Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 Заң қызметі (заң кеңесшісі немесе заң бөлімі)



Pdf көрінісі
бет81/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   188
4. Заң қызметі (заң кеңесшісі немесе заң бөлімі). 
5.  Кадрлар  қызметі  (кадрлар  бөлімі  немесе  персоналдар 
бойынша менеджер). 
6. Өндірістік бөлім. 
7. Жоспарлау-экономика бөлімі. 
8. Маркетинг жəне өткізу (логистика жəне жарнама) бөлімі. 
9. Шаруашылық қызметі (жүргізуші, үй сыпырушы, күзетші). 
 
Əрине,  бұл  ұсынылып  отырған  ұйымдық  құрылымды  бірден-бір 
жақсы  құрылым  деп  айтуға  болмайды,  ол  өзге  де  қызмет 
орындарымен  толықтырылуы  мүмкін.  Ұйымдық  құрылымдарды 
жасағанда  бақылаушы  қызмет  орнын  енгізу  де  жиі  ұсынылады.  Ең 
бастысы,  жасалған  құрылым  қазіргі нарықтық  экономика  талаптарына 
сай  келуі  керек,  жақсы  басқарылып,  экономикалық табыс  əкелетіндей 
болуы тиіс. 
Ұйымдық  құрылым  мен  штат  кестесі  əдетте  қандай  да  бір  нақты 
күнге байланысты: компания қызметінің басталған күніне, жыл басына 
немесе  ұйымдық  сипаттағы  жəйттерге  (мəселен,  қайта  ұйымдастыру) 
сəйкес  бекітіледі.  Компанияның  өкілетті  орган  шешімімен  бекітілген 
штат кестесінде қызметкерлердің фамилиялары əдетте көрсетілмейді. 
Өйткені  вакансиялық  орын  толыққан  кезде  штаттық  кестеде 
көрсетілген əрбір нақты лауазым бойынша қабылданған əрбір тұлғаға 
бұйрық шығарылып, олармен жеке еңбек шарттары жасалады. 
Штат  кестесінде  бұрын  болып  келген  лауазымдарды  қысқарту 
немесе оған жаңа лауазымдар ендіру кезінде «Компанияның ұйымдық 
құрылымы  мен  штат  кестесіне  өзгерістер  енгізу  туралы»  бұйрық 
шығарылып,  онда  өзгерту  себептері  жазылады  жəне  қысқартылатын 
немесе жаңадан ендірілетін лауазымдар тізіп көрсетіледі. 
Компанияның ұйымдық құрылымы мен штат кестесін жасау жəне 
өзгерту  жұмыстарын  регламенттейтін  нормативтік  құжаттар  кадрлар 
қызметінде жəне мемлекеттік мұрағаттардың толықтыру көздері болып 
табылатын  ұйымдарда  тұрақты,  ал  басқа  жерлерде  –  10  жыл  уақыт 
сақталады. 


 
116
 
Компанияның  ұйымдық  құрылымы  мен  штат  мөлшері  түптеп 
келгенде  үлкен  кəсіби  стажы  бар  қызметкерлердің  тəжірибесі  мен 
кəсіби шеберлігі жас мамандардың қуат-жігерімен, кəсіпкерлік қызметті 
ұйымдастыруға деген жаңа көзқарастармен ұштасуы тиіс. 
 
Сонымен, 
штаттық 
кесте 
ұйым 
бөлімшелеріндегі 
қызметкерлердің  сандық  жəне  сапалық  құрамын,  сондай-ақ  олардың 
атқаратын  қызметтеріне  сəйкес  белгіленген  айлық  еңбекақыларының 
мөлшерін белгілейтін ұйымдық-құқықтық құжатты білдіреді.  
 
Штаттық кестенің құрылымы сол ұйымның құрылымын айнытпай 
қайталайды.  Құрылымдық  бөлімшелердің,  лауазымдардың  атауын 
кəсіпорын  басшысы  анықтайды.  Ол  көп  жағдайда  мынадай  тəртіпті 
ұстанады:  бірінші  кезекте  кəсіпорынның  басшылық  құрамы,  содан 
кейін  өндірістік  бөлімшелер,  қосалқы  жəне  қызмет  көрсетуші 
құрылымдар айқындалады. 
 
 Штаттық кестеге кəсіпорын басшысының орынбасары қол қояды, 
бухгалтер  бұрыштама  соғады,  ал  басшы  бекітеді.  Бекітемін  деген 
белгісі  бар  жерде  кəсіпорынның  жалпы  штаттық  саны  жəне  айлық 
еңбекақы қоры көрсетіледі. Белгі (гриф) мөрмен расталады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет