Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет23/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   343
  Н.Оралбай  “Проблемы  нулевой  формы  и  нулевого  слова  в  грамматическом  строе 

тюркских языков” (1976) деген мақаласында қазақ тілі ғана емес, жалпы түркі тілдерінде-

гі нөлдік форманы сөз етіп, оны тілдік фактілермен дəлелдеген. Н.Оралбай нөлдік морфе-

ма мəселесін əрі қарай зерттеп, 1986 жылы жарық көрген А.Қалыбаевамен бірге шығарған 

“Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі” атты монографияның нөлдік морфема мен нөлдік 

формаға бір тарауын арнады. Бұл еңбекте ғалым бұл мəселені жан-жақты зерттеп, оның те-

ориялық негізін жасады. Аталған монографияда нөлдік морфема тілдегі морфемалар жүй-

есінің бір мүшесі деп саналған, оның тілдің сөзжасам жүйесінен де, грамматика жүйесінен 

де кең орын алатынын дəлелдеген. Қазақ тілінде нөлдік морфема мен ол арқылы жасалатын 

сөздің нөлдік тұлғасы барын монографияда жан-жақты дəлелдеген. Атап айтқанда, нөлдік 

морфеманы  тілдік  таңба  теориясы  тұрғысынан,  нөлдік  морфеманы  мағыналық  оппозиция 

тұрғысынан, нөлдік морфеманы синтагма тұрғысынан жан-жақты дəлелдеген. Сонымен бір-

ге морфологиядағы сөз түрлендіретін парадигмалардан, яғни грамматикалық категориялар 

жүйесінде нөлдік морфема мен сөздің нөлдік тұлғасын нақтылы көрсетіп, оларды ғылыми 

негізде дəлелдеген. Айталық, септік жүйесіндегі атау септіктің, ілік, табыс, шығыс, көмектес 

септіктердің нөлдік морфемасы бары нақтылы тілдік деректермен дəлелденген. Сол сияқты 

тəуелдік  категориясының,  сандылық  категориясының,  бұйрық  райдың  нөлдік  морфемала-

ры, етістіктің болымдылық-болымсыздық категориясының болымдылық мағынасының нөл-

дік морфемасы, нақ осы шақтың нөлдік морфемасы жəне нөлдік тұлғалары бары теориялық 

тұрғыда,  нақтылы  тілдік  деректермен  дəлелденген.  Бұл  айтылғандардан  тілдегі  граммати-

калық категориялардың бəрінде нөлдік морфема мен нөлдік тұлғаның бары ғылыми негізде 

дəлелденді.

 Көмекші сөздер мəселесі – ғылымда көптен сөз болып келе жатқан мəселе. “Қазіргі қа-

зақ тілінің морфемалар жүйесі” атты монографияда Н.Оралбайқызы “Қазақ тіліндегі көмек-

шілер” тарауын жазып, онда қазақ тіліндегі көмекші сөздердің барлық түрін анықтаған. Ең-

бекте  көмекші  сөздердің  мына  түрлері  көрсетілген:  көмекші  есімдер,  көмекші  етістіктер, 

шылаулар, модаль сөздер, күшейткіш үстеулер. Осы көмекшілердің алғашқы үш түрі (көмек-

ші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар) аталып, танылып келгені белгілі. Ал модаль сөз-

дер мен күшейткіш үстеулерді көмекшілер қатарына қосқан, олардың көмекшілік қызметін 

ғылыми тұрғыда дəлелдеген Н.Оралбайқызы екенін атау қажет. Бұған еңбекте көмекшілердің 

түрлерінің анықталғаны - дəлел. 

 Профессор Н.Оралбайдың өте маңызды ғылыми табыстары, жетістіктері сөзжасам мəсе-

лесімен  байланысты.  Сөзжасам  грамматиканың  морфология  саласында  қаралып,  онда  əр 

сөз табының сөзжасамы қысқаша қамтылып келгені - белгілі жағдай. Ал сөзжасамның тіл 

білімінің дербес саласы екені «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген 1989 жылғы мо-

нографияда жан-жақты ғылыми негізде дəлелденді. 1990 жылдан бастап сөзжасам қазақ тілі 

мамандарын дайындайтын барлық жоғары оқу орындарында жеке пəн ретінде оқу жоспары-

на кіріп, оқытыла бастады. Бұл- қазақ тілі сөзжасамының дербес сала ретінде танылғанына 

дəлел. Ол осы мəселені ғылыми тұрғыда дəлелдеген Н.Оралбайдың ғылыми идеясының та-

нылғандығын білдіреді.

 Аталған монографияның «Сөзжасамның жалпы мəселелері» деген 100 беттен тұратын 

бөлімінде сөзжасамның өзіндік тілдік бірліктері, өзіндік сөзжасамдық тəсілдері, қалыптасу 




33

жолы,  ішкі  заңдылықтары  бары  тілдің  жеке  саласы  болуға  лайықты  екендігін  дəлелдеген. 

Монографияның осы бөлімінде сөзжасамның бірсыпыра жаңа мəселелері көтеріліп, ғылыми 

айналымға  қосылған.  Олар:  сөзжасамдық  талдау,  туынды  сөздердің  түрлері,  сөзжасамның 

негізділігі (уəждемелік), сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тип, сөзжасам-

дық  мағына,  сөзжасамдық  үлгі,  сөзжасам  тəсілдері  жаңаша  қарастырылған.  Монография-

дағы осы жаңа мəселелердің авторы профессор Н.Оралбай екенін ерекше атау керек.

  Монографияда  автор  дəлелдеген  мəселелер  ғылымда  танылып,  одан  ары  дамытылып 

жүргендігіне мынадай дəлелдер келтіруге болады: 1) ғалым көтерген жаңа ғылыми мəселелер 

жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ тілі сөзжасамы» (2002) оқулығына енді; 2) «Қазақ 

грамматикасы»  деген  үлкен  еңбектен  Н.Оралбайдың  сөзжасам  мəселелері  туралы  ғылыми 

идеялары қомақты орын алды; 3) Ғалымның сөзжасам мəселесіндегі ғылыми жаңа идеялары 

ғылыми еңбектерінде дамытылды. Бұл əрбір ғалым арман еткен жағдай екенін ерекше атаған 

дұрыс. Ғалымның тағы бір ғылыми идеясы күрделі сөздерге байланысты. Н.Оралбайқызы 

күрделі  сөздердің  толық  лексикалық  мағыналы  екі  я  одан  да  көп  сөздерден  жасалатынын 

ғылыми тұрғыда дəлелдеп берді. Ғалым еңбегінде негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі күр-

делі сөз жасайды деген теориясының қателігін дəлелдейді.

 Осы аталғандары қорыта келгенде, Н.Оралбайқызы қазақ тілінің сөзжасам саласының 

жаңаша ғылыми негізін қалаушы болды деп толық айта аламыз.

 Ғалымның ғылыми-ұстаздық қызметі, ғылымдағы дамытудағы, ғалым мамандар дайын-

даудағы еңбектері Республика Үкіметі тарапынан бағаланып, оған 1960 жылы Қазақ ССР-нің 

Жоғары Советінің Грамотасы, 1968 жылы Қазақ ССР-нің оқу-ағарту ісінің үздігі атағы, 1987 

жылы  «Еңбек  ардагері»  медалі  берілді.  1989  жылы  «Қазақ  ССР-нің  еңбек  сіңірген  ғылым 

қайраткері»  атағымен  марапатталды.  2003  жылы  «Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

ісінің құрметті қайраткері», 2005 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы-

ның академигі атағы берілді. 

 Н.Оралбай - қазақ тілін оқыту əдістемесі ғылымының тарихи тұрғыдан шынайы ғылы-

ми-зерттеу жұмысының нысанына айналып, жан-жақты дамып, өзекті мəселелерінің басын 

ашуда өлшеусіз үлес қосқан қайраткер ғалым.Қазақ тілін оқыту əдістемесі ғылымының бү-

гінгі тарихи тұрғыдан дамуы жолында қарама-қайшылықты қандай мəселелер болсын, ға-

лымның ізденістерінен елеусіз, шеткері қалған емес.

 Нұржамал Оралбайқызы - жоғары білім беру жүйесінде қазақ тілі мамандарын дайын-

дау сапасын арттыру, ғылыми кадрларды даярлау, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқы-

тып-үйрету мəселелері, оқу-əдістемелік кешен жасау т.б. ауқымды міндеттерді шешуде жіті 

көзқарас танытып, келелі ой қозғап, ғылыми тұжырымдар айтқан дана ғалым. Егемендігін 

еншілеп отырған еліміздің өркениетін дамытуда ұлтжанды ұрпақты тəрбиелеу жолында ұлт-

тық кадр мамандарын даярлауда ғалымның еңбегі ұланғайыр.Ең алдымен ғалымнын жоғары 

білім беру жүйесінде қазақ тілі мен əдебиеті саласында білікті маман даярлаудағы кешенді 

зерттеулерінің маңызы ерекше.

  Білім  мазмұнының  ғылыми  негіздегі  құрылымының  айқындығы  оның  қарастыратын 

нысанын да нақтылай түспек, олай деуіміздің мəнісі білім мазмұны, оны анықтау – дидак-

тикадағы  өте  күрделі  көпжақты  мəселе  екендігі.  Осы  тұрғыдан,  дидактиканың  теориялық 

негіздерінің басты аспектілерінің бірі – білім мазмұнын айқындау.

 Оқу бағдарламасы – оқу пəнінің мазмұнын анықтайтын пəн бойынша игерілетін білім, 

іскерлік,  дағдылар  жүйесін  белгілейтін  нормативті  мемлекеттік  құжат.  Н.Оралбай  жаңаша 

сараланған, типтік оқу бағдарламалары ЖОО мамандарының түпқазығы етіп ұстанған басты 

бағдар болды. Осы тұрғысынан келгенде, Н.Оралбайдың мына еңбектерін ерекше атап өтуге 

болады:  «Қазіргі  қазақ  тілі  морфологиясының  бағдарламасы»  (1992,  1994,  2001),  «Қазіргі 

қазақ тілі сөзжасам жүйесінен» типтік бағдарлама (2001), «Практикалық қазақ тілі бағдар-

ламасы» (1997), магистранттарға арналған «Қазақ тілі жалпы курсының бағдарламасы» т.б. 




34

Қазақстан  Республикасы  Білім  министрлігінің  оқу-əдістемелік  бірлестігі  бекіткен  аталған 

бағдарламалар тіл ғылымының жетістіктері негізінде түзілген жаңаша танымға негізделген 

бағдарламалар болды. 

 Жоғары мектеп оқулығы - пəн бойынша ғылыми білім мазмұнын анықтайтын, бірізділік 

ұстанымы негізінде тақырыптарды орналастыруды ретімен қамтамасыз ететін, арнайы кəсіби 

біліктіліктің қалыптасуына негіз болатын оқу субьектілерінің əрекетін үйлестіретін кешенді, 

ақпараттық  құрылымы  күрделі,  көп  аспектілі  дидактикалық  жүйе.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 

ғалымның ЖОО-да студенттерге арналған «Қазақ тілі морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет