142
беруі басты себеп болды. Жалпы термин, терминология мəселелерінің қоғам назарын ай-
рықша аудартып, қалың қауымның əңгіме арқауына айналып отыруына байланысты ұғым
атауының өзі де жұртшылық талқысына түсті. Əйтпесе бұл атау да 60 жылдан астам тілдік
қолданысымызда болып келген өзге де кірме сөздер сияқты лингвистикалық əдебиеттерде
өзгеріссіз қолданыла берер еді немесе тіл мамандарының өз арасында ғана талқыланар еді.
«Термин» атауын өзгертуді ұсынушылардың оған тағатын негізгі «міні» оның кірме сөз
екендігі. Біз ұлт тіліндегі термин шығармашылығын толық жолға қоюымыз керек. Ұлттық
терминқорымызды қалыптастыруда қазақ тілінің лексикалық байлығы мен сөзжасалым (сөз-
жасалым ᯊ䇽ἲ
) тəсілдерін барынша тійімді пайдалану қағидатын бірінші орынға қою қа-
жет. Алайда тіліміздегі кірме сөздердің бəрін төл сөзімізбен алмастыру, алдағы уақытта шет
тілдерінен сөз қабылдамау мүмкін емес екендігін түсінуге тиіспіз. Сондықтан да «термин»
сөзінің қолданыла бергені жөн. Ал «термін» түрінде тіліміздің дыбыстық жүйесіне икемдеп
алайық» деген ұсыныспен келісуге негіз бар.
20-, 30-жылдар аралығында жарық көрген кейбір басылымдарда бұл сөз «термін» түрін-
де қолданылған да болатын. Сол жылдары жарық көрген кейбір газет мақалаларында «тер-
мен» нұсқасы да қолданылды. Соңғы кезде
реліс (реліс), тəбіл (тəбіл), режім (режім), кəбіл
(кəбіл), пошта (пошта), шабадан (шабадан) сияқты терминдерді ресми бекіте басталғаны
белгілі.
Сонымен, қорыта айтқанда, «термин» (немесе «термін» ) сөзінің терминқорымызда қала
беруіне мынадай себептер бар:
Біріншіден, «термин» – тілімізде 80 жылдай уақыт қолданылып, тіл тұтынушылардың
санасына сіңіп, көзі үйреніп, құлағы тосырқамайтын жағдайға жеткен сөз. Бұл – психолинг-
вистикалық түрткіжайт. Мұнымен санаспауға болмайды.
Екіншіден, «термин» атауын халық жаппай қолданып келді. Соңғы үш ұрпақ қай əлеу-
меттік топқа жататындығына қарамастан, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары
мен əлеуметтік желілер арқылы осы сөзді тілдік норма ретінде қабылдады. Бұл – əлеуметтік
лингвистикалық түрткіжайт (фактор). Онымен де санасуға тура келеді.
Үшіншіден, бұл атау терминтану саласының тірек термині болып табылады. Термино-
логияны зерттейтін ғылымның атынан бастап, ондаған, жүздеген терминдер осы атаудан
туындаған немесе онымен тіркесу арқылы жасалған. Мысалы,
терминтану, терминология,
терминография, терминжасам, терминжүйе, термин шығармашылығы, терминологиялық
лексика, терминбөлшек сияқты көптеген терминдерді өзгеріске ұшыратып, бүкіл саланың
атауларын алмастыру – оңай жүзеге асатын іс емес.
Төртіншіден, жоғарыда ұсынылған баламалардың барлығы дерлік терминге қойылатын
талаптарға сай жасалып, ұғым мазмұнын дəл қамтып тұрған сəтті атаулар деп айта алмай-
мыз. «Пəнсөз» бен «Атау» сөздерінен өзгелері ұғым мазмұнын қамту жағынан да, атау сөзге
тəн қасиеттері жағынан да сəтті жасалған сөздер қатарына қосылып тұрған жоқ.
Сонымен, қазақ тілінің дыбыс тіркесіміне, үндесіміне, сөздің буын жігіне, тасымал реті-
не сəйкестіріп, «термін» деп алуды ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: