Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 Құжаттарды тіркеу жəне есепке алу



Pdf көрінісі
бет153/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   188
5.2. Құжаттарды тіркеу жəне есепке алу 
 
Мекемеге  келіп  түсетін  хат-хабарларды  қабылдауды  кеңсенің 
хат-хабарларды  тіркеу  бөлімшесі  немесе  хатшы  орталықтандырған 
түрде  жүзеге  асырады.  Конверттер  ашылады  («жеке  өзіне»  деген 
белгісі  барынан  басқасы).  Конверттер  жойылады,  мұнда  жіберушінің 
мекен-жайы  тек  конвертте  ғана  болса,  онда  сақталуы  мүмкін. Барлық 
түскен  құжаттар  тіркелетін  жəне  тіркелмейтін  құжаттар  болып 
сұрыпталады. 
 
Құжаттарды  тіркеу  –  құжатқа  бірегей  тіркеу  нөмірін  (құжат 
индексін)  бере  отырып  жəне  ол  туралы  тіркеу  журналына  мəліметтер 
жаза отырып, оны жасау немесе қабылдау фактісін белгілеу.  
 
Іс  қағаздарын  жүргізу  қызметі  тіркелмейтін  құжаттарға 
мыналарды жатқызады: 
 
1. Жарнама материалдары. 
 
2.  Жиналыстар,  конференциялар  туралды  хабарламалар  жəне 
олардың бағдарламалары. 
 
3. Прейскуранттар. 
 
4. Баспа басылымдары (кітаптар, журналдар, газеттер). 
 
5. Телеграммалар. 
 
6. Тақырыптар бойынша ғылыми есептер. 
 
7. Құттықтау хаттары жəне шақыру билеттері. 
 
8. Бухгалтерлік құжаттар. 
 
9. Танысу үшін көшірмесі жіберілген хаттар. 
 
Құжаттарды тіркеу кезінде кəсіпорында мынадай ереже сақталуы 
тиіс: 
 
1) əрбір құжат бір рет қана тіркеледі; 
 
2) барлық құжат бір жерде тіркеледі; 
 
3)  барлық  құжат  кəсіпорында  қабылданған  бірыңғай  нысан 
бойынша тіркеледі. 
 
Құжаттың тіркеу нөмірі, əдетте, мынадай бөліктерден тұрады: 


 
174
 
1) ұйымның министрліктегі немеес ведомостводағы шифры; 
 
2)  құжат  немесе  оның  көшірме  данасы  тігілетін  іс  папкасының 
нөмірі; 
 
3) құжаттың тіркеу журналындағы реттік нөмірі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет