Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет158/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   188
5.2.5. Ішкі құжаттардың қозғалу барысы 
 
Ішкі 
жаттарды 
деу кезе дері 
 
 
Ішкі  құжаттарды  өңдеу  кезеңдері  олардың  түріне  байланысты. 
Ішкі  құжаттың  көп  кездесетін  бір  түрі  негізгі  қызмет  бойынша 
бұйрықтар. Оны дайындау кезеңдерін қарастырып көрелік: 
 
1.    Ішкі  басқару  құжаттары  (мысалы,  бұйрықтар,  шешімдер 
немесе өкімдер) кəсіпорын басшысының нұсқауы бойынша жасалады. 
 
2.  Содан  кейін  бұйрықтар  қажеттілігіне  қарай  кəсіпорынның  заң 
қызметімен келісіледі. 
 
3. Келісілген бұйрыққа басшы қол қояды. 


 
183
 
4.  Содан  кейін  ішкі  құжатты  хатшы  (кеңсе)  тіркейді,  көбейтеді 
жəне орындау үшін құрылымдық бөлімшелерге таратады. 
Ішкі  құжаттар  ұйымның  өз  шеңберінде  əзірленіп,  ресімделеді 
жəне сол шеңбердің аясында орындалады. 
 
Ішкі  құжаттарды  əзірлеу  жəне  ресімдеуден  өткізу  шығыс 
құжаттары бойынша жұмыс жүргізу тəртібіне сəйкес жүргізіледі. 
 
Мұнан  əрі  жұмыс  кіріс  құжаттары  бойынша  іс  жүргізу  тəртібіне 
сəйкес атқарылады.  
 
Орындау кезеңінде ішкі құжаттар бойынша жүргізілетін жұмыстар 
мына мəселелерді қамтиды: 
 
1) ішкі құжаттарды орындаушыларға тапсыру; 
 
2) ішкі құжаттарды орындау; 
 
3) ішкі құжаттың орындалуын бақылау; 
 
4) орындалған ішкі құжаттарды тиісті іске тігу. 
Ұйымның ішкі құжаттарын құжаттама қызметі тапсырады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет