Қатысты жағы басым екендігіне назар аударады. Алғашқы тҽңірлік бейненің қалыптасу кезеңдеріне тоқталады. Архетип бейнесінің ҿнерге қатысты жағы сҿз болады


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата09.02.2023
өлшемі446,61 Kb.
#66373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019 
 
 
47 
атасы – Қорқыт» деген бақсылар сарыны сақталған. Мұндағы «Құт» сҿзі үш ҽлемді 
аралайтын бақсылардың о дүниеден қайтатын жаны дегенді білдіреді. Соның үшін де 
Қорқыттың жаны ешқашан ҿлмек емес. Бақсылардың пірі ҿлілер дүниесіне кеткен аурудың 
жанын қайтарушы, ауруларды емдеуші сипатқа ие. Мұндай ұғым шамандық сенімде кеңінен 
тараған. «В первом – шаман, видимо, в начале камлания живописно охарактеризовал
Нижний мир и главных его владык, подчеркнул, что именно туда отправлялись люди 
после своей смерти. В конце рассказа указал на возможность шаманов «вернуть» из 
того мира кут (души) людей, болевших самыми тяжкими недугами (№ 137)» [14, 28-б.]. 
Ҿлілер ҽлемі немесе жер асты ҽлемі туралы түсініктер соңғы кезеңдерге шейін Сібір, 
Алтай халықтарында жақсы сақталғаны мҽлім. «Сахалардың ұғымында бақсы ҿзені жҽне 
ҽлем ағашы туралы ұғымдардың қабаттасып кеткенін аңғаруға болады: олар ҽлем ағашының 
тамырлары ҿлілер дүниесінде, ҿлілер теңізінде, діңгегі тірілер дүниесінде, бұтақтары 
жоғарғы дүниеде деп түсінген. Киктей ойуун «Тайахтах Салақ хатын» (Таяқты Салақ қатын) 
деген қызының аруағына арнап сарын айтқанда: «Ағаш қабығынан жасалған қайыққа мініп, 
ҿлілер суымен жүзейік!» - деп сарнаған» [4, 231-б.]. 
Қорқыт атаның ажалының жыланнан келуінің ҿзі арнайы зерттеуді қажет ететін 
дүниелердің бірі. Бұл жердегі жыланнан қорқу, ажалды жылан бейнесінде берудің мҽніне 
айрықша кҿңіл аударғанымыз дұрыс. Қазақтың кҿптеген кҿне аңыздарында тұтас бір 
қаланың ажалы жыланнан келуі немесе кереметті ҽуиенің ҿзі жыланға қауқар кҿрсете 
алмауында терең мҽн жатыр. Қорқыт қанша жыл ажалдан қашса да соңында ҿзін қалт 
жібермей бағып тұрған жыланға еш араша жасай алмай, амалсыздан мысы құриды. Ол 
туралы «Сиыршы мен Қорқыт» атты аңызда айтылады, онда былай деп келтірілген: «Дария 
ортасында Қорқыт қобызын тартып отыра береді. Бір кезде дария жағасын шаңдатқан жылан 
суға түсіп, Қорқытқа жақындай түседі. Дариядан ҽудем жерде ақ таяғына сүйеніп тұрған 
сиыршыны кҿріп, Қорқыт былай дейді: 
«Уай, адам баласы, мен қысылғанға қол ұшын берген Қорқыт едім. Ажалым анау 
жыланнан болар, түрі жаман. Халыққа сҽлем айт. Мен ҿлгеннен кейін осы дария жағасына 
жақын қоярсыздар», деп аманатын айтыпты. 
Қорқыт ҿлгеннен кейін сүйегін халық болып бірігіп, сиыршыға аманат еткен жеріне - 
осы Сырдария жағасына қойған екен» [15, 3-9-бб.]. 
Қорқыт атаға қаратылып айтылатын осы бір аңызға ұқсас аңыздар қазақ даласында 
кездесіп отырады. Соның бірі Тҿле би ауданы, Балдыберек ауылының жоғарғы жағындағы 
«Шүңкілдек» деп аталатын жайлауға қатысты аңыздың желісі де ұқсас болып келеді. 
Аңыздың айтылуына қарағанда ертеде сол жайлауды мекендеген бір бай болған екен. 
Байдың үйір-үйір жылқысы, қазына толы алтыны болса керек. Сонша дҽулетті адам болса да 
ҿзі қарақұрттан қорқатын ҽрі даусы шіңкілдеп шығатын адам екен. Еріккен бай бір күні 
ауылындағы бақсыны шақырып алып ҿзіне бал аштырыпты. Бақсы байдың тамырын ұстапты 
да оның ажалы қарақұрттан келетіндігін айтыпты. Қарақұрттың ыстық жерде жүретінін 
білетін бай тҿскейі салқын тау етегіндегі Сімбілдіге қарай кҿшіп кетеді. Біраз жыл таудың 
етегінде жайлаған бай тҿмендегі елге түсейін десе қарақұрттан қорқып, салқын ҽрі малға 
жайлы сол жайлауда отыра беріпті. Ҿзіне қажетті заттарды тҿмендегі ауылдан адам жіберіп 
алдырып отыруды дағдыға айналдырған екен. Шілденің ыстық күнінде бай бір жеміске 
ынтасы ауып, базарға адам жіберіп жеміс-жидек пен жүзім алдырыпты. Сҿйтсе сол жүзімдер 
арасында бір қарақұрт та ҿрмелеп келген екен. Байқаусызда жүзімге қолын салған бай сол 
қарақұрттың шағуынан жан тҽсілім еткен екен дейді. Ажалы қарақұрттан болған байды сол 
жерге жерлепті. Сол кезден бастап сол жайлау «Шүңкілдек» деп аталған екен [16, 58-59-бб.].
Бұл екі аңыздың да шығу тҿркіні бір-біріне жақын келеді. Бірі жыланнан қорқып қашса, 
екіншісі қарақұрттан қашады. Алайда екеуінің де ажалына сол жҽндіктер себепші болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет