«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ pisa-2018/компьютерлік формат



бет19/42
Дата15.11.2023
өлшемі6,65 Mb.
#124014
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42

1 - бөлім


Рейчел блокнотына бұл орынның «қаламызда тіршілік сезімін ұялатуы» тиіс екенін растайтын жазбаны қосады. Брэд «Жергілікті - жақын орналасқан дегенді білдіретінін» атап өтеді.

Оқушылардың алдыңғы тармаққа берген жауабына қарамастан, Рейчел


блокнотқа жазып, былай жауап береді: «Жақсы», «Жергілікті» сіз ол жерге тез бара аласыз дегенді білдіреді. Мен «жолға кететін уақытты» блокнотқа қосып қоямын. Тағы не бар?"
Джордж жүгіну қажет график туралы сұрақты түсініп, жауап береді. «Космо ханым келесі бейсенбіде сағат 13:00-де бізді автобус алып кетіп, 15:00-де қайта әкеліп тастайтынын айтты». Оқушы жасаған кез-келген таңдаумен Брэдтің түсіндірмесі қоса жүреді. Ол міндеттен шамалы бұрылып, былай дейді: «Қандай айырмашылығы бар? Бұл нұсқалардың барлығы іш пыстырарлық. Қонақтарды оларға шын мәнінде ұнайтын жерге алып барайық».



Есепке алынған жауап Брэдтің айтқанын растайды, бірақ оған талқылау шегін білдіретін кері байланыстықамтамасыз ете отырып, команданың міндеті туралы еске салады. Команданың әр мүшесі орынды таңдау туралы өз ойын айтады. Джордж кез-келген орын жарай беретінін айтады, Рейчел жергілікті тарихи мұражайды ұсынады, ал Брэд мұражай - іш пыстырарлық екенін айтады, ол мұражай жабық деп ойлайды.

Бұл тармақ үшін оқушы мұражайдың қашан ашық болатынын тексеру үшін,
міндеттер жолындағы үлгілік веб-сілтемені пайдаланып, одан кейін командаға алынған ақпарат пен туындаған қиындықтар туралы хабарлайтын жауапты таңдауы қажет. Сондықтан, студент толық есепке алынған жауап алу үшін, мұражайдың жоспарланған баратын күнде жабық болатынын нақтылап, Рейчелдің ұсынысына және Брэдтің қате ақпаратына жауап беруі керек Рейчел мұражайдың бейсенбіде күннің екінші жартысында жабық болатынын растайды (алдыңғы жауапқа қате жауап берген Оқушыларді құтқарады). Ол белгіленген орын бейсенбі күндері сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін ашық болуы керек екенін блокнотына жазып қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет