Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері



Pdf көрінісі
бет52/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94
Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері 
дамиды: 
● Шығармашылық; 
● Танымдық;                  
● Интеллектуалдық; 
● Қарым –қатынас. 
Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері: 
1. 
Әңгімелесу; 
2. 
Түрлі – түсті құммен сурет салу; 
3. 
Танымдық ойындар; 
4. 
Коммуникативтік ойындар; 
5. 
Пікірталастар. 
Құм терапиясы негізгі принциптері: 
1. 
Шығармашылық  белсенділікті  таныта  отырып,  бала 
өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын 
орта жасау. 
2. 
Абстрактылы нышандар әріптердің сандық тиімді және 
осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың 
жеке 
қызығушылығымен 
іс-әрекетіне 
оң 
мотивацияны 
қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді. 
3. 
Ертегі  ойындарының  кейіпкерлерімен  бірге  әртүрлі 
жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру. 
«Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін 
салушы  Карл  Густав  Юнгпен  ұсынылған.  Мүмкін  ұлы  Юнгке 
адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы 
идеяны  ұсынуға  себепші  болған  шығар.  Себебі  көптеген 
психологтар  жекелеген  құм  түйіршіктерінде  жеке  тұлғаның 
нышандық  айқындамасын,  ал  құм  массасында  –  жаһандағы 
Өмірді көреді. 
Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы 
жайылған.  Құм  –  өте  ұсақ   ақ  түсті,  сары,  қоңыр,  сұр  және 
қызғылт  түсті  болады.  Құм  бала  үшін  магнит  сияқты  өзіне 


77 
 
тартымды  зат.  Бала  құмды  не  екенің  сезінгенше  қолдары  сарай, 
қоршау  т.б.  жасай  бастайды.  Ал  оған  ойыншықтар,  кішігірім 
фигураларды  қосса,  онда  баламен  түрлі  ертегілерді  драмалау, 
ойын процесіне кіреді. 
Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-
жағдайларына  оң  әсер  етеді,  бұл  баланың  өзіндік  дамуы  үшін 
тамаша құрал болып табылады. 
Құммен  ойнау  кеңестік  әдіс  ретінде  1939  жылы  ағылшын 
педиатры Маргарет Ловенфельд сипаттама берген. 
«Құм  терапиясы»  концепциясының  құрылуымен  негізінде 
юнгиан  мектебінің  өкілдері  айналысты,  мысалы  швейцар 
аналитигі Дора Каалфф. 
Құмдағы  ойындар  -  баланың  табиғи  әрекеті  формаларының 
бір  түрі.  Сондықтан  да  біз,  ересектер,  құммен  ойнайтын 
орындарды  оқыту  және  дамыту  сабақтарында  қолдана  аламыз. 
Құмнан  суреттер  салып,  әртүрлі  оқиғаларды  ойлап  тауып,  біз 
бала үшін әлдеқайда  қызықты түрде  оған өзіміздің біліміміз  бен 
өмірлік  тәжірибемізді,  қоршаған  әлемнің  заңдылықтары  мен 
оқиғаларын жеткізе аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет