Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Өмірәлиев Қ. XY- XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. –
Алматы: Ғылым, 1976.
2. Алдаспан (алғысөзі М. Мағауиндікі). - Алматы: Ғылым, 1971.
3. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері.
Алматы, 1958. – 404-б.
4. Жұмалиев Қ. Жеті томдық шығармалар жинағы. (Алғы сөзін жазған
З.Бисенғали, А.Мамыров). – Орал: Ағартушы, 2010.
ӘӨЖ 82-1/9
ҚАЖЫМ ЖҰМАЛИЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ
ФОЛЬКЛОРИСТИКАСЫ
Атабаева Ж. Б.
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты
Ақжайық өңірі қашанда даналар мен таланттарға, билер мен
батырларға кенде болып көрген емес. Тек осы өлкеге ғана емес барша
қазақ жұртының мақтанышына айналып, құрметіне бөленген тарихи
тұлғаларымыз қаншама. Солардың бірі академик, филология
ғылымының докторы, профессор – Қажым Жұмалиев.
52
Қажым Абайдың өмірі мен шығармашылығына кең талдау
жасады. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, тарихи еңбегін,
қазақтың әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін жан-жақты
қарастырды. Оның тілінің бейнелік сипаттарын зерттеді.
Қажымғали Жұмалиев Батыс Қазақстаноблысындағы Қаратөбе
ауданынының Жанғыз ағаш ауылында орта шаруа семьясында туған.
Ата-анасынан
жастай
жетім
қалып,
ағаларының
қолында
тәрбиеленген, тек он екі жасқа келгенде ғана өзінің талаптылығының
арқасында оқу-жазуды үйренген. Бала жасынан-ақ ол халық
өнерпаздығына құмарта қызығып, қазақтың ауызекі поэзиясының
көптеген үлгілерін жазып және жаттап алған. Зеректігі, талаптылығы,
табандылығы және мінезінің турашылдығы арқасында Қажым
ауылдағы құбы-құрдастарынан әлдеқайда үздік те озық көрінетін.
1923 жылы қазақ жастары алыстағы ауылдардан қалаларға
ағылған кезде, он алты жастағы Қажым да Орынборға жөнеледі.
Жасынан оқудан махрұм қалған кенделігінің есесін толтыру тілегі
оны зор талапқа жетелейді. Алда бұралаңы көп тікенекті қиын жол,
таныс емес қала, мәлімсіз қиыр-қиян жатты.
Арман еткен қаласына Қажым бір неше жүз километр жерді жаяу
жүріп жетті. Келе сала-ақ алғаш сәтсіздікке үшырады. Білімі
жетпегендіктен бірде-бір оқу орнына түсе алған жоқ. Осындай
сәтсіздікке ұшыраған жолдастарының бәрі ауылға қайтып кетті, бірақ
Қажым кері шегінбеске мықтап бел байлады: мінезінің қайсарлығы
оған бұл жолы жәрдем етті. Оқуға түсу мүмкіншілігін іздестіріп
жүрген Қажым бірсыпыра уақыт қалада тіршілік етерлік қаржысыз
қалды. Бірнеше айдан кейін ересек балалар үшін арнаулы мектеп
ашылатынын есіткеннен кейін ол Сақмар өзенінде сал байлап ағызуға
жұмысшы болып кіреді. Бірнеше айдан кейін қамқор ағалардың
арқасында оның тілегі орындалды. Ол оқуға түсіп, шәкірт болды, көп
ұзамай комсомол мүшелігіне де алынды.
1937 жылдан бастап Қ.Жұмалиев Қазақ педагогикалық
иститутында қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс
істеді. Өзі жетекші профессорларының бірі болған, ұшқан ұясы
ҚазПИ-мен Қ.Жұмалиев өмірінің соңына дейін (1968 ж.) тығыз
байланыста болды. Әр кезеңде қосымша С.М.Киров атындағы Қазақ
мемлекеттік университетінде филология факультеті қазақ әдебиеті
кафедрасының аға оқытушысы (1934 ж.), Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті (1943 ж.), Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының профессоры болып істеді (1948-1951 жж.).
Отыз жылға жуық ғылыми, педагогикалық және әдеби қызметі
ішінде Қ.Жұмалиев жүзге жуық ғылыми еңбек жазды және
53
жарияланды. Бірақ Қ.Жұмалиевтің шығармашылық дарыны сан
қырлы болды. Қ.Жұмалиевтің осы жылдары туған поэтикалық
шығармалары “Шабуыл” (1933), “Қанды асу” (1934), “Өмір өлеңдері”
(1938) сияқты өлең кітаптарын құрады. Орыс тілінде Қ.Жұмалиевтің
екі кітабы “Таңдамалы” (Алматы , 1958) және “Даладағы күрес”
(Мәскеу, 1959) өлеңдер мен поэмалар жинағы басылып шықты.
Сондай-ақ, Жұмалиев Әбу Сәрсенбаевпен бірлесіп “Арбасу”
батырлық пьесасын жазған драматург ретінде де белгілі. Қ.Жұмалиев
“Біржан-Сара” операсының либреттосын жазған. 1944 жылы ол жеке
жинақ болып шыққан бірнеше әңгімелер жазып, күшін прозада да
сынап көрді. Асфендияров, Жансүгіров, Камаловтарға арналған
мемуары оның соңғы әдеби еңбегі болып табылады.
Жұмалиев – Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең
көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін
жинап бастырудан бастады (1938). 1948 жылы “Махамбет” атты
монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет
көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы
тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан
Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып
талдап, ғыл. айналымға енгізді.
Қ.Жұмалиев - қазақ әдебиеттану ғылымында ең алғашқы болып
1946 жылы «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының
тілі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған ғалым-ұстаз.
1946 жылы жазылған “Абай поэзиясының тілі” атты ғылыми
монографиясы ғалымның үлкен жеңісі болды. Бұл кітап оның 1946
жылы тамаша қорғалған докторлық диссертациясы болды. Осы жылы
ғылым докторы болды, сонымен бірге Қазақ КСР Ғылым
академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды [1].
Жұмалиев зерттеулерінің бір саласы – әдебиет теориясына
қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 жылы
шыққан “Әдебиет теориясы” деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ
тіліндегі А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” кейінгі
әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс
болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмалиев әдеби стиль мәселесін
зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері “Стиль – өнер
ерекшелігі” атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі
стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа
пайымдаулармен
толықтырды. Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров,
С.Мұқанов, Т.Жароков, Сәрсенбаев, Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-
жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті.
Жұмалиев өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық қызметпен
54
өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес
қосты.
Ғалымның 2 томдық «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының
мәселелері», 2 томдық «Әдебиет тарихы», «Әдебиет теориясы»,
«XVIII - XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» кітаптары ұзақ уақыт бойы
республикалық
жоғары
оқу
орындарында
оқулық
ретінде
пайдаланылды. «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері»
кітабының 1-ші томына «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер
Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек»,
«Айман - Шолпан» эпостары туралы зерттеулері енген. 2-ші томында
19-шы ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы
талданған. Екі томдық «Әдебиет тарихы» кітабында қазақ әдебиеті
тарихына кең ғылыми шолу жасалып, 18-19-шы ғасырлардағы
жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан-жақты
зерттелген.
Ол 1948 жылы Әдебиет және өнер институты даярлаған «Қазақ
совет әдебиеті очеркінің» бас редакторы, 1960 жылы 6 томдық «Қазақ
әдебиеті тарихының» 18-19-шы ғасырлар аралығындағы қазақ
әдебиетіне арналған 2-ші томы, 1-ші кітабының редакциясын
басқарды және оның негізгі авторларының бірі болды. Осы дәуір
әдебиетінен орта мектепке (8-9 сынып) және жоғарғы оқу
орындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде оқулықтар жазды. Бай
материалдар базасында Қ.Жұмалиев тоғызыншы сынып оқулығының
негізі болған қазақ әдебиеті дамуының тарихы бойынша үлкен
ғылыми-зерттеу жұмысын жазды. “ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ
әдебиеті” Қ.Жұмалиевтің филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясының тақырыбы
болды. Ол оны 1941 жылы тамаша қорғап шықты. Қ.Жұмалиев
Қазақстанда әдебиеттану бойынша бірінші ғылым кандидаты болды.
Қажымның шығармашылық еңбегі де, өмір жолы да тақтайдай
тегіс жолмен өткен жоқ. Ол қиын заманда күрделі, ауыр өмір кешті.
Туған халқының әдеби мұрасын жетік білген, оны қызғыштай қорғап,
ғылым игілігіне айналдырған адамға ұлтшылдық айып та тағылмай
қалған жоқ. 40-50 жылдардағы Қазақстан тарихын бағалауда
жіберілген «қателер» оны айналып өтпеді. «Орысқа қарсы
ақындарды», «ескішіл- феодалдық» әдебиетті насихаттап зерттегені
үшін партиядан шығарылып, жұмыстан қуылып, жер ауды. Мұның
барлығы оның денсаулығына әсер етіп, өмірін қысқартты. Өзі
ұйымдастыруға қатысқан Академияның корреспондент мүшесі болып
ұзақ жүріп қалуына себепкер болды. Ол тек 1966 жылы ғана
,Академияның 20 жылдығытұсында академик болып сайланды.
55
Қазақфольклорыныңжиналуы ХІХ ғасырданбастауалады. ХХ
ғасырдың бас кезіндекөптегенәнші, ақын -әдебиетшілер ел аузындағы
фольклор
үлгілерінжинап,
газет-журнал
бетінде,
басқа
да
жинақтардажариялайбастайды. "ҚызЖібек”, "ҚозыКөрпеш – Баян
сұлу”, "Қобыланды”, "Алпамыс” жырлары Қазанда жеке-жекежинақ
болып басылады. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ауыз әдебиетінің көркем
үлгілеріне арналған төрт томдық қол жазбасы болған. М. Сералин
"Шаһнаманың” кейбір тарауларын қазақ тіліне тәржімелеп шығады.
Сонымен қатар орыс ғалымдарының халық поэзиясын жинауға
бағытталған іс-әрекеттері де бұл ғылымның ілгері басуына көп
септігін тигізді. Қазақ фольклористикасы ХХ ғасырдың жирмасыншы
жылдары
айрықша
бой
көрсетеді.
Бұл
кезде
Ә.Диваев,
Х.Досмұханбетов, М.Әуезовтердің қатысуымен қазақтың батырлық
жырлары басқа да фольклор туындылары дүркін-дүркін жарық
көреді. Москвада Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов құрастырған
"Жиырма үш жоқтау” (1926) басылса, "Сана”, "Терме”, "Шолпан”
журналдарында да фольклор шығармалары жарық көріп тұрады.
Отызыншы жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре
бастайды. "Батырлар жыры”, "Алдар Көсе”, "Сексен өтірік” атты
жинақтарды
айтпағанда,
С.Аманжоловтың
"Жұмбақтар”,
Ө.Тұрманжановтың "Қазақтың мақал мәтелдері” М.Әуезов тапқан
"Қозы Көрпеш Баян сұлу” жырының жаңа нұсқасы, айтыстың бірінші
кітабы (С.Мұқановтың сөз басымен) басылады[2].
Филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Қасым
Жұмалиевтің артына қалдырған мол мұрасы бңз үшін теңдесі жоқ
байлық. Ол әдеби сынға байланысты жазылған «Стиль –өнер
ерекшелігі» атты әдеби зерттеу мақаласында әр ақын, жазушының
жазу мәнері мен ерекшелігіне тоқтала кетіп, қазіргі қазақ сыншылары
мен әдебиетшілерінің шығармашылық ерекшеліктерін сөз етеді.
Сонымен қатар, зерттеуші «Ұлы ойлардың ұшқыны» атты тарауында
ұлы сыншы Белинский жайлы айтады. Жалпы айтқанда ұлы сыншы
В.Г.Белинский еңбектері революцияшыл демократтық идеясы
жағынан болсын, әдебиет тарихын, теориясын білу, эстетикалық
талғамымызды өрістету, көркем әдебиетке талдаудың әдісін үйрету
жағынан болсын, күні бүгінге шейін көрнекті құрал, тамаша үлгі.
Бұған Қ.Жұмалиевтің осы еңбегі куә. Ойға азық, сезімге қуат берерлік
бул туынды арқылы сын жайлы, сын тарихы мен сыншылар жайлы
көп мәліметтер ала аламыз. Жұмалиев зерттеулерінің бір саласы –
әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы
еңбегі 1938 жылы шыққан «Әдебиет теориясы» деген кітабынан
басталады. Бұл – қазақ тіліндегі А.Байтұрсыновтың «Әдебиет
56
танытқышынан» кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған
екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмалиев әдеби
стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері
«Стиль өнер ерекшелігі» атты кітабының жарыққа шығуына негіз
болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы
стилі жайлы түсінктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды.
С.Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков т.б.
ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап
көрсетті. Жұмалиев өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық
қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға
елеулі үлес қосты. Жұмалиев 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап
қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен
шұғылданды. 1958-1960 жылдары 2 томдық «Қазақ эпосы мен
әдебиеті тарихының мәселелері» кітабының 1 – томына «Қобыланды
батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбат батыр», «Қозы
Көрпеш –Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» эпостары
туралы зерттеулер енген. 2 – томында қазақ әдебиеті өкілдерінің
шығармалары талданған. Екі томдық «Әдебиет тарихы» кітабында
қазақ әдебиеті тарихына кең ғылыми шолу жасалып, 18-19
ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан
– жақты зерттелген [3].
Әр ұлттың белгілі бір ғылым саласын жасаушы, дамытушы, ел
игілігіне жаратушы шоқ жұлдыздай кемел тұлғалары болатыны анық.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуында құнды пікірлер мен
еңбектер бере білген ұлтымыздың мақтанышы санаулы саңлақ
ғалымдар бар.Аға буынның жетістіктері мен кемшіл тұстарын кейінгі
буын әдебиет зерттеуші ғалымдар нақты өмір сүрген кезең
шындықтарымен бірлікте қарастыра отырып зерттеуде. Әрине,
жекелеген әдебиетші ғалымдар мұрасын мүмкіндігінше жан-жақты
танып білу қазақ әдебиеттану ғылымы үшін қазіргі таңда өзекті
мәселелердің бірі. Бұл ретте қазақ әдебиеттан ғылымында нақты әрі
нәтижелі ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатқандығын қорғалған
кандидаттық, докторлық жұмыстардан, монографиялық еңбектерден
көруге болады. Дей тұрғанымен, бұл игі істе айтушысын таппаған
ескі әндей осы күнге шейін тым аз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері
мүлдем арнайы зерттелмеген ғалымдарымыз бар. Солардың бірі
әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны саласында қырық
жылға жуық қызмет еткен көрнекті ғалым, академик – Қажым
Жұмағалиев.
Қажым Жұмалиев қазақ әдебиеттану ғылымында ең алғашқы
болып 1941 ж. XIII-XIX ғғ. қазақ әдебиеті тарихы» деген тақырыпта
57
кандидаттық, 1946 жылы «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай
поэзиясының тілі» деген тақырыпта докторлық диссертациялар
қорғаған ғалым адам. Іргелі қазақ халықының рухани жан сарайын,
болмыс бітімін, ілім-білімін, тыныс-тіршілігін пәрменді етуге, сөз
өнері мен мәдениетін өскелең ұрпақтың жүрегінің төріне көтеріп, жан
азығы етуге бағыштаған жазушы, ғалым, ұстаз Қажығали (әдеби
лақап аты Қажым) Жұмалыұлы Жұмалиев әлі жіті зерттелмеген тұлға.
Төңкеріске толы ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп, кіндік
қаны тамған киелі топырақтың қадір - қасиетін тұла бойына дарытып,
жастайынан жиын-тойда «өлеңші бала» атанып, елінде мұсылманша,
Орынборда орысша сауат ашып, бой түзеп, болашағын бағамдаған
жастың сол кездегі Қазақстанның болашағы Алматы қаласына үлкен
білім іздеп келіп, қазақ әдебиеттану ғылымында өз ой тұшымды
тұжырымдары бар бірегей тұлға болып қалыптасуы кездейсоқ емес,
талап пен таланттың ұштасуынан туған нәтиже деп қабылдау қажет.
Академик Қажым Жұмалиев әдебиет тектерінің бірі – эпос өмір
құбылыстарын сан алуан жағынан келіп, суреттеп беруіне қарай
іштей бірнеше түрге бөлінетініне тоқталады. Солардың басында
халықтық мұра батырлар жыры тұрса, бұған жалғаса тарихи
мәліметке сүйене отырып шығарылған тарихи жырлар бар. Және де,
қазақ әдебиеттану ғылымында бергі дәуірде қалыптаса бастаған
эпостық жанрдың түрлері поэма, роман, повесть, новелла, мысал т.б.
болып жалғасын таба береді. Бұған қарап. Бұлардың айырмашылығы
мен бірлігі жоқ па деген ұғым тумаса керек. Олардың айырмашылығы
прозалық, поэзиялық шығармалар болуымен қатар, белгілі бір
оқиғаны тыңдарманға, оқырманға жеткізуде қолданылатын әдіс-
амалынан көрінеді, бірлігі адамзат баласына ізгі ой айту. Сонымен
қатар бұларды белгілі бір авторының болу-болмауы және басқа да
ерекшеліктерін ескере келіп, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті деп
екіге бөліп те қарастырып жатамыз.
Қажым Жұмалиев қай халықтың болсын жазба әдебиетінен
бұрын, ауыз әдебиеті дамығандығын айт келіп, фольклористика
ғылымындағы эпос деген әр халықтың жүріп өткен жолы көрсетеді
деген түйін жасайды. Осы орайда ғалымның ойын өз сөзімен берер
болсақ: « Қай елдің эпосы болсын белгілі бір тарихи оқиғаның ізін
баса туатынға ұқсайды және ол бір күн немесе бір жылдың ғана
жемісі емес, халықтың басынан өткізген талай заман, талай ғасыр,
талай тартыстарының нәтижесі» - дейді [4].
Әрине бұл ғалымның әлем халықтары әдебиетіндегі эпос жанры
жөнінде айтқан пайымдауы. Ал енді ғалымның төл қазақ эпосы
жайлы айтқанына тоқталар болсақ: «Қазақтың ауыз әдебиетін
58
материалдарының молдығы, мазмұндылығы және түр көркемділігі
жағынан қай халықтың әдебиетінен де кем түспейді. Халқымызға
мәлім батырлар жырында бірнеше ғана эпизодтан құралған,
батырдың бір ғана ерлігін көрсететін қысқа поэмалар («Базар»),
әлденеше ерлік қимылдарын бір адамның басына жинақтап,
оқиғаларын композициялық жағынан бір түтін етіп шығарған ұзақ
поэмалардың («Алпамыс», «Қобыланды») және әңгіме бір батырдың
ғана емес, көптпеген батырлардың ерліктерін жалғастыра суреттейтін
эпопеялық эпостардың болу дерегі қазақ ауыз әдебиетінің әрі бай, әрі
эпостқ жыры марқайған ел екендігін аңғартады» - деген пікірі
құптарлық.
Профессор Қ.Жұмалиевтың
«Қазақ эпосы мен әдебиет
тарихының мәселелері» атты туындысы қазақ әдебиеттану ғылымына
үлкен бір серпілісі алып келді. Мұны сол кезде мерзімдік
баспасөздерде жарияланған мақалалардың молдығынан байқауға
болады. Зерттеуші еңбегінің жаңашылдығы ауыз әдебиеті жөніндегі
зерттеулерде олқы саналып келген шығарманың құрылысы мен тіліне
көп көңіл аударуы.
Сөз соңында айтарым, бар ғұмырын іргелі қазақ халқының
рухани жан сарайын, болмыс бітімін, ілім-білімін, тыныс-тіршілігін
пәрменді етуге, сөз өнері мен мәдениетін өскелең адамзат баласы
жүрегінің төріне көтеріп, жан азығы етуге бағыштаған жазушы,
ғалым, ұстаз Қажым Жұмалыұлы Жұмалиевтың өнегелі ісін ұлықтау,
әдеби мұрасын уағыздау, көп томдық етіп қайта шығару - әдебиетші
жастардың тірлігі. Қазақ әдебиеті тарихының тұңғыш зерттеушісі,
осы саладағы тұңғыш ғылым докторы - Қажым Жұмалиевтің аты
ешқашан да ұмтылмақ емес[5].
Достарыңызбен бөлісу: |