Қазақ Әдебиеті бөлімінің білім алушыларына кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда «диуани хикметтің» маңыздылығЫ



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата05.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#60477
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дайындық кезеңі. «Синквейн» – кез келген шет тілін оқытуда әдебиетті 
пайдалана отырып, белсенді оқыту әдісі. Аделаида Крепси бірінші болып 
«синквейннің» вариациясын жасады. Синквейн – бес жолды схеманы 
қолданатын поэтикалық формалар класы. Синквейн – бұл тұжырымдамаға 
аффективтік және когнитивтік жауаптарды көрсететін бес жолды өлең [9].
Синквейнды құру ережелері 
Дайындық 
кезең
Оқу үдерісі 
кезеңі 
Қорытынды 
кезең 
Синквейн әдісі арқылы Яссауидің «Диуани хикмет» 
жинағын талдау 
Оқылым, тыңдалым, жазылым, сөйлеу дағдыларын 
жетілдіру 
Зерттеу нәтижесінің деректерін жинап, сауалнама жүргізу 


Өлеңнің бірінші жолы оның тақырыбы. Ол тек бір сөзбен және әрқашан 
зат есіммен беріледі. Екінші жол негізгі тақырыпты ашатын, сипаттайтын екі 
сөзден тұрады. Бұл сын есімдер болуы керек. Жіктік жалғауларды қолдануға 
рұқсат етіледі. Үшінші жол етістіктерді немесе герундияларды қолдану 
арқылы синквейннің тақырыбы болып табылатын сөзге қатысты әрекеттер 
сипатталады. Үшінші қатарда үш сөз бар.Төртінші жол енді сөздердің 
жиынтығы емес, тұтас сөз тіркесі болып табылады, оның көмегімен құраушы 
тақырыпқа өз көзқарасын білдіреді. Бұл жағдайда ол – білім алушының өз 
бетімен құрастырған сөйлемі де, міндетті түрде ашылатын тақырып 
аясындағы ұтымды сөз тіркесі, мақал-мәтел, нақыл сөздер, цитаталар, 
афоризмдер де болуы мүмкін. Бесінші жол – бір ғана сөз, ол түйіндеу. Көбінесе 
бұл өлең тақырыбының синонимі болып табылады. Синквейнді жазу ережесін 
тура сақтау міндетті емес. Мысалы, мәтінді жақсарту үшін 4-ші қатарда 3 
немесе 5 сөз, ал 5-ші қатарда – 2 сөз болуы мүмкін. Қолданудыңбасқа да 
нұсқалары 
мен 
сөзтаптарыболуымүмкін. 
Синквейн – бұл сабақтың әр кезеңіндегі, жаңа тақырыпты оқығанда 
білімгерлердің ассоциация деңгейін тексеруде қолдануға болады [10]. 
Яссауи хикметтерінің барлығы өмірлік жағдаяттардағы түсініксіз 
мәселелерді түсіндіреді және адамдардың рухани мұрасын қалыптастырады. 
Сол рухани құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіру үшін, 
хикметтерді жай оқып қана қоймай, оны талдау негізге алынды. Топ 
студенттерінің басым көпшілігі «Синквейн» әдісі – олардың 
қызығушылықтарын оятқандығын атап өтті. Алайда хикметтер жинағында 
нақты сюжеттің болмағандығынан сәл қиындықтар да туындады. Дегенмен, 
аталған әдістің маңыздылығын зерттеп, талдай келе, олар хикметтердің 
бірқатарын төмендегі жүйе бойынша құрастырды: Бірінші жол – тақырып 
болып табылатын бір сөз. Екінші жол – мәтіннен бес етістік.Үшінші жол – 
оқырманмен қатынас жасау үшін бес зат есім. Төртінші жол – білім 
алушылардың өз беттерімен құрастырған сөйлемдері (4-сөйлем). Бесінші жол 
шығармадағы негізгі дәйексөз. Хикметтер саны 100 ден асқандықтан, мысал 
ретінде тек 6-шы хикметтің «Синквейн» әдісі бойынша жасалған нұсқасын 
кесте түрінде көрсетуді жөн көрдік. 
Кесте 1. 6-шы хикмет Синквейні 
Бірінші 
жол 
Екінші 
жол 
Үшінші 
жол 
Төртінші 
жол 
Бесінші 
жол 
Sinners 
or forgiveness 
Reading 
prayers, fasting 
by day, sending 
greetings, wept 

lot, 
crying/mourned 
Mustafa, 
sins, 
challenges, 
angels, 
followers

The 
coreligionists all 
mourned. 
2. 
The 
followers prayed 
all day and fasted 
to 
protect 
themselves from 
Shaytan's 
intrigues. 
Repentance. 


3. I realised 
that there is no 
limit to God's 
gratitude. 
4. I became 
sick, unable to get 
rid of sin. 
Диуани хикметте әр түрлі мысалдармен берілген терең мағына жатыр. 
Бұл әдісті оқу процесінде қолдану арқылы оқушылар адамзат, бақыт пен 
бақытсыздық ұғымдарын түсінуге тырысып, хикметтердің құрылымын 
анықтады. Яссауидің «Синквейндегі» әдісі бойынша жинақтау  ұстаздар мен 
шәкірттер үшін құнды әрі қажетті материал болды. Синквейн әдісінің 
артықшылықтары - білім алушылар етістіктермен, зат есімдермен, сын 
есімдермен, дәйексөздермен таныса алды. Сонымен қатар, олар өмірлік 
жағдаяттарда кейбір маңызды мәселелердің шешімін табуға, нақты әрі еркін 
сөйлеуді үйренуге тырысты.
Оқу үдерісі кезеңі. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты –оқу, жазу, 
тыңдау және сөйлеу сияқты төрт тілдік дағдыларды дамыту болып табылады. 
Тапсырма пішімдері осы дағдыларды дамыту әрекеттерінің барлығын 
қамтыды. 
Оқылым. Бұл зерттеудің бірінші мақсаты Яссауидің «Диуани хикметін» 
оқуға негізделді. Оқудағы табыс студенттердің кейінгі оқу үлгеріміне әсер 
ететіні белгілі. Деректерді талдау үшін студенттер Джонатан Трапман 
аударған хикметтердің ағылшын тіліндегі нұсқасын оқыды, содан кейін 150 
хикметтердің ішінен оларға нақты қызықтырған 20 хикметті таңдап алу 
ұсынылды. Сол хикметтерді дұрыс оқып, әр хикметтің екі тармағын жаттау 
тапсырылды. Танымдық жүктеме студенттерді саналы таңдау жасауға 
итермеледі. Берілген тапсырманы орындай отырып, білім алушылар ағылшын 
тіліндегі сөздердің дұрыс дыбысталуына мән беріп, жаттау арқылы есте сақтау 
қабілетін дамытты. Таңдалынып алынған хикметтерге сыни талдау 
жасалынды. Сыни талдау – жұмысты «сырттан» бағалауға мүмкіншілік 
туғызды. 
Жазылым. Бұл дағдыны дамыту үшін білім алушылардың Синквейн әдісі 
бойынша әзірленген нұсқалары мен түсіндірмелері қарастырылды. Дағдыны 
қалыптастырудың дәл осы түрі студенттердің ерекше қызығушылықтарын 
оятты. Себебі берілген тапсырма білім алушылар тарапынан 100 пайыздық 
көрсеткішпен толық және тамаша орындалды. 
Тыңдалым. Дағдыны дамыту үшін зерттеушілер хикметтердің 
біршамасын диктофонға жазып білім алушыларға тыңдатты. Сонымен қатар, 
хикметтер жинағын аударған ағылшындық журналист Д.Трапманның Яссауи, 
Түркістан, «Диуани Хикмет» жайлы берген сұхбаты Ю-туб желісі арқылы 
студенттерге көрсетілді. Тыңдалымның тапсырмаларының негізгілері болып 
True/False (рас/өтірік) және сұрақ-жауап жаттығулары таңдалынды. 
Сөйлеу. Білім алушылар дебат ретінде берілген тақырып бойынша 
талқылау мен пікірталас жүргізді. Бұл дағдынының ерекшелігі студенттер 


топпен және жеке өздері жұмыс жасауды үйренді. Бір-бірінің жауабын 
тыңдап, сол жауаптарды өздерінше бағалауға тырысты. 
Қорытынды кезең. Үдерістің барлық кезеңдері аяқталған соң, 
«Синквейн» әдісінің және Яссауи шығармашылығын ағылшын тілі сабағында 
қолданудың тиімділігін бақылау мақсатында білім алушылар арасында 
жазбаша және ауызша тест жүргізілді. Жазбаша тест 4 нұсқасы бар 40 сұрақтан 
құралды, әр сұраққа кәсіби лексикаға қатысты 5 жауап болды. Ауызша 
тапсырма кәсіби тақырыптарға қатысты 10 сұрақтан тұрды. Студенттерге 
жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындауға 100 минут уақыт берілді. 
Қорытынды бағалау нәтижесі бойынша топтың 90 пайызы «өте жақсы», ал 
қалған 10 пайызы «жақсы» деген бағаларды иеленді. Яғни топ студенттерінің 
ешқайсысы «қанағаттарлық» деген деген баға алмады. Бұдан заманауи әдістің 
тіл үйрету процессінде өзінің оң нәтижесін көрсеткендігін байқауға болады. 
Аталған әдістердің артықшылығын ескере отырып, білім алушыларға тағы бір 
тапсырма, яғни зерттеушілер тарапынан дайындалған сауалнама жүргізілді. 
Сауалнамада Яссауи шығармашылығына, «Синквейн» әдісінің тиімділігіне 
қатысты сұрақтар қойылды. Сол жүргізілген сауалнамамыздың нәтижесі 
бойынша қатысушылардың 100 пайызы Яссауидің «Диуани Хикметі» өскелең 
ұрпаққа оң және жарқын әсері бар деп есептеді. Олар дана сөздер мен 
дәйексөздерді кез-келген қарапайым адамның барлық жерде қолдануы керек 
деген тұжырым жасады, Синквейн әдісінің жақсы жақтарын тізбектеп, 
тапсырманы оңай түсінуге көмектескендігін атап өтті. «Синквейн» әдісін топ 
студенттерінің барлығы бірауыздан қолдады және бірде-біреуі аталған әдістен
бас тартпады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет