Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет86/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   171

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


    1. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың? Суретін сал.

    2. Суретке қара. Жасырынған заттарды тап. Ата. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
    3. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге ертегі ұнады ма? Қай бала ертегінің кейіпкерлерін қызықты етіп сахналады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтармен қоштасамыз.

№ 32


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жаңа Жыл құтты болсын!
Мақсаты: Жаңа Жыл мерекесіне байланысты сөздерді қазақша айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамытуды жалғастыру.
Тәрбиелік міндеті: Жаңа Жыл мерекесіне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: мерекеге қатысты сөздерді қайталайды. Түсінеді: жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін түсінеді. Қолданады: қойылған сұрақты түсінеді, жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, сандық , Сиқырлы қалам постері, қима суреттер, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, постер, айна, фишкалар. Билингвалды компонент: Аязата – Дед Мороз, Жаңа Жыл – Новый Год, Ақшақар – Снегурочка, сыйлықтар – подарки, шырша – елка.


ҰОҚ барысы


      1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман әдемі сандықпен кіреді.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар? Ойын ойнауға шақырады.

Өткен тақырыпты қайталау, «Саяхатшы» ертегісіндегі кейіпкерлерді атауды ұсынады.
Қоян нені жоғалтты? Сәбізді нелер тауып алады? Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет