Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет202/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   255
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Елбасы жолдауы 2018 ж.
2.www.bilimall.kz 
3. www.bilimall.kz 
4.Ақпараттық технология. Мұғалімдерге арналған ақпараттар
5. “Егемен Қазақстан тарихы: 20 жыл” 2011жыл, 11-бет
КƏСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Нұрмышева Ш.А.
Абылай хан атындағы ХҚ жəне ƏТУ филол.ғ.к. 
Annotation. In this article we consider the methods of formation of competence by the professional 
language with the help of role and game technologies. It reveals the eff ective aspects of the use and 
development of the state language as an interactive method at the level of the professional language.
Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарға үздіксіз сапалы білім беру 
мен қатар өз мамандықтарына сай кəсіби коммуникацияны меңгерту маңызды талаптардың 
бірі. Өйткені, қазақ тілі тек ауызекі сөйлеу тілі ғана емес, сонымен бірге еліміздің болашағы 
саналатын білімді жастардың кəсіби сөйлеу тіліне де айналуға тиісті. Сонымен қатар мемле-
кеттік тіл қызметін өрістетудің бір арнасы - студенттерге қазақ тілін мамандықтарына қаты-
сты меңгерту болып табылады. 
Ал кəсіби тіл дегеніміз белгілі бір мамандық, не кəсіп саласы шеңберінде жиі қолданыла-
тын тілдік құрылымдар жиынтығы.Сонымен қатар «кəсіби тіл - өз саласына сай терминоло-
гиясы, кəсіби-ғылыми ұғымдық аппараты бар, сөз қолданысы мен тіркесуінде қалыптасқан 
нормалары бар тіл» болып табылады. Бүгінгі студент –ертеңгі болашақ маман болғандықтан 
өзінің кəсіби тілінде, яғни мемлекеттік тілде қарым-мамандығына қатысты термин сөздерді 
меңгеріп, белсенді қолдана білуі тиіс. Осы себепті де ЖОО кəсіби қазақ тілі пəнінің атқарар 
қызметі зор.
Жалпы кəсіби қазақ тілі пəнінің мақсаты – «студенттерді кəсіби мамандығы бойынша 
тілдесуге үйрету; мамандыққа байланысты тілдік қатынасқа түсу үшін əр түрлі жағдаяттар 
құру арқылы тілдік қатынастың қажеттілігін түсіндіру; дұрыс сөйлеу қатысымның түрлерін 
үйрету. Сонымен қатар мамандыққа байланысты мəтіндерді меңгерту арқылы студентті бо-
лашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады». [1, 17].


352
Əрине, əр мамандықтың, кəсіптің өзіне тəн метатілдік бірліктері мыңдап саналады. Оның 
бəрін университет қабырғасында толық меңгеріп кету мүмкін емес. Бірақ күнделікті өздері 
оқып-тыңдап жүрген дəріс барысында өз мамандықтарына тікелей сəйкес келетін метатілдік 
біріліктердің мағынасын дендеп ұғынып, мемлекеттік тілде кəсіби сөйлеу-жазу құзіреттілі-
гін қалыптастыра алуы тиіс. Осы тұста «мамандыққа қатысты тілді меңгертуде: студенттерді 
кəсіби мамандығы бойынша тілдесуге үйрету; мамандыққа байланысты тілдік қатынасқа 
түсу үшін əр түрлі жағдаяттар құру арқылы тілдік қатынастың қажеттілігін түсіндіру; дұрыс 
сөйлеу қатысымның түрлерін үйрету» секілді талаптар қойылатыны анық.
Кəсіби қазақ тілі - практикалық пəн. «Кəсіби тілді меңгертуде сөз тіркестерімен оңтай-
ландырып алынған мамандыққа қатысты мəтіндермен, кəсіби терминдермен, сөздіктермен 
жұмыс түрлері жүргізіледі. Мамандықтарына байланысты шағын мəтіндер, сұхбаттар құра-
стыруға болады. Əр тақырыпқа сай сөздік жəне лексикалық минимум, сұрақтар беріледі. Əр 
сабақтан соң мазмұнына сай сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, қорытындылау мақсатын-
да түрлі рөлдік ойындар мен жағдаяттық тапсырмалар беріледі» [2]. Демек, қалай болғанда 
да болашақ мамандарының тілдік кешенді құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында оқы-
тылатын тақырыпқа байланысты мəтін беріледі. Мəтін ішінде кездесетін термндерді кəсіби 
прагматикада қолдана білу дағдыларын дамытып, еркін қолдана білу үшін кəсіби терминдер 
түсіндірме сөздік арқылы түсіндіріледі.
Дегенмен əр салаға қатысты кəсіби қазақ тілі пəнін оқыту күрделілігі əрқалай. Айталық, 
педагог, филолог мамандардың мамандығына ғана тəн кəсіби терминдері бірден аңғарылады, 
өйткені бұл пəндерге нақтылық пен ғылымилық, теория тəн. 
Ал журналистика мамандығы практикаға негізделген, қызмет ауқымы кең, тақырыпқа 
қатысты ақпараттар өте шапшаң өзгереді. Сондықтан да əртүрлі тақырыпта, экономика, са-
ясат, əлеуметтік аяға қатысты терминдердің молынан ұшырасуы пəнді күрделендіре түседі. 
Осы себепті де кəсіби дискурсты қалыптастыра түсу үшін пікірталастар мен сөзжарыстар, 
шағын мақалалар мен жарнамалық мəтіндермен шектеліп қана қалмау керек. БАҚ деректері-
не сүйене отырып апта сайын елімізде жəне əлемде болған ірі оқиғалар мен жағдайларға са-
раптама жасатып, себеп-салдарға өзіндік қорытынды түйдіріп отырған жөн секілді. Осылай-
ша болашақ журналист тақырып аясында қолданылатын терминдерді практика барысында 
түйсінумен қатар танымдық деңгейін көтеретін қосымша білім де алады.
Бұл тұрғыдан алғанда оқытушы кəсіби тілді меңгертудің əртүрлі технологиясы мен 
əдістерін молынан пайдалану міндеттеледі.Негізгі мақсатымыз –қалай болғанда да білім 
алушыларды еркін, жақсы əрі жатық сөйлеуге, сауатты жазуға ойын дəл жеткізуге баулу. 
Ойын – сондай технологиялардың бірі.Əрине, біз бұл жерде белгілі бір мамандық бойынша 
білім алып жатқан студенттерді мектеп оқушыларымен тең қоя алмаймыз.Студенттер үшін 
қолданылатын ойын технологияларының мақсаты əлдеқайда күрделірек, кəсіби-прагматика-
лық тілдік құзіреттіліктерді терең меңгерумен қатар кəсіби дисурсқа еркін түсе алу құзірет-
тілігін қалыптастыру болмақ.
Жоғарғы оқу орындарындаға сабақ барысында ойын технологгиясының рөлі қанша-
лықты маңызды? Негізінде кез-келген дидактикалық ойындар білім алушының ақыл-ой, қи-
сын белсенділігін қалыптастырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары 
бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді əрі пысықтауды көздейді. Əрі сабақ барысында 
жасалатын жұмысын түрлендіре түседі, олардың пəнге қызығушылығын оятып, ынта – ықы-
лас қоюға жетелейді. Ойын – дербес дидактикалық категория ретінде оқу үрдісінде атқарар 
қызметі зор. Кəсіби қазақ тілі сабағында ойын формаларын қолдану барысында интерактивті 
тақтаны да пайдалану да маңызды.
Əдетте тіл үйретудегі ойын түрлерін фонетикалық, орфографиялық, лексика-граммати-
калық, психо-техникалық, рөлдік, іскерлік ойындар деп қарастырамыз. Осы ойындардың 
ішіндегі кəсіби қазақ тілі пəні үшін өте тиімділерінің бірі – рөлдік жəне іскерлік ойын.


353
Рөлдік ойынның мəні: а) тіл үйренушінің сол тіл арқылы қатынас жасауына деген қы-
зығушылықтарын арттырады; ə) қажетті сөздерді неғүрлым көп меңгерсем, дүрыс жауап 
берсем деген ойды туғызады; б) ойын барысында тілдік қатынастар ерекше маңызға ие бо-
лады; в) тіл үйренушінің шет тілі пəні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады. 
Рөлдік ойындар студенттердің болашақ мамандығының ерекшелігімен толығырақ танысуға 
да септігін тигізеді. Зерттеушілердің пікірінше, «рөлдік ойын, оның табысы көп жағдайда 
оқытушыға байланысты. Ол мүғалімнің ұйымдастыру жəне өткізу қабілеттеріне қатысты». 
Іскерлік ойын дегеніміз – болашақ маманның кəсіби қызметін пəндік жəне əлеуметтік мазмұ-
нын, сол қызметте қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету. Іскерлік ойындарының негізгі пе-
дагогикалық мəні мынада: білім алушылардың ойын дамыту, танымдық белсенділігін қалыпта-
стыру, жағдаятты тереңірек түсініп, қисынды жауап беру, сауатты кəсіби сөйлеуге дағдыландыру.
Ендігі жерде рөлдік жəне іскерлік ойынның журналист мамандығы бойынша кəсіби қа-
зақ тілі пəнінде қолданысына назар аударып көрейік.
1.«Қайырлы таң, Университет!» рөлдік-іскерлік ойыны.
Бұл ойын өзіміз күнделікті теларналардан көріп жүрген ақпараттық көңіл көтеру бағдар-
ламаларына ұқсайды. Бірақ қалай болғанда да студент өзі ізденіп, сөйлеуге, ойын жеткізуге 
ұмтылады
Ойын тəртібі бойынша 2 жүргізуші студент ақпараттық, ойын-сауық хабарын жүргізеді. 
Хабар барысында əрбір жұп студент өздеріне тиесілі тапсырмаларды орындап шығуы тиіс. 
Жүргізушілер əртүрлі қызықты ақпараттар дайындап, арасында өзге студенттер орындай-
тын нөмірлерге сəтті жалғастырып отыруы тиіс. 1-жұп 3минуттық университет өмірінен 
бейнелі репортаж; 2-жұп «Пайдалы кеңес» айдарына 2 минуттық кеңес; 3-жұп шоу бизнес 
өкілдерінің өмірінен ақпарат; 4-жұп: спорт жаңалықтары; 5-жұп ауа айы; 6-жұп əлем жəне 
республика өмірінен жаңалықтар; 7-жұп жарнамалық нөмір дайындайды.
Ойын шарты: Студенттер сөйлеу барысында нағыз журналистерше сөз мəдениетін қатаң 
сақтап, айтылатын тақырыпқа байланысты мақал-мəтелдерді қолдана білуі тиіс.
Ойын мақсаты: Студентердің сауатты сөйлеу дағдылары мен ұйымдастырушылық қа-
білеттерін жетілдіру.
2. Рөлдік ойындар. а) Студенттер журналист,редактор, оқырман, блогерлер рөліне кіріп 
ойнайды. Журналист берілген тақырып бойынша əрқайсына əртүрлі сұрақ қоя отырып сұх-
баттасады. Қалған кейіпкерлер өзара пікіралмасады, ой жарыстырады.
ə) «Өз ойым». Студент телеарнаның бас директоры, редакторы рөлінде əртүрлі типтік 
жағдайда, əртүрлі дискурста сөйлеп ойнайды: 1. Сіз - жастар телеарнасының бас директоры-
сыз. Арнаңыздың хабарлары төменгі рейтнгке түскені сізді қатты алаңдатады. Қол астыңыздағы 
редакторлардан рейтингті қандай жолмен болса да, көтеру керектігін талап етесіз. 2.Сіз - үлкен 
шығынды талап ететін жаңа тележоба ұсынушы тəуелсіз студия редакторысыз. Өзіңіз ұсынған 
жобаның үлкен сұранысқа ие болып, еселеп пайда əкелетінін бас директорға дəлелдеңіз.
3. «Шұғыл репортаж» ойыны. Сізді редакция басшылығы белгілі бір жағдайға байланы-
сты репортаж түсіруге жіберді. Бірақ сіз жолда ойламаған жерден кездейсоқ төтенше оқиғаға 
(алапат өрт, қарулы тонау, көп көлік қатысқан, адам шығыны орын алған жол-көлік оқиғасы
митинг, топтық төбелес, билік өкілімен келісімге келе алмай жанжалдасу, т.б.) куəгер бол-
дыңыз. Журналист ретінде сізде суыт оқиға туралы бірінші болып ақпарат беру мүмкіндігі 
бар. Бірақ сізде дайындалып жатуға уақыт жоқ. Бірден қызу оқиға орнынан хабар түсіруіңіз 
керек. Аяқ астынан болған оқиға жөнінде тікелей эфирде бірден репортаж жүргізіңіз.
Ойын мақсаты: Студенттерге ойын шапшаң жинақтап, ой жинақтау дағдысын қалыпта-
стыру. Кəсіби сөйлеу құзіреттілігін дамыту.
Негізінде рольдік ойындардың басты қызметі –шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті 
ахуалды туғызады. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы 
ретінде пайдалануға ұмтылады.


354
Кəсіби қазақ тілі сабағында пайдалануға болатын ойындардың бір түрі – лексика-грам-
матикалық ойындар. Бұл ойын барысында студент кəсіби тілдік бірліктерді есте сақтау дағ-
дысын күшейтіп,, ауызша жəне жазбаша сөйлеу мəдениетін, сауаттылығын арттырады. Мы-
салы «Ретімен жеткіз» ойыны. 
а) Бүкіл топқа үй тапсырмасы ретінде тақырыпқа қатысты ақпараты мол 2-3 беттік мəтін 
бересіз. Мəтінді мұқият оқып келуді тапсырыңыз. Келер сабақта студенттер қолындағы 
мəтінді толық жинап аласыз да бірінші отырған студенттен бастап берілген мəтін бойынша 
бір-бір сөйлем айтуды талап етесіз. Айту барысында сөйлемдер бір-бірімен байланыс түзіп, 
тұтас мəтін құрауы тиіс.
ə) Егер топтың қазақ тілін білу деңгейі əртүрлі болса, сөздерді тіркестіру арқылы то-
лыққанды сөйлем құратуға болады
Ойын мақсаты: Студенттердің үйге берілген мəтінді толық оқығандығын бақылау.Есте 
сақтау қабілетін дамыту. Кəсіби сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
«Тұспалымды түсін» ойыны.
Студенттерді екі топқа бөлеміз.Оқытушы өткен тақырыптар бойынша кездескен, сөздік 
жасалған, түсіндірме берілген терминдерді мысалдар келтіру арқылы тұспалдап жеткізеді. 
Мысалы: «Оқиға болған жерден тікелей жасалатын ақпарат жанры» немесе «Өздеріңіз көріп 
отырғандай, дəл осы сəтте өтіп жатқан оқиға деп басталатын сөйлем журналистиканың қай 
жанрына тəн?» деген секілді. Қай топ бұрын айтылған мысалдардың қай терминге сəйкес 
келетінін анықтаса, сол топ 5 ұпайдан иеленіп отырады. 
Ойын мақсаты: Студенттің кəсіби тілдік құзіреттілігін арттырумен бірге логикалық қи-
мындастыру қабілетін жетілдіруге ықпал ету.Кəсіби терминдерді есте сақтауға, сөйлеу бары-
сында қолдануға дағдыландыру.
«Жасырын термин» ойыны. Ойын ережесі бойынша тақырыпқа қатысты терминдік ата-
улар шаршыларға салынған əріптер арасына белгілі бір жүйемен салынады. Шаршылар 
жанына сол терминдерге қатысты нақты əрі студентке түсінікті сұрақтар жазылады. Сол 
сұрақтарға сүйене отырып, студент жасырынған атауларды табуы тиіс. 
Ойының мақсаты: студенттің қисын жəне есте сақтау қабілеттерін дамытады, өткен са-
бақты пысықтап жəне нақтылауға дағдыландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет