182
жазушы пьесаларында поэтиканың басым болуы, іс –əрекеттердің мол болуы, ал сөздің аз да
болса, саз болып, нақтылап беру шеберлігіне қатты назар аударғанына куə боласыз [7].
Осы орайда Ғ. Слановтың мына бір сөздерін келтіре кеткенді жөн көрдік «Көп оқып, көп
тоқығанның арқасында ана тілінің түбірлерімен ұштасып жататын жаңа сөз, жаңа орамдар
табатын озғын тілмарлар тап осындай бейнетқорлардан шығады. Ал өз аулының сөздігінен
басқаға пысқырып, бұрын құлағына тимеген өзге өлкелер тілін ерсі көріп, осқырынып қарай-
тындар болса, оның сөздік қоры да тапшы, адымы да шау жатады.
Бір мысал. Сөз қорының молдығы жағынан да, тіл байлығын пайдаланудағы əр алуан
орамы, жаңа қолданыстар жөнінде де Мұқтар ағайға тілші ғалымдарымыз бен жазушы, қа-
лам қайраткерлері түгел ақ ден қоятын секілді. Орынды - ақ! Біздің ойымызша, осында екі
түрлі сыр бар- ау дейміз. Біріншіден, Мұқан «ана өлке тілге кедей, мынау бай, кəделі бұйым
онда көп те, мұнда жоқ» деп қарамастан, қай жерлің асылы болса да, іле жүріп, кəдеге жа-
райды ау дегенін жатсынбай қолдана біледі. Тегінде тілі кедейліктен өзге бір «бай» өлкеге
барып, қарызға тіл сұраған аймақ қашаннан жоқ. Шаруашылығының түріне, өзге көрші ха-
лықтармен аралас құраластығына , тұрмыс күйіне қарай əр өлкенің тілінде де ерекшелік бола
береді.
...Тілдің бояуы өте қажет нəрсе. Оқушыға ой салып, сипаттап отырған адамыңның қырла-
рын ашуға да аса қажет бояуы бар, нəрлі сөздер əдебиет қайраткерлерінің мүддесіне көбірек
жараса керек. Мұқаң тілдегі қасиеттер осындай қағидаға жүгінгеннен болып отыр-ау деймін.
...Ол кісі əр өлкенің байырға сөздерден жарасымды қолданып жүргенін мысалдардан айқын
көреміз.
Мұқаңның лексиконында «сəт сапар», «сын сағат» тəріздес жаңа тіркестер көрінген
сайын əдебиетшілеріміз іліп əкетіп қолданып жүр.
Мұқаңның əдеби тілімізді ұстарту, дамыту жөнінде сіңірген еңбегі мол. «Шынжыр қа-
тар бір топ патшалар» дегенін алайық. «Шынжыр қатар» деген жаңа атау. Бұл Мұқаң тапқан
көп игінің бірі. Тек «бір топ патшалар» деген көкейге қоныңқырамайды. «Бір топ» болғасын
ақ көптікті көрсепей ме? Ендеше «патшаға» тағы да көптік жалғаудың керегі бар ма? «Бір топ
кісі», «бір топ жаңы», «бір топ құс» деп айтыла бермейтін бе еді? Əлде Мұқаң мұны əдейі
солайша алып отыр ма?»
[8]
Өзімізге дейінгі жазушы тілін зерттеген əдебиетші, тілші ғалымдардың салған сүрле-
уімен тіліміздегі байырғы сөздердің қолданылуы, кірме сөздер, бұны орыс тілінен /орыс тілі
арқылы үнді-еуропа тілдерінен енген, араб, парсы тілдерінен енген деп жəне жазушының тек
өзінің ғана əрі стильдік, əрі жанрлық, əрі əдеби шеберлігін көрсететін сирек қолданылған
сөздер тобы деп жіктегенді жөн деп таптық
.
Достарыңызбен бөлісу: