КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР ТІЛІНДЕГІ ДИАЛЕКТИЗМДЕР МЕН ҚАРАПАЙЫМ СӨЗДЕР Аннотация: мақалада көркем шығармалар тіліндегі диалектизмдер мен қарапайым сөздер туралы сөз болады. Диалектілік ерекшеліктерді көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданғандығы қарастырылады. Ойды бейнелеп көркем жеткізуде кейіпкер тіліндегі диалектизмдер мен қарапайым сөздердің атқарар рөлі ерекше екеніне көз жеткіземіз. Олардың әрқайсысы өз зерттеу нысаны бойынша түрлі аспектіде қарастырылады. Тірек сөздер: диалектизм, қарапайым сөздер,әдеби тіл, этнография, лексика,
семантика, стиль.