Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


  Мекемелер  мен  кəсіпорындарда  таратылуы  шектелген



Pdf көрінісі
бет165/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

5.6.  Мекемелер  мен  кəсіпорындарда  таратылуы  шектелген, 
құпия құжаттарды қорғау жəне олармен жұмыс жүргізу тəртібі 
 
Кəсіпорындарда 
коммерциялық 
ақпараттардың 
қорғалуын 
қамтамасыз ету мақсатымен ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу жəне 
оған  қол  жеткізу  жөнінде  тиісті  іс  тəртібі  белгіленеді.  Оның  ішінде 
кəсіпорын (фирма) басшысының ұйымдық-басқару ережелеріне енетін 
əкімдік,  құқықтық,  ұйымдық,  инженерлік-техникалық,  қаржылық 
шаралар бар.  
Коммерциялық  құпияны  қорғау  ісі  мына  шарттардың  міндетті 
түрде орындалуына негізделген: 
өндірістік,  коммерциялық,  қаржылық  жəне  режімдік  мəселелерді 
бірлесіп шешу; 
кəсіпорынның  барлық  ынталы  бөлімшелері  арасында  ақпаратты 
қорғау шараларын үйлестіру;  
жіктелуге (құпияландыруға немесе қорғауға) жататын ақпараттар 
мен объектілерге ғылыми баға беру; 
Режимдік  жұмыстарды  бастамас  бұрын  режимдік  шараларды 
белгілеп алу; 


 
194
Ақпараттар  қорғалуын  қамтамасыз  ету  ісінің  барлық  деңгейдегі 
басшылар  мен  орындаушылар  үшін  жеке  жауапкершілігіндегі  жұмыс 
болуы;  
Шартқа  немесе  еңбек  келісіміне  режімнің  нақты  талаптарын 
сақтау жөніндегі негізгі міндеттерді енгізу. 
Негізгі  проблемалардың  бірі  –  іс  қағаздарын  жүргізу 
жұмыстарының  қорғалуын,  коммерциялық  ақпараттар  салынған 
негіздердің 
сақталуын, 
тасымалдануын 
ұйымдастыру 
болып 
табылады.  Бұл  өз  кезегінде  құжаттарға  жəне  жабық  ақпарат 
негіздеріне міндетті түрде тиісті белгілерін салып отыруды қажет етеді. 
Коммерциялық  құпиясы  бар  ақпараттарды  жəне  объектілерді 
жіктеп,  топтастыруға  кəсіпорын  (фирма)  басшысы  сенім  көрсеткен, 
уəкілеттілік  берген  тұлғалар  тізімін  ресімдеу  шарт.  Жіктеліп 
(классификацияланып),  топтастырылған  ақпараттарға  қол  жеткізу 
кəсіпорын бойынша сол адамдар шеңберімен шектелуі қажет.  
Рұқсаттамалық режім шараларын, рұқсаттамаға қол жеткізу жəне 
оны ресімдеу тəртібін белгілеу керек.  
Бірқатар жағдайларда ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз ету 
талаптарын  орындау  үшін  алдын-ала  арнайы  орындар  қарастыру 
керек  болады.  Бұл  əсіресе  конструкторлық-тəжірибелік  ғылыми-
зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  бұйымдар  шығару  жəне  сынау,  сату, 
жарнамалау, келісім-шарттарға қол қою  процестерінде, аса маңызды 
жəне  жабық  мəжілістер  өткізу  кезінде,  ақпараттарды  өңдеу,  сақтау 
жəне  тарату  т.б.  жөніндегі  техникалық  құралдарды  (есептеу 
техникалары құралдары) пайдалану кезінде өте-мөте қажет. 
Бұл  жағдайларда  кəсіпорындар  мен  фирмалар  басшылары 
аталған органдардағы  қызметтің белгілі бір түрлеріне бақылау жасау 
жөнінде  уəкілеттілігі  бар  тұлғалармен  мемлекеттік  құпияны  сақтау 
жөнінде бірлесіп жұмыс жүргізулері шарт. 
Күзеттің  болуы,  рұқсаттамалық  жəне  объектінің  өз  ішінде  жүріп-
тұру режімі жасалуы міндетті. 
Ақпараттарды  қорғау  жөнінде  тұрақты  түрде  шаралар  əзірлеп, 
оларды  жүзеге  асырып  отыру,  қабылданған  режімдік  шаралардың 
тиімділігіне жүйелі бақылау жасау қажет. 
Ақпараттардың  қорғалуын  қамтамасыз  ету  жөнінде  белгіленген 
ережелерді орындаушыларға түсіндіріп, нұсқау беріп отыру шарт. 
Коммерциялық 
құпияның, 
мүліктік 
жəне 
қаржылық 
құндылықтардың  сақталуын  ұйымдастыру  кезінде  кəсіпорын  (фирма) 
директоры  ең  алдымен  экономикалық  тиімділік  жағын  қарастырады. 
Бұл  жерде  бəрінен  бұрын  экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 
ісінің  мүмкін  болатын  экономикалық  шығыннан  асып  кетпеуі  ойға 
оралады.  Əйтсе  де  ақпаратты  қорғау  шаралары  кəсіпкерліктің 
экономикалық  тиімділігін  арттыра  түсуге  ықпал  ететінін  естен 
шығармау  керек.  Коммерциялық  құпиясы  бар  ақпараттары,  сондай-ақ 
тауарлары  мен  ақшалай  қаржысы  аз  кəсіпорындарда  режімді 


 
195
қамтамасыз ету ісін басқаруды кəсіпорын (фирманың) басшысының өзі 
немесе  оның  бұйрығымен  тағайындалған  лайықты  тəжірибесі  бар 
қызметкер қосымша жүргізуіне болады. 
Кəсіпорынның  (фирманың)  қауіпсіздік  қызметі,  əдетте,  сол 
кəсіпорын  басшысы  бұйрығымен  құрылады  жəне  оған  бағынады.  Бұл 
қызмет  орыны  кəсіпорынның  өндірістік-коммерциялық  жұмыстарға 
тікелей араласатын құрылымдық бір бөлімшесі болып табылады. Бұл 
қызмет  орыны  өз  жұмыстарын  кəсіпорынның  басқа  барлық 
құрылымдық  бөлімшелерімен  бірлесе  отырып,  өзара  əрекеттестікте 
жүргізеді. 
Бұл ретте, мынадай істерді қолға алған жөн: 
- қорғауға жататын  ақпараттарды тобынан бөлектеу өлшемдерін 
жасау; 
-  қорғау  əдістерін  таңдау  (патенттеу,  авторлық  құқық, 
коммерциялық құпия); 
-  коммерциялық  құпиясы  бар  мəліметтер  Тізімдемесін 
(тізімдемеге қосымшаны) кезекті бекітуге əзірлеу; 
- коммерциялық құпиясы бар мəліметтерге жіберу тəртібін бекіту 
жəне оған қол жеткізудің рұқсаттамалық жүйесін əзірлеу; 
-  коммерциялық  құпиясы  бар  нақты  құжаттар  мен  ақпараттар 
бойынша  жұмыс  жүргізуге  құқығы  бар  тұлғалар  тізімдемесін 
(лауазымдар тізімдемесін) ресімдеу; 
-  ақпараттарды  жіктеуге  (классификациялауға)  уəкілеттігі  бар 
лауазымдарды (тұлғаларды) белгілеу; 
- құжаттарды жəне басқа да ақпарат негіздерін жіктеу, белгі салу, 
сондай-ақ,  оларды  қол  жеткізілуін  шектеу  шеңберінен  шығару 
(құпиялылығын алып тастау) тəртібі мен процедураларын белгілеу; 
-  ақпарат  негіздері  бойынша  жұмыс  жүргізудің  бірыңғай  тəртібін 
жасау  жəне  іске  қосу  (құжат  түзу,  есепке  алу,  жұмыс  жүргізу,  сақтау, 
көшірмелеу, тасымалдау, көбейту, жою тəртібі); 
-  тиісті  аттестациялаудан  кейін  коммерциялық  құпиясы  бар 
ақпарат  негіздерін  тұрақты  жəне  уақытша  сақтауға,  сол  негіздер 
бойынша жұмыс жүргізуге, сондай-ақ жабық мəжілістер өткізуге рұқсат 
етілген орындардың орналасу жоспарын жасау, есепке алу; 
-  бөлінген  (аттестацияланған)  орынға  өтудің  бірыңғай  тəртібін 
белгілеу шарт; 
Жабық  ақпараттар  мен  жіктелген  (құпияландырылған  немесе 
қорғауға  жататын)  ақпарат  негіздері  пайдаланылатын  жұмыс 
түрлерінің  бəрінде  де    атқарылатын  шараларды  жоспарлау,  жүзеге 
асыру  жəне  бақылау  процестері  коммерциялық  құпияға  қол  жеткізу 
құқы бар бөлімше басшылары мен мамандарының тікелей қатысуымен 
жүргізіледі. 
-  кəсіпорын  бөлімшелерінің  басшыларына  ақпарат  қорғау 
шараларын  əзірлеу  жəне  өткізу  кезінде,  ғылыми,  конструкторлық, 


 
196
өндірістік  жəне  өзге  де  жұмыстар  процесінде  əдістемелік  көмек 
көрсету; 
-  ашық  басылымдарда  жариялау  үшін,  конференцияларда, 
көрмелерде, 
жарнама 
қызметінде 
пайдалану 
мақсатымен 
материалдар  əзірлеу  кезінде  жəне  тапсырыс  берушілерге  арналған 
құжаттарды  ресімдеу  үстінде  коммерциялық  құпияның  жария 
болмауын  қамтамасыз  ететін  шараларды  мамандармен  бірлесе 
отырып дайындау жəне оны жүзеге асыру; 
-  сынау,  сақтау,  тасымалдау  кезінде  орындаушылар  мен 
кəсіпорын  мамандарының  қатысуы  бойынша    коммерциялық  құпиясы 
бар өнімдерді қорғау шараларын ұйымдастыру; 
- жабық мəжілістер өткізудің тəртібі мен бақылау ережесін жасау; 
-  өзге  фирмалар  өкілдерін,  іссапармен  келген  кісілерді,  бақылау 
органдары өкілдерін қабылдаудың режімдік шараларын белгілеу; 
- кəсіпорын мамандарымен бірігіп ақпарат тарататын техникалық 
құралдарды, 
сондай-ақ 
есептеу 
техникалары 
құралдарын 
(электрондық есептеу машиналары тетіктерін), есептеу құрылғыларын, 
өндірістік  шпионаждың  техникалық  құралдарына  қарсы  əрекет  ететін 
жүйелерді  қолдану  кезінде  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  шараларын 
əзірлеуге қатысу; 
-  кəсіпорынды,  қорғалатын  (бөлінген)  орындарды,  қоймаларды 
күзету  ісін  ұйымдастыру,  рұқсаттамалық  тəртіпті  жəне  объект  ішінде 
жүріп-тұру ережесін ендіру; 
-  күзеттің  техникалық  құралдарын  орнатуға  ұсыныстар  беру, 
оларды  монтаждау,  пайдалануға  беру,  жөндеу  жұмыстарын 
ұйымдастыру; 
-  коммерциялық  құпияға  қол  жеткізуге  құқы  бар  қызметкерлерді 
іріктеу жəне орналастыру ісіне қатысу шартты міндеттер. 
Қорғау  шараларының  бірі,  сөз  жоқ,  кадрлар  ауысуын  азайту 
бағытында жүргізілетін жұмыстар болып табылады. 
Ұйымдық  жəне  профилактикалық  жұмыстар  кезінде  нақты 
жағдайларды  есепке  ала  отырып,  бөлімше  басшыларымен  бірге 
қызметкерлердің  ақпаратты  қорғауға  деген  сындарлы  көзқарасын 
қалыптастыру қажет. 
Бүгінгі күні ақпарат негіздерін, соның ішінде электронды есептеу 
машиналары  аспаптарын  санкциясыз  жоюға  (сақтау,  өңдеу  жəне 
ақпарат  тарату  кезінде)  қарсы  алдын  алу  шаралары  бірінші  кезекке 
шығып тұр.  
Режимдік  талаптардың  орындалуын  бақылау:  комерциялық 
құпияларды  қорғау  жөнінде  қабылданған  шаралардың  сенімділігін 
бағалауға  байланысты  аналитикалық  зерттеу  жүргізу  жəне  бұл 
шаралардың тиімділігін арттыру бағытында ұсыныстар əзірлеу қажет. 
Коммерциялық  құпиясы  бар  ақпараттармен  жұмыс  жүргізу 
режімінің бұзылу фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізу; 


 
197
Қылмысты  істерге  əрекеттену  фактілерін  дер  кезінде  аңғарып 
отыру  үшін  қызметкерді  кабинетке,  автомашинаға,  автотұраққа, 
пəтерге 
санкциясыз 
кіруден 
қорғайтын 
(магнитофондар, 
кинокамералар  орнату),  басшыны  кəсіпорын  күзетімен  жасырын 
байланыстыратын техникалық құралдармен қамтамасыз ету; 
Өзгелерге  жария  етуге  болмайтын  (коммерциялық  құпия 
санатына енбейтін) ақпараттар тізімдемесін жасау; 
Қызметкерге  төніп  тұрған  қауіптің  нақты  түрлеріне  сəйкес  белгі, 
сипаттары бар ақпараттарды жинау; 
Кəсіпорында өзге жақтан келіп жөндеу, профилактика бағытында 
іс жүргізіп жатқан ұйымдардың жұмысына бақылау жасап отыру (қажет 
болған 
жағдайда 
жұмыс 
біткеннен 
кейін 
ол 
орындарға, 
автомашиналарға,  қондырғыларға,  аспаптарға  арнаулы  тексерулер 
жүргізіледі) керек.  
Ақпараттың  қорғалуын  қамтамасыз  ету  мақсатында  жіктелген 
(құпияланған,  қол  жеткізілуі  шектелген)  ақпараттар  салынатын 
негіздердің  (жеткізгіштердің)  категориялары  белгіленеді,  сондай-ақ, 
қызметкер, құжаттар, бұйымдар мен материалдар; сақайтын, өңдейтін 
жəне  ақпарат  беретін  техникалық  құралдар  нақтыланады,  физикалық 
сəулелену  жағдайы  айқындалады.  Ең  соңында  қорғау  жүйесі  схема 
түрінде 
белгіленіп, 
онда 
коммерциялық 
құпияны 
білетін 
қызметкерлердің нақты аты-жөні, жіктелген, яғни құпияланған құжаттар 
мен  бұйымдардың  аттары  (санаттары)  жазылады.  Схемада  осымен 
қатар  жұмыс  кезеңдері,  коммерциялық  құпияның    ақпараттық  негізге 
түсірілген  уақыты,  кəсіпорынның  өз  ішінде  жəне  сыртта  оны 
пайдаланған  жұмыс  орындары  мен  мерзімдері  көрсетіледі.  Мысалы, 
конструкторлық-тəжірибелік, 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын 
орындаушылардың  қызмет  орнындағы  есепті  мəліметтерінде; 
бұйымды  сынақ  орындарында  сынау  нəтижелері  жазылатын 
журналда;  шет  елдерде  қол  қойылатын  келісім-шарттарда;  нақты 
кабинеттерде  өтетін  есепті  мəжілістерге  қатысушылардың  мəліметтік 
хабарламаларында;  көбейткіштер  учаскесінде  жіктелген  құжаттарды 
көбейту  кезінде;  көрмелерге  қойылатын  бұйымдардың  үлгілерін 
жасауда жіктелген құжаттар негіздері пайдаланылуы мүмкін. 
Негізге  түсірілген  нақты  мəліметтер  бойынша  кəсіпорын 
(фирмадан)  аумағында  жəне  одан  тыс  жерлерде  жүргізілетін 
жұмыстардың  схемасы  жасалып,  сол  негіздің  қолданылуы  мүмкін 
орындар бағдары белгіленеді. 
Ақпараттың шетке шығып кетуімен күрес елеулі проблемалардың 
бірі  болып  қалып  отыр.  Кəсіпорынның  санкциясыз  орын  ауыстыруы 
бəсекелестер үшін коммерциялық құпияны біліп алуға қолайлы жағдай 
жасауы  мүмкін  екендігін  естен  шығармау  керек.  Сондықтан  мұндай 
жағдайларда мұқият болу шарт. 
Коммерциялық  құпиясы  бар  мəліметтерге  рұқсат  беру  мен  қол 
жеткізу жүйелерін нақты мəліметтер бойынша рұқсаттамалық қосымша 


 
198
жүйелерге  бөліп  жүргізу  ісі  қарастырылады.  Нақты  ақпараттың 
қорғалуына  байланысты  шараларды  кімнің  жүзеге  асыратыны, 
жіктелген,  яғни  құпияланған  деректер  бойынша  жұмыс  жүргізу 
процесіне кім жауап беретіні айқындалады. 
Үйлестіру  жөніндегі  шаралар  белгіленіп,  нақты  орындаушылар 
тағайындалады.    
Ақпаратты 
қорғауға 
қатысты 
тұлғалардың 
іс-əрекеттерін 
жандандыру жəне үйлестіру жөнінде жоспар жасалады. 
Қорғауды  қамтамасыз  ету  жөнінде  қабылданған  шаралардың 
сенімділігі тексеріледі. Атап айтқанда: 
-  коммерциялық  құпиясы  бар  ақпарат  негіздерін  кəсіпорыннан 
тыс жерлерге санкциясыз алып шығу əрекетінің алдын алу шаралары; 
-  тасымалдау,  тарату,  жеткізу  жұмыстары  кезінде  режімдік 
талаптарды сақтау, күзеттік бақылау жасау; 

шақырылған, 
іссапармен 
келген 
кісілердің 
кəсіпорын 
ақпараттарына қол жеткізуін ұйымдастыру; 
- мəжілістер, көрмелер, келіссөздер т.б. өткізу ісін ұйымдастыру; 
-  жабық  жұмыстар  мен  жабық  құжаттарға  рұқсаты  бар  кісілердің 
режім талаптарын білу деңгейі; 
-  сенімді  қоймалармен,    жабылатын  қондырғылармен,  мөр  салу 
құралдарымен қамтамасыз етілу деңгейі; 
- қызметкерлердің коммерциялық құпиясы бар негіздер бойынша 
(соның  ішінде  жіктелген,  яғни  құпияланған  ақпараттар  бойынша) 
жұмыс  жүргізу  үшін  лайықты  жұмыс  орнымен  қамтамасыз  етілу 
деңгейі; 

ғимараттарда, 
орын-жайларда, 
жалпы 
кəсіпорында 
рұқсаттамалық жəне ішкі режімнің жай-күйі; 
-  коммерциялық  құпиясы  бар  негіздерді  орындалу  жəне 
басқарылу дəрежелері бойынша тарату механизмі; 
-  нақты  қызметкерлер  топтарының  əрқандай  ақпарат  негіздері 
түрлеріне қол жеткізу негіздемесі; 
-  жұмыс  орындарында  ақпарат  негіздері  бойынша  жұмыс 
жүргізудің тəртібі; 
-  есептеу  техникалары  құралдарын  қолданудың  тəртібі 
(ақпараттарды алу, өңдеу, сақтау, шығару, тарату); 
- кəсіпорынның өз ішіндегі жəне сырттағы əріптестермен мəлімет 
алмасу тəртібі; 
-  мəліметтерді  жіктеу  жəне  жария  етудің  уақытқа  сəйкестігі  мен 
дұрыстығы; 
- көрмелер, конференциялар, симпозиумдар т.б. ұйымдастырып, 
өткізу; 
-  ұйымдық-əдістемелік  құжаттар  əзірлеу  ісінің  сапасы,  жұмыс 
жоспары  мен  ақпараттарды  қорғау  жөніндегі  арнайы  шаралардың  
орындалуы; 


 
199
-  кəсіпорын  басшылығы  талаптарының  орындалу  деңгейі  (оның 
қаншалықты толық орындалғандығы); 

қызметкерлер 
арасында 
жүргізілетін 
профилактикалық 
жұмыстардың жай-күйі; 
-  бөлімшелер  арасындағы  өзара  əрекеттестікті  ұйымдық-
əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету деңгейі; 
-  ақпаратты  іздестіру  мен  орындаушыларға  жеткізу  уақытының 
мөлшері; 
Талдаулар  ақпараттың  шетке  шығып  кетуіне  мүмкіндік  беретін 
əртүрлі  арналарды  жетілдіру  бағытындағы  жұмыстарды  да  қамтиды. 
Атап айтқанда: 
●  жабық  ақпараттарды  санкциясыз  алудың  мүмкін  болатын 
əдістері мен тəсілдері. 
Шетелдік  фирмалар  жіктелген,  яғни  құпияланған  ақпараттардың 
шетке  шығып  кетуіне  мүмкіндікті  неғұрлым  көбірек  ашатын  арналарға 
мыналарды жатқызады: 
● өзге фирмалармен бірігіп жұмыс жүргізу, келіссөздерге қатысу; 
●  фирмаларда  əртүрлі  лауазымдық  қызметтер  бойынша  жұмыс 
жүргізуге болатындығы туралы сырттан келген жалған сұраныстар; 
● өзгелердің фирмада болуы, экскурсиялар жасауы; 
●  фирмалар  сауда  өкілдерінің  шығарылған  бұйым  сипаттарына 
байланысты қарым-қатынас жасауы; 
● шектен тыс жарнамалау; 
● арадағы адамдар арқылы жабдықтау; 
●  шеттен  келген  мамандардың  кеңес    беруі,  жұмыс  барысында 
олардың фирма қондырғылары мен құжаттарына рұқсат алуы; 
● баспасөзде мақалалар жариялау, баяндамалар жасау; 
● кеңестер, конференциялар, симпозиумдер т.б.; 
● жұмыс орнынан тыс жерлердегі əңгімелер; 
●  фирма  басшылығына  көңілі  толмайтын,  қысым  көрген 
қызметкерлері. 
Коммерциялық  құпияны  қорғау  ісін  ұйымдастыру  кезінде 
бəсекелестер  мəлімет  жинаудың  мынадай  əдістері  мен  тəсілдерін 
қолдануы мүмкін екендігін ескеру қажет: 
● жеке кездесуде зерттелетін фирма қызметкерінен пікір тарту; 
● 
білгісі 
келетін 
мəселелер 
бойынша 
пікірталастар 
ұйымдастыруға көндіру; 
● кəсіпорындарға жəне жекелеген қызметкерлерге сауалнамалар 
мен анкеталар тарату; 
● ғылыми орталықтардың жəне ғалымдардың мамандармен жеке 
қатынас хаттар жазысуы. 
Бəсекелестер  тарапының  өкілдері      мəліметтер  жинау  үшін 
бірқатар  жағдайларда  ынтымақтастық  көкжиегін  анықтау,  бірлескен 
кəсіпорын  құру  жөніндегі  келіссөздер  жүргізу  жолын  пайдалануы 
мүмкін. 


 
200
Ынтымақтастықтың  мұндай  түрлері  өзге  ұйымдар  өкілдерінің 
құжаттар  бойынша  жұмыс  жүргізу  процестеріне  тікелей  араласуына, 
жұмыс орындарында болуына жол  береді, құжаттардың көшірмелерін 
алуға,  материалдардың  əрқилы  үлгілерін,  сынамаларын  алуға 
байланысты  мүмкіндіктерін  молайта  түседі.  Мұнымен  қоса  дамыған 
елдер тəжірибесінен байқалатындай, экономикалық бəскелестер заңға 
қайшы əрекеттерге, өндірістік шпионажға баруы да мүмкін. 
Қажетті ақпараттарды қолға түсірудің мүмкіндігі неғұрлым жоғары 
тəсілдері: 
● көзбен байқап, қадағалау; 
● тың тыңдау (біреудің сөздерін білдірмей тыңдау); 
● техникалық өзгерістерді бақылау; 
● тікелей сұрақ-жауап арқылы, барлау арқылы білу; 
●  материалдарды,  құжаттарды,  бұйымдарды  қарап,  шолып 
тексеру т.б.;  
● ашық құжаттар мен ақпараттық өзге де дерккөздерді жинау; 
● құжаттар мен ақпараттық өзге де дереккөздерді ұрлау; 
●  қажетті  мəліметтердің  бөлшектері  кездесетін  ақпараттық 
дереккөздерді мүмкіндігінше көптеп зерттеу. 
Талдама зерттеулер, мүмкін болатын қауіп түрлерін моделдеу ісі 
қажет  болған  жағдайда  қосымша  қорғаныс  шараларын  жасауға 
мүмкіндік  береді.  Осымен  бірге  олардың  орындалу  мүмкіндігіне, 
əдістемелік  материалдарының  болуына,  материалдық  қамтамасыз 
етілуіне,  қызметкердің  оларды  атқаруға  əзірлігі  жағдайларына  баға 
беру  қажет.  Жоспарлау  кезінде  коммерциялық  құпияның  сақталуын 
қамтамасыз  етудегі  кəсіпорында  орын  алып  отырған  кемшіліктер 
есепке алынуы тиіс.  
Қорғаныс  жүйесін  ұйымдастыру  жағдайы  фирмадағы  жалпы 
жағдаймен астасады. Осыған байланысты ондағы болып жатқан жəне 
болады  деп  күтілетін  өзгерістерді  есепке  алып  отыру  аса  маңызды 
жəйт. 
Осының  бəрінен  шығатын  қорытынды,  коммерциялық  құпиялар 
мен  жіктелген  (құпияланған  немесе  қорғауға  жататын)  ақпараттардың 
қорғалуын  ұйымдастыру  жүйесі  белгілі  бір  мерзімге  алдын-ала 
əзірленген  кешенді  режимдік  жəне  ұйымдық-техникалық  шаралар 
жиынтығы  болып  табылады.  Бұл  кешенді  шаралар  жиыны 
ақпараттардың  қорғалуын  қамтамасыз  етуді  жетілдіруге  бағытталған 
барлық  қызмет  түрлерін  қамтиды  жəне  ішкі,  сыртқы  жағдайлардың, 
сондай-ақ,  жауапкершілігі  нақты  тұлғаға  немесе  бөлімшеге  жүктелген 
іс-əрекеттің  белгілі  бір  тəртібіндегі  өзгерістер  де  есепке  алынып 
отырады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет