Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ТУҒАН ТІЛДІҢ ТҰҒЫРЫН БИІКТЕТКЕН



Pdf көрінісі
бет8/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   343
ТУҒАН ТІЛДІҢ ТҰҒЫРЫН БИІКТЕТКЕН

Өмірзақ Айтбайұлы

«Халықаралық қазақ тілі» қоғамының президенті, ҚР ҰҒА академигі, 

филология ғылымдарының докторы, профессор

Қойны-қонышы құтқа толған қасиетті қазақ даласы талай текті ұл-қыздарды өмірге əкел-

ді. Олар Жаратқан сыйға тартқан жарық ғұмырларын туған халқының сан-салалы ғылымда-

рының өркендеуіне арнады. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дегендей, ата жолын, 

аға буындар салып кеткен тіл ғылымының жолын қуып, жоғын жоқтап, кемін түгендеп өт-

кен асылдарымыз қаншама?! «Лингвистика» дейтін осынау ұшы-қиырсыз ілім дүниесіне ел 

жүгін арқалайтын ерлер ғана емес, аймаңдай аруларымыздың өлшеусіз еңбек етуі – халық 

болып алқауға тұрарлық іс. Олар зерттеу ісінің желісімен ғана жағалап жүрмей, тіл ғылымын 

тың арнаға бұруға талпынды. Ұзын да бұралаң тарихтың сынынан өткен қазақ халқы сондай 



8

ұл-қыздарымен  мақтанады.  Академик  Рабиға  Сыздықовадан  кейін  бірегей  білімімен  көзге 

түскен көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбай-

қызының елге қосқан елеулі еңбегін қара орман халқы қалай алқаса да татиды. 

Алдымыздағы бір буын тоқсан деген толағай жасқа жетті. Қазақ жұртының ең киелі бол-

мысының  бірі  саналатын  тіл  ғылымымен  айналысып,  соған  бойдағы  күш-қайратын  арнап 

келе жатқан əріптестерімнің бүгінгі таңда тоқсанның биігіне шығып, құрмет төрінде отыруы 

– мен үшін де қуанышты жайт. Солардың қатарында биылғы мамыражай мамыр айында ел 

болып төбесіне көтеріп, еселі еңбегін бағалап жатқан Нұржамал Оралбайқызы да бар.

Біз  атап  отырған  лингвистикадағы  ілгерілеушіліктер  мен  жаңалықтар  аспаннан  түсе 

салған жоқ. Ол осы салада ізденген ғалымдардың салып кеткен сара жолынан жаңылмай келе 

жатқан кейінгі буындардың ғылым мен тілдің киесіне деген адалдығының арқасында біртін-

деп пайда болады. Ғылымда жаңалық ашу дегеніңіз – теңдессіз іс. Ол – ұзақ уақытта жемісін 

беретін  ұлы  еңбек.  А.Байтұрсынұлы,  Е.Омарұлы,  Қ.Жұбанов,  М.Балақаев,  І.Кеңесбаев,  Ə. 

Қайдар, Р.Сыздық, Ш. Сарыбаевтар – осындай талмай іздену, зерттеу нəтижесінде еңбегімен 

ел  құрметіне  бөленген  тұлғалар.  Ал  бүгінге  дейін  осы  ұстаздардың  ұстанымын  үлгі  етіп, 

тіл зерттеу ісінде өзіндік ұстанымы, өзіндік тұжырымы бар, өнегелі ілімнің ақтаңдақ жағын 

толтырған тілші-ғалымдардың арамыздан көптеп табылуы – ел үшін де, ертеңіміз үшін де 

үлкен жетістік. 

Киелі  Баянауыл  жерінде  өмірге  келген  талантты  ғалым  қазақ  тіл  ғылымының  өзге  са-

лаларында зиялы қауымға кесек еңбектер ұсынды. Атап айтар болсақ, «Қазан төңкерісінен 

кейінгі  кезеңдегі  қазақ  жазуының  тарихы»  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертациясы, 

«Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары» деген тақырыпта докторлық диссерта-

циясы, «Байтұрсынұлының əліппесінің əдістемелік негізі», «Жұбанов жəне қазақ тіл білімі» 

т.с.с. зерттеу жұмыстары мен баяндамалары арқылы өзіндік ойын, батыл ұстанымын жеткізе 

білді. Ол қазақ тіл теориясымен қатар қазақ тілін оқыту əдістемесін де зерттеп, елеулі та-

быстарға қол жеткізген. Осы қол жеткізген табыстарын жас ұрпақтың санасына сəуле құю 

жолына арнай білді. 

Нұржамал Оралбай қазақ тіл білімінің жазу тарихы, графика, орфография мəселелерімен, 

қазақ тілінің морфология жəне сөзжасам салаларын зерттеумен шұғылданғаннын қатарлас 

ғалымдар жақсы біледі əрі жоғары бағалайды. Сол аталған салалар ішіндегі шоқтығы биік 

еңбегінің бірі сөзжасам ісіндегі жұмыстары деп қарауға боладын. Осыдан отыз жыл бұрын 

А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  грамматика  бөлімі  қызметкерлері  М.

Балақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенова, Е.Жанпейісов, С.Нұрқатов, Н.Оралбайдың қатысуымен 

«Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі»  атты  монография  жарыққа  шықты.  Бұл  моногра-

фия арқылы қазақ тілі сөзжасамының теориялық негізі қаланды. Осыған ілесе «Қазіргі қа-

зақ тіліндегі сан есімнің сөзжасамы» атты Нұржамал Оралбайдың монографиясы қосылды. 

Қазақ тіл білімінде сөзжасам жайы сөз бола қалса-ақ, əр зерттеушінің ойына Н.Оралбайдың 

еңбектері оралады. 

Тілімізге тиек болып отырған Н.Оралбайқызының еңбектерінің ішінде «Қазақ тілінде-

гі етістіктің  аналитикалық форманттары» («Аналитические формы глагола  в  современном 

казахском языке») атты докторлық диссертациясының орны бөлек. Н.Оралбаева түркі тіл-

дерінде, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі көрініс категориясының зерттелуін сипаттай келіп, 

бұл категорияның қазақ тіліне тəн емес екенін, аналитикалық формалардың білдіретін мағы-

насы қимылдың өту сипаты категориясына жататынын көрсетті. Ғалым: «Cистему значений 

и средств, показывающих, каким образом совершается то или иное действие, мы называем 

способами действия», – деп анықтама бере келіп, қимылдың өту категориясының 12 түрін, 

кейінірек «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық форманттары» деген еңбегін-

де 14 түрін көрсетеді. Н.Оралбаеваның көмекші етістіктерді көмекшілік қызметке көшудегі 

ерекшеліктеріне қарай: а) алғашқы (омонимі бар) көмекші етістіктер: ал, бер, бол, бар, бақ, 




9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет