Ақуыздың қысқаша тарихы Ақуыздың құрамы, құрылысы



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі80,44 Kb.
#56850
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Ақуыз сөж


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы:Ақуыз синтезі туралы түсінік.
Ген экспрессиясын реттеу
Пәні:Биохимия
Орындаған: Алтынбек Жаньэля
Тексерген:Салханова Сауле

Алматы 2022 ж
Жоспар:
1)Ақуыздың қысқаша тарихы
2)Ақуыздың құрамы, құрылысы
3)Ақуыз синтезі
4)Қорытынды
1)Ақуыз синтезі туралы түсінік.Белоктар тірі организмде кең таралған және әр түрлі қызмет атқаратын, амин қышқылының қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы биологиялық полимерлер. Алғашқыда белок деп, жұмыртқаның сары уызын қоршап жатқан, тұтқыр, қыздырғанда қатайып, ақ түске айналатын затты атаған. Белоктарға берілген протеиндер деген атау биологиялық маңызы бар зат екенін сипаттайды. Шындығында, өлі мен тіріні ажырататын белгілердің барлығы белоктармен байланысты Адам денесіндегі құрғақ заттардың 50%-н белоктар құрайды. Әрбір ағза өзіне тән белоктарымен ерекшеленеді.
Алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары. Адам белоктарының құрамына 20 амин қышқылы кіреді, олардың біреуі – құрамында амин тобы бар циклді имин қышқылы – пролин болып табылады. Физиологиялық маңызы бойынша амин қышқылдары алмастырылатын, шартты түрде алмастырылатын және алмастырылмайтын болып бөлінеді. Алмастырылмайтын амин қышқылдары (тре, мет, вал, лей, иле, лиз, фен, три) жануар организмінде синтезделмейді, сондықтан олар организмге тағаммен үнемі түсіп отыруы тиіс. Шартты түрде алмастырылатын амин қышқылдары (арг, тир, гис) организмде аз мөлшерде түзіледі, сол себепті бұлар да тағам құрамында болуы қажет. Алмастырылатын амин қышқылдары ағзада синтезделеді. Белоктар құрылымдық, тасымалдау, жиырылу, қорғаныштық, катализдік, реттеуші, электротрансформациялау, генетикалық ақпаратты тасымалдауға қызметін атқарады.
Құнды және құнсыз белоктар. Құнды белоктарға құрамында барлық 8 алмастырылмайтын амин қышқыл бар белоктар жатады. Егер белок молекуласында алмастырмайтын амин қышқылдарының ең болмағанда біреуі болмаса, онда ондай белок құнсыз деп аталады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет