Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет87/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   188
5. Демалыстар 
 
5.1.  Кəсiпорынның    қызметкерлерi  бiр  жыл  iшiнде  30  күнтiзбелiк  күнге 
созылатын, жалақысы сақталатын еңбек демалысын ала алады. 
5.2.  Кəсiпорынның  басқа  қызметкерлерi  еңбек  шартын  жасаған  кезде 
ұзақтығы əрбiр нақты жағдайға байланысты белгiленген жыл сайынғы демалысты 
пайдаланады.  Бұл  ретте  жыл  сайынғы  еңбек  демалысының  ұзақтығы  18 
күнтiзбелiк күннен кем болмауға тиiс. 
5.3.  Кəсiпорын  қызметкерiнiң  жылдық  демалысты  алу  құқығы  егер  еңбек 
шартында өзгеше айтылмаса, еңбек қатынастары пайда болған күннен кейін 12 ай 
өткен соң мүмкін болады. 
5.4.  Жыл  сайынғы  демалыс  уақыты  алдын-ала  белгiленген  кесте  бойынша 
берiлуге тиiс. Егер қызметкердiң демалыс алған уақыты кəсiпорынның жұмысына 
зиян  тигiзетiн  болса,  онда  қызметкердiң  келiсiмiмен  демалыс  басқа  уақытқа 
жылжытылады. 
5.5.  Жоспарлы  демалыс  уақытының  басқа  мерзiмге  ауысқаны  туралы 
қызметкерге 30 күн бұрын хабарлау қажет. 
5.6.  Пайдаланылмаған  демалыс  қызметкердiң  келесi  жылғы  демалысына 
қосылып берiлуi мүмкiн, бiрақ жыл бойы демалыс алмаған қызметкер қажет болған 
жағдайда кейiнге қалдырылған демалыстың есебiнен ұзақтығы 12 күнтiзбелiк күнге 
демалыс алуға құқығы бар. 
5.7.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысын  екi  жыл  қатарынан  бермеуге  тыйым 
салынады, сонымен бiрге 2 жыл пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы төлеуге 
де болмайды. 
Екi  жылғы  еңбек  демалысын  қосып  алып,  демалыста  жүрген  кезде  жұмыс 
орнында  сақталатын  орташа  жалақының  мөлшерiн  анықтау  тəртiбi  кəсiпорынның 
iшкi тəртiбi туралы ережеде көрсетiледi. 
5.8.  Өндiрiстiк  маңызды  себептерге  байланысты  кəсiпорынның  басшысын 
немесе  қызметкерiн  оның  келiсiмi  бойынша  демалыстан  шақырып  алуға  болады. 
Бұл  туралы  шешiмдi  кəсiпорынның  директоры  немесе  оның  орынбасары 
қабылдайды. 
Қызметкердiң  жеке  басындағы  немесе  отбасындағы  жекелеген  жағдайларға 
байланысты кəсiпорын оған жалақысы сақталмайтын демалыс бере алады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет