Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет55/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
 
8-жаттығу. 1. Мәтіннен қазақ тіліне басқа тілдерден енген сөздерді 
табыңыздар. 
ШІЛДЕХАНА 
Адамзат қоғамының 
рухани және 
мәдени қорының қымбат 
қазыналарының бірі – халықтық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып. Қай халықтың 
болмасын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан-сезім белгілері оның 
өзіне тән дәстүрінен, әдет-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. 
Осы күннің дәстүрлі той-мерекесінің бірі – шілдехана. 
Шілдехана – халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша нәресте қырқынан 
шыққан соң өткізіледі. 
Қазіргі шілдехана тойына нәрестенің ата-анасының туған-туыстары, 
достары, еңбектес жора-жолдастары, көршілері, жалпы көңіл жақын адамдары 
шақырылады. Бұл жиында дүниеге келген нәрестенің өміріне құттықтау 
айтылып, жүрекжарды тілектер, жылы лебіздер білдіріледі. 
Отбасының қуанышын қызықты өткізу үшін дастархан мәзірін 
дайындаумен қатар, тойдың мазмұн жағы ойластырылады. 
Тойдың жинақы, мәнді де сәнді өтуі тамадаға байланысты, сондықтан той 
иелері тамадалық қызметті кез-келген адамға тапсыра салмай, шенедік өнері 
бар, жиналған меймандарды аузына қаратып, ән мен жырдың, өлең мен 
шырайлы сөздің әуенінде ұстай білетін адамға жүктейді. 
Тойды ұзақ есте қалдыру үшін айтылған тілектер мен орындалған әндерді 
магнитофонға жазып алу жағы ескеріледі. 
Тілек бұрышы той өтетін залдың кіре беріс жағынан оңашаланған бір 
ыңғайлы орынға әдемі етіп безендіріледі. Тілек жазу альбомы, қаламсап үстел 
үстіне қойылады. 
Сол сияқты кейбір отбасылар той көріністерін фотоға, видеофильмге 
түсіріп алып есте қалдыру жайын ойластырады. 


74 
Үзіліс кезіндегі шаралар да алдын ала белгіленеді. 
Қандай той болмасын, сыйлықсыз өтпейді. Сәби өскенде оған рухани 
серік болсын деп шағын, «балалар кітапханасы», музыкалық аспап, түрлі 
ойындар сыйға тартылады. Егер жағдайы келіп жатса, ең жақын туыстары 
сәбидің атына ақша салынған сақтық кітапшасын немесе балаға арнап лотерея
билетін сыйлайды. 
Тойдың басталуына ғана емес аяқталуына да ерекше мән беріледі. Той 
иелері қонақтарға өз қуаныштарына ортақтасып, бөліскені үшін ризашылық 
лебізін білдіріп, оларға да жақсы тілек-ниеттер айтады. Шілдехана сазында 
ауыл ақсақалдарының бірі бата береді. 
Кейбір ауылдық жерлерде той иелері жағдайы көтеріп жатса, ат жарысын, 
жігіттер күресін және т.б. той ырым-жораларын ұйымдастырып жатады. 
Осындай көңілді, сәні мен тәрбиелік мәні мол, ішімдіксіз өткен 
шілдехенелер еліміздің озық дәстүріне айналып халық өмірінде тұрақты орын 
алып келеді.
/Қазақ халқының салт-дәстүрлері/. 
1. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер қандай жолдармен жасалады? 
2. Анатомиялық атауларға мысал келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет