Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 ҚОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ ЖƏНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ



Pdf көрінісі
бет67/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   188
7. ҚОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ ЖƏНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ 
  
7.1.  Қоғам  жай  жəне  артықшылықты  акциялар  шығаруға  құқылы.  Акциялар 
құжатсыз нысанда шығарылады.  
7.2.  Акциялар  бөлінбейді.  Егер  акция  бірнеше  адамның  ортақ  меншігі 
құқығында  болса,  олардың  барлығы  бір  акционер  деп  саналады  жəне  өздерінің 
ортақ өкілі арқылы расталған акцияларының құқықтарын пайдаланады.  
7.3.  Қоғам  басқа  да  бағалы  қағаздар  шығаруға  құқылы,  оларды  шығару, 
орналастыру,  айналымға  шығару  жəне  өтеу  талабы  мен  тəртібі  Қазақстан 
Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарымен белгіленеді.  
7.4.  Жай  акция  акционерге  дауыс  беруге  қойылған  барлық  мəселелерді 
шешу  кезінде  дауыс  беру  құқығымен  акционерлердің  жалпы  жиналысына 
қатысуға,  Қоғамның  таза  кірісі  болған  кезде  дивидендтер  алуға,  сондай-ақ  ол 
таратылған кезде Қоғам мүлкінің бір бөлігіне құқықтар береді. 
7.5.  Жарияланған  акциялардың  шығарылымын  мемлекеттік  тіркеу  жəне 
Қоғамның  акциясын  орналастыру  нəтижелері  туралы  есепті  ұсыну  Қазақстан 
Республикасының  заңдарында  жəне  уəкілетті  орган  белгілеген  мерзімде  жəне 
тəртіппен жүзеге асырылады. 
7.6.  Қоғамның  акциялар  ұстаушыларының  тізілімін  қалыптастыруды, 
жүргізуді жəне сақтауды бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарға сəйкес тіркеуші 
жүзеге асырады. 
7.7.  Қоғамның  орналастырылған  акцияларын  сатып  алу  Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заңдарына сəйкес жүзеге асырылады. 
7.8. 
Акцияларды 
кепілге 
қою 
туралы 
мəселелер 
Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет