Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


Ү. Сабақты қорытындылап, аяқтау (формативті бағалау)



Pdf көрінісі
бет76/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94
Ү. Сабақты қорытындылап, аяқтау (формативті бағалау). 
1.  Шығармашылық ойлауды қалыптастыру блогы. 
1. 
Таныстыру.  Топта  жұмыс  жасау  принциптері  және 
ережелерімен танысу. 
2. 
Өздері  таңдап  алған  шығармалары  бойынша  нені 
елестететінін айтып беру. 
3. 
Эмоция  мен  сезімдерді  белгілі  ұсынылған  музыка 
арқылы көрсету. 
4. 
"Әуенді аяқта" тапсырмасы. 
5. 
Нәтижелерді талдаужәне қорытындылау. 
2.  Арттерапиялық блок.  
Мақсаты – эмоциялық қалпын түзету. 
 
1 сабақ. 
Кіріспе.  Музыкалық  жаттығулар.  Сол  сәттегі  көңіл-күйіңізді 
музыкамен көрсету. 
Тақырыпты  орындау.  Топқа  сөзді  қолданбай  тек  музыка 
(дайын  әуен)  арқылы  өзіңізді  таныстырыңыз.  «Әуенмен 
ассоциациялар»:  сөзсіз  ыңылдап  "қуаныш",  "тыныштық", 
"мазасыздық"  күйлерін  бейнелеңіз.  Бұл  тапсырма  эмоциялық 
кернеулікті жою үшін қолданылады. Психикалық қалыпты реттеу 
әдістеріне  студенттерді  үйрету  салауатты  өмір  салтын 
қалыптастыруға  көмектеседі,  өйткені  олар  өздерінің  эмоциялық 
күйін  басқара  білуді  және  осы  біліктілікті  әр  түрлі  өмірлік 
жағдайларда пайдалануды түсіне бастайды. 
Теориялық 
және 
тәжірибелік 
зерттеу 
нәтижелері 
төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік туғызды: 
-біріншіден,  функциялық  музыкаға  арналған  материалдарды 
жоғары білікті маман іріктеу қажет; 


98 
 
-екіншіден, зерттеуді топтық түрде жүргізу қажет; 
-үшіншіден,  адамның  психикалық  қалпы  және  музыканың 
эмоциялық  мазмұны  туралы  мәліметтерді  эмоциялық  қалыпты 
көрсететін музыкалық терминдерді жүйелеу және талдау арқылы 
алуға  болады.  Музыкалық  терминдердің  жиынтығын  ғасырлар 
бойы  аса  талантты  өнер  өкілдері  жасады  және  адам 
эмоцияларының түрлі эмоцияларын көрсетеді; 
-төртіншіден,  музыка  мүмкіндіктерін  тек  аудиториядан  тыс 
емес,  сонымен  қатар  лекция  және  практикалық  сабақтарда 
қолдануға  болады.  Егер  студенттердің  логикалық  ойлауына 
эмоциялық  ойлауды  қосатын  болсақ  оқу  материалын  игеру  тез  әрі 
берік  болады.  Басқаша  айтқанда  вербалды  мәлімет  музыкалық 
сүйемелдеу арқылы эмоциялық мәліметпен бекітіліп отыруы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет