Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі Жоспар Кіріспе



бет5/5
Дата06.12.2022
өлшемі44,94 Kb.
#55191
1   2   3   4   5
Қорытынды
Моңғол шапқыншылығы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық құрылымында кері шегінушілікті ( регресс ) тудырды: моңғолдар жаулап алған аймақтарда кеңінен құл иеленушілік құрылыс орнап ( жүздеген мың тұтқындар құлға айналдырылды ), феодалдық қатынастардың ең артта қалған түрлері тарады. Феодализмнің одан арғы даму барысының тежелу себебі – егіншілік пен қала мәдениетінің күрт құлдырауы мен шаруашылықта экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы үлесінің артуы болды.
Феодалдық қатынастары қалыптасу сатысында тұрған Қазақстанда, моңғол шапқыншылығы патриархалдық әдет – ғұрыптың әсерімен бүркемеленген феодализмнің ең артта қалған түрлерін нығайту мен сақтауға алып келді.
XIV ғасырда экономикалық қайта өрлеу, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында Алтын Орда мен Шағатай болысында жергілікті түрік билеуші топтарының бағыты күшейе түсті, олар бұл елдерде өз биліктерін құру үшін күрес жүргізді, бұл түпкі нәтижесінде олардың ыдырауының бір себебі болды. Олардың қираған орындарында – Қазақстан аумағында Көк Орда Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, одан кейін Қазақ хандығы сияқты мемлекеттер пайда болды.
XIV ғасырда моңғолдардың ойсыратып, жоқшылыққа ұшырытқан шапқыншылығынан кейін Қазақстанның отырықшы – егіншілік және қала мәдениеті жойылады, жергілікті халық шаруашылығының аса маңызды саласына айналған көшпенді экстенсивті мал шаруашылығы басым бола бастады. Бұдан былайғы кезеңде Қазақстан аумағының оңтүстігінде қалалық және егіншілік тіршілігінің біраз жандануы байқалса да, қазақтардың бар экономикалық әрекеті жайылымды мал шаруашылығымен және оны жетілдіруімен байланысты болды.
Қазақстанның қоғамдық құрылымының тұтастай әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қарастыратын болсақ, онда оның өндірістік-шаруашылық негізі – қауым – қазақ қоғамының патриархалды-феодалдық өмірі мен тұрмысының жан-жақты көрінісі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:



  1. Ж. Артықбаев «Қазақстан тарихы» оқулық-хрестоматия Астана қаласы «Фолиант» 2000 жыл

  2. К. Ә. Берденова «Қазақстанның экономикалық тарихы» Алматы қаласы «Экономика» 1998 жыл

  3. «Очерк по Истории Казахстана». Алматы «Рауан» 1993г.

  4. «Казахстан. Летопись трех тысячелетий». Алматы «Рауан» 1992г.

  5. «История Казахстана в средние века». Алматы «Рауан» 1996г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет