Ашекеева Қ



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата14.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#114376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
╠ ─┼═╚┼╥╥└═╙ └ ╩ ╨ ╤╧┼ └°σΩσσΓα ─.╚

4.Әлеуметтендіру
(социализация) қызметі.
Адам баласы тек қоғамда ғана адам 
болып 
қалыптасады. 
Мәдениеттің 
әлеуметтендіру 
қызметі 
тұлғаны 
қалыптастырумен тікелей байланысты нышан. Жас нәресте ӛмірге келген сәттен-ақ 
этномәдени ортаға түседі және біртіндеп этномәдени, әлеуметтік құндылықтарды, 



рәсім-рәміздерді, жарғылықтарды игереді. Соның нәтижесінде мәдениет субъектісі 
ретінде қалыптасады.
Әлеуметтену дегеніміз адамның әлеуметтік мәнінің қалыптасуы.
От басында тәрбие беру, мектепте және жоғары оқу орындарында білім беру 
әлеуметтендіру процесінің үздіксіз буындары болып табылады.
Әлеуметтену процесінде құқықтық әлеуметтену ерекше орын алады. Құқықтық 
әлеуметтену – азаматтың ӛзінің әлеуметтік рӛлі мен қоғамдағы орнын толық түсініп, 
игеруі, әлеуметтік-құқықтық қатынастарға кеңінен тартылуы. Әлеуметтену адамның 
қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал етеді. Соның нәтижесінде оның 
әлеуметтік белсенділігі артады, мәдени құндылықтарды ӛндіріп, таратып, сақтау 
ісіне қабілетіне сай ат салысады. 
5.Қарым-қатынастық 
(коммуникативтік) 
қызметі.
Мәдениеттің 
басқа 
қызметтерімен және рәміз, білім жүйелерін ӛндірумен тығыз байланыста болады. 
Қарым-қатынас құралдарының ішінде тіл маңызды орын алады. Тіл коммуникация 
құралы ретінде адамның тікелей қатысуын (айтуын, естуін) қажет ететін 
болғандықтан да адамдар ұжымы ӛзара ұйымшыл, бӛлінбес бірлікте болады 
(Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева. “Мәдениеттану”. Алматы: “Раритет”, 2000 
ж. 49 б.) Тіл арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, ортақ пікірге келеді, ол адамдардың 
сұхбаттасуының алғышарты болып табылады. 
Қарым-қатынастың келесі бір құралдары – жазу мен мәтін жазуды игеру арқылы 
адам мәтінді оқиды және сол арқылы ӛзінен бірнеше ғасыр, тіпті мыңдаған жылдар 
бұрын ӛмір сүрген адамдармен тілдеседі, ӛткен ұрпақтың арман-мұратын, талап-
тілегін, тұрмыс-тіршілігін таниды. Мысалы, Орхон-Енисей жазбаларының мән-
мағынасын ашу бізге ата-бабаларымыздың рухын, мұң-мұқтажын, тарихын терең 
түсінуге мүмкіндік берді. Қазіргі қазақ халқының тарихы үшін бұл жазулардың 
ӛзектілігі күмән туғызбайды. Адамзат қоғамы дамыған сайын қарым-қатынас 
құралдары да күрделене береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет