Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет36/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   204
 
 Қаламгер  қазақ  әдебиетінде  жаңа  тың  ізденістерге  барды.  Осы  бағытта  әңгімелерінде  өмір, 
қоғам  бейнесін  көрсететін  символдық  бейнелерді  қолдану  арқылы  тануға  тырысады. 
Күнделікті  өмірден,  дүниеден  жоғары  құндылықтарға,  мәселелерге  қарай  жетуге 
ұмтылатыны танылады. 
Символ  -  бейнелеу.  Айтайын  дегенін  ашып  айтпай  астарлап,  басқа  бір  нәрсенің 
бейнесінде  суреттеу.  Жазушы  жасаған  сөз  образы  тура  өз  мағынасында  емес,  бейнелеу 
мағынасында айтылса, символдық образ немесе символ деп аталады.  
Символ    ұғымы  алғаш  ежелгі  грек  тілінде  пайда  болып,  одан  латын  тіліне  еніп,  ХVІ 
ғасырдың  басында  неміс  тілінің  сөздік  қорында  қолданылған.  Бұл  ұғым  –  мағыналық 
образды,  түйсіктік  танымды  білдіруге  қолданылатын  терең  мазмұндық  сипатқа  ие.  Символ 
адам санасының даму тарихында қалыптасқан көне категорияның бірі. Символданған бейне, 
көбінесе  нақты  мағынадан  ажырап,  орнына  астарлы,  айшықты,  бейнелі,  меңзеулік  мәнді 
иеленеді.    Рухани  тәжірибелер  үрдісінде  өмір  сүру  үшін  халықтар  дүниетанымдық 
құндылықтарын  мәдени  архетиптік,  образдық  формада  құрады.  Олардың  рухани  жадысы 
табиғат,  кеңістік пен  уақыт, моральдық адамгершілік құндылықтар, ел мен жер, намыс пен 
ар-ождан,  тілі  мен  дін  сияқты  ұғымдарды  айқындайтын    құбылыстармен  айшықталады. 
Символ    халықтардың  рухани  және  материалдық  мәдениетінің  ақиқат  болмысын 
айқындайды. 
 Жалпы,  символдық  бейнелер  поэтикалық  шығармаларға  қарағанда,  прозалық  туындыларда 
аз кездеседі.  


98 
 
Асқар  Алтайдың  әңгімелеріндегі  символдық  бейнелер  жаңашыл  қалыпқа  негізделген 
бейнелер. Бұған жазушының «Казино» жинағындағы «Казино», «Түсік», «Киллер-сауысқан»  
әңгімелері  айғақ.    Асқар  Алтайдың  әрбір  әңгімесі  идеясы    мен  мазмұн  жүйесі  бір-біріне 
ұқсамайды. Оқыс оқиғалар көкірегі ояу адамды селк еткізері анық. 
Адамзат  өз  болмысы  мен  танымында  өтпелі  ғұмыр  мен  өлімді  ойлауы  – 
бес күндік жалғанның алғышарты іспеттес. Бұл әдебиетте ертеден желі тартқан 
тақырып. Мәселен, Абай мен Баласағұн шығармаларында адамдық қасиет пен 
адамгершілік  мұрат  терең  қозғалады.  Екі  ақын  да  адамгершілік  қасиеттің 
негізін  ізгіліктен  тапқанымен,  адамдағы  осы  қасиеттерді  өзге  амалы 
түгесілгенде,  арнайы  өлімді  айту  арқылы  сақтап  қалуға  тырысады.  Абайдың 
философиясындағы “адам баласы жылап туады, кейіп өледі” деуі, өзі былай да 
өлшеулі  ғұмырды  өкінішке  ұрындырма  дегені.  Бұл  философиялық  тағылым 
уақыт зымырай келе жойылып келе жатыр...
 
Жазушының  «Казино»  әңгімесінде  жаңа  заман  адамдарының  өмірін  жаңа  тұрғыдан, 
аталған  философиялық  тағылымыды  бұзып,  құдайсыз  қоғам  мен  имансыз  адам  бейнелері 
шығарма өзегіне айналған. 
«Құдайсыз  қоғамға,  имансыз  адамға  бәрі  рұқсат...  ештеңе  жат  емес  екен.  Ал  мұндай 
мұндар  дүниеде  өртті  жүрек,  дертті  сана  ақылға  қонақ  бермей,  асау  сезімге  ғана  бой 
алдырмақ...» деп басталған әңгіме қазіргі кезде өзекті мәселеге айналған моральдық, рухани 
құндылықтардан  айырылған  қоғамды  бейнелейді.  Әңгіменің  басты  кейіпкері    – 
«кэнбешниктің» қырықтан асқан баласы Жошы. Жошының тамағы тоқ, көйлегі көк. Таңнан 
кешке  дейін  сауық-сайран  құрып,  баратын  жері  –  Казино.  Нәпсі  құмарын  басу  үшін, 
Казинода  жұмыс  жасайтын  сұлу  Есілаймен  кездеседі.  Жошы  бұрын  үйленген,  сәби  де 
сүйген,  неге  екені  белгісіз,  әйел  затына  деген  суық,  жат  сезім  бар  бойында.  Сол  сезім 
ажырастырып  та  жіберді.  Ол  әрекетіне  титтей  өкінген  жоқ.  Тіпті  бауыр  еті  –  баласына  да 
суып кеткен.  
Жошы  оқырманға  болмысынан  қатыгездікке  жақын  болып  көрінгенімен,  бұл 
қатігездіктін дәні бала кезінде себілгенін әңгімені оқу барысында байқауға болады. 
Бақсақ, қатыгездіктің дәмін еккен әке-шешесі және сүйген қызы.  
Жошы  Құдайға  сенбейді,  өлімнен  қорқпайды.  Оның  имандылықтан  бар  білетіні  – 
Бісіміллә Рахман Рахым. Одан өзгенің бәрі  – нәпсі қалауы. Істеп жүрген тірлігі  – арақ ішу, 
құмар ойыны, экстези қолдану, зинақорлық – бәрі-бәрі күнәлі істер. Жаратылысынан Жошы 
жаман  адам  емес.  Күнәлі,  жиіркенішті  іс-әрекетін  саналы  түрде  істегенмен,  оған  өзі  қатты 
өкінетінін байқаймыз. Нәпсінің, шайтанның арбауына шырмалып, тек одан шығудың жолын 
білмейді. 
Жошы  сынды  құдайсыз,  имансыз  адамдардың  жанында  шайтан  жүретіні  хақ,    жаман 
істерге бағыттап, санасыз әрекетке ұрындырып, адам болмысына жаманшылық қасиеттерді 
бойына  сіңдіреді.   Бір  қызығы,  адам  баласы  жаман  істерге  тез  бейімделіп,  әдет  қылады,  ал 
жақсылыққа  бейімделуі  сәл  қиындау.  Әңгімеде  Жошы  адам  тұлғасында  келген  «сапалақ 
тұлғамен» тілдеседі. 
«...Қып-қызыл оттың ортасы... Жан-жағының бәрі лапылдаған, ұйытқыған жалын... 
- Сен кімсің? 
-Ажалмын. 
Жошының бойына қорқыныш кірді. Қолы дірілдеп, көлігі де қу түлкінің құйрығындай 
бұлғаң-бұлғаң қақты. 
-Өтірік! 
-Сенбейсің бе? Онда көзіңе көрінейін. 
Оң  жағындағы  жолаушы  отыратын  орында  әлдебіреу  пайда  болды.  Өзі  қырын  отыр. 
Пошымы – адам. Бірақ не әйел, не еркек емес екені – жұмбақ. Жошы енді шыңдап састы. [1, 
13  б.].    Бұл  сапалақ  тұлға  –  сапалақ  тұлғасында  келген  ажал-шайтан  –  символдық  бейне. 


99 
 
Әдетте  шайтан  теріс  іске  итермелеуші,  ал,  періште  оң  жолға  үгіттеуші  символдық  бейне 
ретінде  алынатынын  бағамдасақ,  сондай  арбаушымен  адамдардың  қатар  тұруының  өзі 
қоғамдық ортадағы азып-тозу деңгейін көзге ұрады. Шайтан көркем шығармаларды әр түрлі 
символдық  бейнелерде  кездеседі.  Аталған  әңгімедегі  шайтанның  символдық  бейнесі  – 
шыны-адамзаттың, шыны-қоғамның шытынағыш, өзгергіш, бұзылғыш екеніне дәлел.  
Ақырында, Жошы  жанына күмән мен сенімсіздік қасиеттерін ұялатып, сапалақ тұлға 
ғайып болады. Шығарманың соңы оқырман қауымына табысталады.  
Қай  адам,  қай  қоғам  болсын,  өз  жағдайын  өзі  өзгертпесе,  олардың  жағдайын  Алла 
өзгертпейді. Өйткені өмір  – бір ғана мүмкіндік. Қатыгездіктен де, жақсылықтан да тұрады. 
Жарық жалғанды жалпағынан басып, ойға келгенін істеп жүргендер аз емес. 
Шайтанға бауыр болмас үшін адам баласы өзін-өзі жақсылыққа бейімдеу керек. Адам 
баласын азғындыратын жағымсыз істерден бас тарту керек!.. 
Жазушының  «Түсік»  әңгімесі  кейіпкердің  ішкі  және  сыртқы  жан  дүниесін,  сырын 
таытқан керемет шеберлік көрініс береді.  
Әңгіме басы төмендегідей басталады: 
«Түлен түртті пендені... 
Түсінде түсік көрді. Түсік – түсік емес, түсікке айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан 
иесі екен. Ештеңемен ісі жоқ. Жөнімен жүзіп жүр. 
Жүзіп  жүрген  мекені  –  жатыр.  Биттің  қабығындай  жұқа  жатыр  іші  –  жұмбақ  әлем. 
Жұқа  жарғақ  жарылып  кетердей  толқып-толқып  қояды.  Жұмсақ  құрсақ  баяғы  балалық 
шағында  шаңырақта  үрлеулі  тұрған  қарындай  шайқала  толқығанда,  көгілдір  әлемде 
балықтай 
жүзген 
бұл 
бесіктей 
тербеледі. 
Бірақ 
тұншықпайды. 
Емін-еркін 
тыныстайды» [1;124].  
Шығарманың басты кейіпкері – түсікке айналған Бибол.  
Бибол  отбасы:  әйелі  аяғы  ауыр  Санабике,  балалары  бол  тұра  жұрт  жел  жағынан 
жүрмейтін, оң жағынан күңкілдейтін күйге жетті. Оның соңы – Биболдың Балкенжедей жас 
қызға «бүлдіргі» салғаны. 
«Бүлінгеннен  бүлдіргі  алма»  дегендей,  Балкенжеден  бойына  бітіп  қалған  шарана 
туралы  естігенде  Бибол  «бүлдіргі»  деп  бұрқанған.  Бір  «бүлдіргі»  аз  саған  дегендей, 
Санабике  Биболдың  әйелі  құрсағы  да  құр  қалмапты.  Үш  бала  аздай  тағы  бір  «топалаң» 
түсіпті.  Енді  бұл  екі  оттың  ортасында  қалды»  [1;126],  –  деген    баяндаудан    өң  мен 
түстің  астасып  жатқанын  келесі  сөйлемдерден білеміз. Өң  мен  түс  астасып  кетті.  Ақыры 
бірін болмаса бірін түсіртіп тастауға бел байлайды. Түсікті көзі көрмесе де, Бибоддың керең 
болғыр құлағы естіп, көңілі нілдей бұзылған.  
Әңгімеде  Биболдың  ана  жатырындағы  ұрыққа  айналуы,  шығарманың  өзегі. 
Шығармадағы  ұрыққа  айналған  Бибол  –  ана  жатырындағы  күнәсіз,  кінәсіз  «түсіктің» 
символдық  бейнесі.  Жазушы  символдық  бейнені  –  жас  жұбайлардың  арасындағы 
түсініспеушілік  және  күйеуінің  сенімнен  шығуын  күнәсіз  сәбимен  шиеленістірді.  Қаперлі, 
санасыз,  нәпсіге  ерік  берген  адамзаттың  ісінен  «қателікке»  айналған  күнәсіз  ұрық. 
Жатырдағы  тар  дүние  тыстағы  дүниемен  қоштасардай  болып  жатқанда, түсікке  айналған 
пендеге жазушы  ой салады. Жазушы түсікке айналған пендені қазіргі заманғы мәселелермен 
байланыстырады.  «Жатыр  жатсынса,  мұны  бойға  біткен  арам  без  ретінде  сылып  тастайды 
екен. Ал арамның аты да, заты да арам. Бұл бірақ арам ба?! Бұл адам еді ғой. Адам еді...»- 
деп  ісіне жаны қайғырады [1, 132 б.].  
 Түсік  жасату,  туған  баласын  тастап  кету  –    қазіргі  кездегі  басты  мәселелердің  бірі. 
Қазіргі  таңда  отбасы  әлеуеті  бұзылып  жатқаны  қынжылтады.  Аталған  әңгіме  сол  әлеуеттің 
бет-пердесін  толықтай  ашып,  адами  факторға  негізделген  қателіктерден  бас  тартуға 
дәріптейді. 
Әңгіменің  қорытындысын  кейіпкердің  өз  дауысынан  өзі  шошып, түлен  түртіп 
оянғанынан түсінуден аяқталады.  Әңгіме    түйіні,  шешімі  жазушының  оқырманға  жүктеген 
ойымен  тәмамдалады.    Бүгінгі  күннің  тақырыбына  жазылған  бір  ғана  әңгімемен  бүгінгі 


100 
 
қоғамымыздың  шынайы  келбетін  ғана  емес,  сонымен  бірге  осы  қоғамның  жалған  бет-
пердесін ашуға болады.  
Асқар Алтайдың «Көзжендет» әңгімесіндегі басты кейіпкер Қараш шал сауысқанмен аң 
аулайды. Мұндай сойқанды тірлікті  жас кезінде Памир тауларына дейін жылқы барымталап 
барған сапарында, әлде «сібірлік», әлде «хансулық» Қосманнан үйренген «өнері». Кейіннен 
кемпірі өліп, жалғыз ұлы Қайрат қалаға қоныс аударып Қарқараның биіктерін жайлап жұртта 
жалғыз қалғанда, зеріккеннен бұл да сауысқанымен аң аулапты. Көз шұқуға әбден машыққан 
сауысқан  жануардың  жазықсыз  жанарын  ағызып  жібереді.  Содан  бірер  айдан  кейін  әлгі 
сауысқанымыз «көзжендет» болып шыға келеді.  
«...Жебелеп ұшқан жендет сауысқан құсап жетпістің де желкесіне шығып еді. Сонда да 
сауысқанмен саятшылық құруын тоқтатқан емес. Көзжендет те аң мен жануардың жанарын 
оюын қойған жоқ. Күні кеше көк бөрінің көзін оймады ма?! Басын жоймады ма көзжендет... 
Қайран көзжендетке өкпе жоқ. Иесі үшін арқар мен түлкі түгілі бөрі мен барысқа да түсіп еді 
ғой!..». 
 Кейінірек Қараш Алматының тап іргесіндегі Думан ауылына баласы мен екі немересі 
үшін  көшіп  келді.  Сол  кезде  аяғы  ауыр  келіні  босанып,  көзсіз  сәби  туады.  Көзсіз,  қассыз 
туған  нәрестенің  бет-жүзі  жып-жылмағай.  Бұл  Қараш  шалдың  обал-сауапты  белден  басып, 
күнәға  белшеден  батқан  ісіне  жазасы!  Бірақ  оны  мойындайтын  Қараш  жоқ.  Ала  қанат 
сумақай сауысқанға кінә тағады. Сол сусыл қанат сауысқан себепкер дейді өзін-өзі ақтап... 
Әңгіме  авторлық  түйіндеумен  аяқталады:  «Соқыр  сәби  –  соқыр  адам.  Соқыр  адам 
жарық  дүние  есігін  ашыпты.  Соқыр  ұрпақ  қоғамға  келіпті.  Ұрпақ  соқыр  болса  –  қоғам  да 
соқыр. Ал соқыр қоғам, соқыр адам жайлаған дүниеден не күтуге болады? Мүгедек адам да 
бір мүсәпір. Мүгедек қоғам да бір кісәпір. Кісәпір қоғам не істемейді, не дегізбейді?!» 
Асқар Алтайдың әңгімесінде айтылатын «соқыр ұрпақ» (соқыр ұл, соқыр немере, соқыр 
шөбере), яғни ұлттық топырақтан ажыраған, ұлттық болмыстан алыстаған, ұлттың мүддесін 
білмейтін, ұлттың мұңын түсінбейтін ұрпақ.  
Әңгімедегі  көзжендетке  айналған  сауысқан  мен  Қараш  шал  отаршылдық  саясаттың 
бейнесін ашатын тәрізді. Қараш бейнесі  – кезінде орыс империясын қазақ даласына әкелген  
қазақтың,  кейін  сол  империяға  талай  көрнекті  тұлғаларды  жұтқызған    қазақтың  бейнесі 
болса, көзжендет сауысқан –  орыс империясы саясатының символдық бейнесі. 
Соқыр ұрпақ сол саясаттың нәтижесі. 
Аңшы көзжендет сауысқан жануарлар көздерін ойып алғаны сияқты, орыс империясы 
да қазақ халқының санасын соқыр қылды. Діннен айырып, тілден алыстатқан көзжендеттік 
саясат.  Қазақ  халқының    сана-сезімін  жаулап,  астарлы  ақиқатты  жасырған  саясат.  Міне, 
сауысқан көзжендеттің символдық бейнесінің мәні осында. 
Жоғарыда  қарастырылған  әңгімелер  сюжеті  жағынан  әртүрлі  болғанымен,  бір-
бірімен байланысты. Аталған әңгімелер қоғамның шынайы болмысын  бүкпесіз көрсетіп, 
қоғамның  жан  ауыртар  ащы  тағдырын  суреттейд.  Жазушы  шығармаларындағы 
әлеуметтік  шындықты  оқырман  өз  танымына  сай  пайымдай  алады.  Әр  оқырман    ойлау 
деңгейіне  сәйкес  қабылдап,  ішінен  қорытынды  жасайды.  Ал,  оқырман  түйініне  өз 
септігін  тигізетін  –  символдық  бейнелер.  Жазушының  басқа  қаламгерлерден  ерекшелігі 
осында.  Жазушы  әңгімелерінде  қоғамда  өзекті  болып  есептелетін  мәселелерге  ден 
қояды.  Адамның  жеке  факторын  және  ішкі  рухани  құндылық  әлемін  саралайды.  Оның 
әрбір  әңгімесінің  мәні  мен  мазмұны  бір-біріне  ұқсамайды.  Оқыс  оқиғалар  көкірегі  ояу 
адамды селк еткізері хақ. 
Сырт  карағанда  өзімізге  таныс,  қазіргі  таңда  өмірде  жиі  кездесетін    оқиғаны  ала 
отырып,  жазушы  шеберлігі  осы  шағын  оқиғаны  символикалық  түрде  үлкен  философиялық 
мәні бар көркем туындының негізіне айналдыра алуынан байқалады. Бұл жерде жазушының 
жүрек  сыры,  тебіренісі,  айтылар  ойдың  мәнділігі,  көздеген  мақсатының  айқындылығы  өте 
маңызды. 
Ендеше, жазушы Асқар Алтайдың  әңгімелері  –  қоғамның ащы шындығын  көрсеткен, 
қазіргі қоғамда орын алып жатқан келеңсіз дүниелерді бейнелейтін туындылар. 


101 
 
Қазіргі  қоғамның  басты  мәселелерін  дөп  басып  жазған  жазушы  шығармашылығы  
оқырман көңіліне қонымды. Сондықтан да әдеби тұрғыдан талдауды қажет етеді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Алтай А. Киллер сауысқан. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Атамұра, 2008.-368 б. 
2 Майтанов Б. Қазіргі дәуірдегі модернизм және постмодернизм // Қасым. – 2011. – №2. –  23 б. 
3 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: Санат, 1996. -31 б.   
 
ӘОЖ  82-3 (574) 
КАЖИБАЕВА ДИНАРА КЕНЕСОВНА 
Б.Ахметов атындағы Павлодар педколледжі 
 Павлодар, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет