9. 1925 жылы жарық көрген «Қобыланды батыр» еңбегінің авторын атаңыз
А) М. Әуезов
В) С. Мұқанов
С) А. Байтұрсынов
D) Х. Досмұхамедұлы
Е) С. Сейфуллин
10. Фольклорға «Жазу-сызу, өнер-ғылым жоқ анайы халықтарда жазба шығарма болмайды. Ондай халықтардың асыл сөздері анайы тілмен айтылған ауыз шығармалар болады. Сондықтан ондай асыл сөздер ауыз әдебиеті, яки анайы әдебиет деп аталады» деп анықтама берген ғалым
А) А. Байтұрсынов
В) М. Әуезов
С) З. Ахметов
D) Х. Досмұхемедов
Е) Ә. Диваев
11. С. Сейфулиннің қай еңбегінде «Қобыланды батыр» жырының 6 нұсқасы берілді?
А) «Қазақ әдебиеті»
B) «Әдебиет танытқыш»
C) «Әдебиет тарихы»
D) «Қазақ фольклорының тарихы»
Е) «Тіл тағылымы»
12. С. Сейфулиннің «Қазақ әдебиеті» деген еңбегінде қай жыраулардың нұсқалары берілген?
А) Марабай, Мергенбай жыраулардың
B) Бұхар, Сыпыра жыраулардың
C) Жорықбай, Оңғар жыраулардың
D) Жиенбай, Тұрымбет жыраулардың
Е) Төремұрат, Ақтамберді жыраулардың
13. С. Сейфулиннің «Қазақ әдебиеті» деген еңбегінде «Ер Сайын» жырының 1923 ж. Мәскеуден шыққан нұсқасы сөз болғанда қандай кемшілік байқалады?
А) жырды шығарушы А. Байтұрсынов есімі көрсетілмейді
B) жырдың сюжетіне мән берілмейді
C) жырдың қызметтік мәні көрсетілмейді
D) жырдың мазмұны дұрыс берілмейді
Е) жырдағы кейіпкерлер бейнелері дұрыс сараланбайды
14. Ғашықтық жырлардағы шығыстан келген сюжеттердің бір қатары қандай үлгілерден алынған?
А) «Мың бір түннен»
B) «Ләйлі-Мәжнүннен»
C) «Тотынамадан»
D) «Қыз Жібектен»
Е) «Қозы Көрпеш-Баян сұлудан»
Достарыңызбен бөлісу: |