Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


мен  әдістерінің  түрлерін  өзгерту,  ақпараттық  технологияларды



Pdf көрінісі
бет50/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

мен  әдістерінің  түрлерін  өзгерту,  ақпараттық  технологияларды 
жоғары  деңгейде  пайдалану,  қазіргі  қоғамның  сұранысына  жауап 


121 
 
беретіндей  білімдегі  жаңашылдықты  саралау,  білімді  жетілдіру 
үдерісіндегі  үздіксіздікті  қамтамасыз  етуде  оның  рөлін  арттыру 
болып 
табылады. 
Бастауыш 
сыныптарда 
ақпараттық 
технологияны қолданудағы білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – 
осы  заманғы  компьютерлік,  ақпараттық  технологияларға 
негізделген,  барынша  сапалы  білім  беру  арқылы  бәсекелестіктің 
мықты  тегеурініне  төтеп  бере  алатын  жас  қрпақты  оқыту 
тәрбиелеу үдерісін жоғары қарқынмен жүргізу болып табылады. 
Қазіргі  оқыту  құралдары  мен  техникалық  ортаны  пайдалана 
отырып,  әсем  әрлендірілген  бағдарламалық  жабдық  жасауға  болады. 
Төмендегі шарттарды қанағаттандырса: 
•  оқыту  технологиясының  негізгі  қағидаларын  қамтыса  (алдын-
ала жобалау, дыбыстық қоштау, мақсаттық, жүйелілік, тұтастылық); 
•  дидактикадағы  бұрын  теориялық  және  практикалық  түрде 
шешілмеген мәселелерді шеше алса
• ақпаратты оқушыға дайындау мен тасымалдау құралы қызметін 
компьютерлік  техника  атқарса  ғана,  оның  қажеттілігі  туралы  айтуға 
болады. [3,4,5] 
Дегенмен,  дәстүрлі  дүниені  автоматтандыру  арқылы  ақпараттық 
технология  барлық  оқу-тәрбие  қызметін  атқара  алмайды.  Сондықтан 
ақпараттық  технология  дәстүрлі  дүниені  жан-жақты  қарай  отырып, 
мемлекеттік  білім  мазмұнын  жүзеге  асыратындай  және  оны 
пайдаланушы  шапшаң  қабылдап,  іске  жаратындай  дәрежеде  болуы 
қажет. 
Мектепте  оқылатын  информатика  пәні  қарқынды  дамып  келе 
жатқан  информатика  ғылымының  мазмұнын  құрайтын  сан  алуан 
мәліметтердің  бәрін  қамти  алмайды.  Дегенмен,  мектеп  пәні  ретінде 
жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мәнін ашатын, 
өте  елеулі  іргелі  ұғымдар  мен  мәліметтерді,  терминдерді  қамтып, 
мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негізін оқып үйрену үшін, 
сонымен  қатар  жастарды  заманауи  ақпарат  құралдары  туралы 
мәлімет,  өмірге  сүруге  қажетті  білім,  біліктілік,  дағдылармен 
қаруландыруы  тиіс.  Қазіргі  заманғы  дидактика  жалпы  білім  беру 
мазмұнын анықтайтын принциптер, ғылым логикасы мен оқу пәнінің 
бірлігі және қарама-қайшылығы принципін ерекше атайды. 
Білім  беру  жүйесін  ізгілендіруге  қажетті  ақпараттық  технология 
жабдығын  жасау  мәселелері  (электронды  оқулықтарды,  электронды-
оқу  бағдарламаларын,  электронды-әдістемелік  жүйелерді  жасау) 
С.А.Христочевский  [6],  Г.Қ.Нұрғалиева[7],  Тажигулова  А.И.  [8], 
Роберт И.В. [9], Насс О.В. [10], т.б. еңбектерінде қарастырылған. 
«Ақпараттық  технология  жабдығы  деп  микропроцессорлық, 
есептеуіш  техниканың  базасында  қызмет  ететін  бағдарламалық-


122 
 
аппараттық жабдықтар мен құралдарды, сондай-ақ, ақпаратты жинау, 
сақтау,  өңдеу,  тасымалдау  операцияларын  қамтитын  қазіргі  заманғы 
жабдықтар мен ақпараттық алмасу жүйелерін» (И.Роберт) айтамыз. 
Бастауыш  мектепте  оқитын  балаларға  жаңа  нәрсе  ұсынса, 
олардың қызығушылықтары оянып, талапшыл, тапқыш болатындары 
белгілі. Осыған сәйкес жаңа ақпараттық технологияларды кез келген 
сабақта  қолдануға  итермелейді.  Дәстүрлі  сабақ  кезінде  компьютерді 
қолдану оқушыларға оқу материалын түсіну мен есте сақтау үдерісін 
тездетеді,  ең  бастысы,  балалардың  оқуға  деген  қызығушылығын 
айтарлықтай көтереді. 
Бастауыш 
сыныпты 
ақпараттандыру 
оның 
тиімділігі 
дүниежүзілік  тәрбие  негізінде  дәлелденіп  отыр.  Ғалымдардың, 
практик-мұғалімдерінің 
пікірінше, 
бастауыш 
сыныпты 
ақпараттандыруға негіз болатын факторлар мыналалар: 

 
бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу

 
ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту; 

 
бастауыш  мектеп  оқушыларының  ақпараттық  мәдениетін 
қалыптастыра  отырып,  әлемдік  ақпараттық  білім  кеңістігіне  даярлау 
[3]. 
Бастауыш  мектепте  кез  келген  пәнді  оқыту  жалпы  бастауыш 
сыныптың  мақсатына  сәйкес  болуы  және  өзінің  пәндік  шеңберінде 
бастауыш білім берудің ортақ міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс. 
Бастауыш мектепте жалпы білім алу білімді игеру деңгейі кейінгі 
оқу процесі кезінде табысты болуды қамтамасыз ететін шеберлік пен 
дағдының құрылымы болып табылады. 
Сонымен  бастауыш  білім  беруді  ақпараттандыру  оқыту  білім 
беру  тәсілінен  бірлесіп  алған  білім  парадигмасы  арқылы 
инновациялық тәсілдер негізінде өткізілу керек екендігі айқын. 
Бастауыш  білім  беруді  ақпараттандыру  тәсіл  келесідей 
мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс: 

 
әлемнің ақпараттық көрінісі туралы түсінігін дамыту; 

 
қоғамда  ақпараттық  технологиялардың  рөлі  мен  орны  туралы 
түсініктерін қалыптастыру; 

 
ақпаратты алу мен өңдеуде тұрақты дағдыларды қалыптастыру; 

 
қызмет  ортасында  өзеріп  отыратын  ақпараттық  қоғамға  тез 
бейімделу қабілеттерін дамыту; 

 
өмір  бойына  ақпараттық  дайындығын  ары  қарай  жетілдіріп 
отыру. 
Оқу  материалының  логикалық  құрылымы  туралы  айтқан  кезде 
Сосницкий  К.  дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру  теориясына 
тоқталмауға  болмайды.  Ол  ХХ  ғасырдың  60  жылдары  пайда  болды. 
Ол  «әр сабақта берілетін білімді жинақтауға  мүмкіндік беретін жаңа 


123 
 
білімді  ірілендіріп  енгізудің  негізін  салды.  Мұндай  ірілендіру: 
материалдық  логикалық  байланысын  күшейтуге,  материалдағы  ең 
негізгіні  және  маңыздыны  бөліп  көрсетуге,  ...Пәнаралық  байланыс 
орнатуға, 
материалды 
мейлінше 
тартымды 
түсіндіруге, 
қорытындылауды барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік жасайды». Бұл 
теорияның  негізі  саналатын  кері  есеп  әдісі  казіргі  бастауыш  мектеп 
оқулықтарын  құрастыруда  пайдаланып  жүр.  Атап  айтқанда,  1-4 
сынып  математикасының  қайсысын  қарасақ  та,  есеп  және  оған  кері 
есеп  құрастыру  мен  оларды  салыстыра  отырып  шешу  жиі  кездеседі. 
Сонымен  қатар,  бұл  теория  бойынша  оқу  материалдары  жұптық 
(ұқсас  пікірлердің  берілуі),  қарама-қарсы  жұптық  (қосу-азайту, 
көбейту-бөлу,  т.б.),  граф-сызба  (ауызша  түсіндіруден  гөрі  көрнекі 
түрде сызбаларды пайдалану) түрінде көп беріледі[11]. 
Жаңа  буын  оқулықтары  оқушылардың  логикалық  ойлануын, 
қиялын  дамытуға  әсер  ететіндей  етіп  жасалған.  Жаңа  буын 
оқулықтарының  мектепте  өңделген  қалпында  енгізудің  саяси 
жағынан да, әлеуметтік-экономикалық жағынан да оңтайлы болғанын 
уақыт көрсетіп отыр Шаталов В.Ф.[12] 
Құрылымы  бойынша  дәстүрлі  оқулықтан  ерекшеленетін 
электрондық  оқу  ақпаратының  құрылымы  мына  әдістер  бойынша 
жасалады: 
• сызықтық көрсету 
• логикалық-құрылымдау 
• басты дидактикалық бірліктерді анықтау 
• оқу ақпаратын өзектеу әдісі 
• бақылау және бағалау 
• блоктық-модульдік әдістері арқылы жүреді. 
Оқу  ақпаратын  сызықтық  көрсету  әдісі  бойынша  оқу 
материалының  бірліктерін  бірінен  кейін  бірін  ретімен  тізбектей 
баяндау құрылымымен анықталады. 
Оқу ақпаратын құрылымдық ұсыну оқу материалының белгілі бір 
бөліктері  мен  олардың  арасындағы  байланыстардың  жиынтығын 
білдіреді.  Мұндай  бөліктер  мен  байланыстарды  анықтау  үрдісі 
логикалық құрылымдау деп аталады. 
Ақпаратты  логикалық  құрылымдау  әдісі  оқытудың  мақсаттық 
құраушысын жүзеге асыруды көздейді. Бұл әдіс әр түрлі тәсілдермен 
сипатталады: 
• тірек конспектілерін құру (В.Ф.Шаталов) 
• логикалы-құрылымдық сызбалар (Г.Қ.Нұрғалиева), 
•  бұтақ  тәрізді  құрылым  немесе  бағдарламалар  ағашы 
(В.В.Гриншкун), 
• алфавиттік тізім, терминдер жиыны, т.б. 


124 
 
Бұл тәсілдердің жиынтығы оқу қызметінің мақсаттарын анықтау 
мүмкіндігі  туралы,  оқу  іс-әрекеті  бағдарламаларының  жасалуы 
туралы тұжырымдауға негіздеме береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет