
өлшемі50,88 Kb.
#137071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3.2. Натурфилософия


Натурфилософия (Сократқа дейінгі кезең философиясы) «фюзис» мәселесін қарастырады. Оның ­өкілдері адам мен ғарыш, дүниенің алғашқы пайда болуын және оның құрылымын зерттейді. Ғарыш мәңгі тірі табиғаттың жетістігі, ал адам – «микроғарыш» болып табылады. Бұл дәуірде философияның қалыптасуына милет, элей мектептерінің өкілдері пифагорлықтар, атомистер және өзге ойшылдардың да бірқатары іс-әрекеттерін жүзеге асырады.
Милет мектебі – Грециядағы алғашқы философиялық мектеп. Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық заттардың, денелердің генетикалық бастамасын, түпнегізін Құдайлардың құдіретінен іздемейді, олардың өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. Генетикалық бастаманың, түпнегіздің табиғаты, бір жағынан, зат тәріздес болса, екінші жағынан, ақыл-ойдан да қашық емес, сондықтан ол Құдайлармен пара-пар құбылыс.
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (шамамен б.д.д. 544-483 жж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін «тұңғиық» деп атаған. Негізгі еңбегі: «Табиғат туралы». Бұл еңбектің 130-дай фрагменттері ғана сақталып, бізге дейін жеткен.
Б.д.д. VII-VI ғғ. Грекиядағы саяси және экономикалық қолайлы жағдай философиялық ойлаудың жақсы дамуына оң ықпал етті. Дәл осы уақытта алғашқы қоғамдық құрылыстан құлиеленушілік кезеңге көшу жүзеге асты. Әлеуметтік-мемлекеттік ұйым полис (грекше қала-мемлекет) азаматтардың этикалық көкжиегін айқын көрсетті. Мемлекет нормаларына сай мемлекет бостандығы жеке адамның бостандығының кепілі болды. Сондықтан колониялардығы бостандық пен өзге жақпен байланыстың жақсы болуына орай философиялық ой алғашқы болып Грекияда емес Милетте, Шығыста – Кіші Азияда және Оңтүстік Италияда жақсы дамыды. Содан кейін ғана Грекияның өзінде дамыды. Тағы да бір себеп Жерорта теңізіне жақын қалалар бар әлеммен ғана емес, ойкумендер сыртындағы дүниемен де тығыз мәдени қарым-қатынаста болды. Сондықтан оның тұрғындары әр түрлі бағыттағы сауда-саттық, қолөнер және соғыс, мәдени және ғылыми білімдерді жақсы игерді.
Натурофилософия (Сократка дейінгі кезең) Фюзис мәселелерін, алғашқы фундаменталды ақиқатты қарастырған. Оның өкілдері әлемнің алғашқы негізін, құрылымын, ғарышты және адамды қарастырған. Ғарыш мәңгі тірі және мінсіз табиғат ісі, ал адам оның бөлшегі микрокосмос болып табылады. Философияның осы даму кезеңінде Милет, Элей мектептері, пифогорлықтар, атомистер және т.б. ойшылдардың көзқарастары дамыды.
Грекиядағы алғашқы философиялық мектеп – Милет мектебі. Бұл бағыт «иондық натурфилософия» өкілдері – Милеттен шыққан Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Милет – Кіші Азияның экономикалық жағынан ең дамыған бөлігі. Алғашқы негіз мәселесін олар аңғырт материализм және стихиялық диалектика жағынан қарастырған.
Бұл ойшылдар тұңғыш рет адамзат тарихында ғаламды үйлесімді, өзінен-өзі дамитын, өзін-өзі реттейтін жүйе ретінде түсіндірді. Иондық философтар дүние әлемін ешқандай Құдай, ешқандай адам жаратқан жоқ, ол мәңгі өмір сүреді деп есептеді. Бұлай қабылдау жаратылыс туралы діни-мифологиялық түсінуден адамның ақыл-ойы арқылы (космосты) дүние болмысын түсінуге ұмтылған алғашқы қадам болды, яғни мифтен логосқа жасалған алғашқы қадам.
Фалес (б.д.д. 624-547 жж.) Цицеронның айтуынша алғашқы болып барлығының негізі су деп айтқанымен, ол басқаны меңзеді. Оны «Грекияның алғашқы философы» деп алғашқы антик философтары Диоген Лаэртский, Аристотель, Плутарх, Страбон, Плиний және тағы басқа философтар айтқан. Фалеске сүйенсек, барлығы байланысты және үнемі өзгеріс, даму процесінде болады дейді. Антик философтары бұл ұғымды әркімге түсіндіріп беру әдет емес деді. Бірақ бір субстанция туралы жобалады. «Алғашқы ылғалды» ол аморфты, ағымдағы «материяның түйіні» ретінде анықтады.
Фалестің шәкірті Анаксимандр ( б.д.д. 585-525 жж.) бұл мәселені тереңірек қозғады. Фалес «Алғашқы негіздің» қалай және неліктен пайда болатынын ойламаған. Анаксимандр одан жоғарырақ көтеріліп, барлығының негізі ретінде материалдық қалыптан айырылған мәңгі, шексіз (апейрон), алғашқы негіз (архе) болады деді. Ол дүниенің алғашқы негізі туралы идеяны әлдеқайда тереңірек жетілдірді.
Анаксимандрдың ізін басушы – Анаксимен (б.д.д. 585-525 жж). Ол дүниенің бір негізі барлығын, ол ауа екендігін кесіп айтады. Ол ауа табиғатының күрделілігін, ұшқырлығын, әлемде болып жатқан қозғалыстармен байланыстырады. «Алғашқы негізді» Анаксимен «әлем материясы» және «бейнесіз қуат» деп айтады. Сонымен Анаксимен барлығының себебін, әлемнің көпқырлылығын алғашқы негізбен байланыстырады. Оның барысында бөлшек пен бүтін қатынасын және көптеген теориялық мәселелерді көтеріп, парасаттылықпен шешімін табады.
Милеттіктер әлемді біртұтас жанды ретінде қарастырғанымен олар тірі мен өлі, психикалық пен физикалықты ажыратпаған, принципиалды ерекшелікті бөлмеді. Олар өліні тек тіршілік азық деп қараған. Ол – гнлозоизм, антикалық философияға тән. Ал жандыны олар жай ғана алғашқы негіздің көрінісі деп қарастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет