[
288
]
Бұл
– Жәкеңнің Досмағамбет ақынға айтқаны. Ал, Құл
мамбетке былай дейді:
Ешнәрсе қанша айтқанмен ете алмайсың,
Бұлтарып мен тұрғанда кете алмайсың...
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт!
Жамбылды айтысқа мүндай идея мен рух енгізуге әкелген
–
сол дәуірдің болмысы мен Жамбылдың жыршылық өнері. Осы
бір шақ туралы Жәкең «Менің өмірім» деген толғауестелігінде
былай дейді:
«Ел жүдеген үстіне жүдей берді, ел менен жыр сұрағанда,
кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды
жырла дейтін болды. Мен де жұрттың тілегіне сәйкес «Өтеген
батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы ба
тыр», «АлатайЖапарқұлдың» жырларын айтатын болдым.
Ел есіткенде ыңыранып жылайтын, ауру көргендей болатын.
Осындай елді жарыққа шығаратын батырлар да туарау әлі
десетін».
Отарлықта езілген халықтың, жадапжүдеген елдің қам
көңілін Жәкең жыршы болып та көтеріп жүрген. Осылай
ел тілеуі мен қалауы бойынша ел намысын жыртқан, елді
қор
ғаған батырлар жайында жырлаған Жамбыл оларды
өзі нің айтыстарында да мадақтап отырады. Қарасай, Саурық,
Сұраншы сияқты туған жерін қорғауда ерлік көрсетіп, аңызға
айналып, жұрттың мақтанышы болған батырлардың жыр
да әңгімеленбейтін кейбір қасиеттерін Жәкең айтыстарын
да айтып, олардың қаһармандық бейнесін бедерлей түседі.
Мәселен, Сарбаспен айтысқанда Жамбыл Сұраншыны былай
сипаттайды:
Достарыңызбен бөлісу: