Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет30/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі



Балалардың жабайы жануарлар, олардың тіршілік ету ортасы және тамақтану туралы білімдерін кеңейту; аналық жануарлардың аттарымен таныстыру; төлдерінің аттарын бекіту; "қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап улиды" мақалының негізінде "жабайы табиғат" туралы түсінігін дамыту; интеллектуалды карталарды модельдеу және қарапайым сөйлемдерді құру негізінде жабайы жануарлардың өмірі туралы қазақ тілінде әңгімелеуге үйрету; есту қабілеті мен зейінін, жадысын, эмоцияларын дамыту; достыққа, жануарлар әлеміне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке "түлкі", "қасқыр", "қоян", "аю", "кірпі" сияқты сөздерді енгізу; "қасқырды
қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды" мақалы арқылы сөздік қорларын
байыту.
Орман атмосферасын көрсететін аудио жазба.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, нұсқау таяғы, интерактивті тақта.
Тақырыптық суреттер: қасқыр, түлкі, қоян, аю, кірпі, тиін.
"Жабайы аңдар" демонстрациялық суреті (қасқыр, түлкі, аю, кірпі, тиін, қоян).
Жабайы жануарлардың "үңгірлерін" бейнелейтін суреттер.
Жабайы жануарлардың "тұрғын үйлерін" бейнелейтін суреттер.
Жануарлардың әрқайсысына арналған интеллектуалды картаның схемасы.
Жануарлардың әрқайсысына арналған интеллектуалды картаның схемасының толтырылуы.
Жануарлар мен төлдерінің жұптары бар суреттер.
Ырғақты әуеннің аудио жазбасы.

Жануарлар мен олардың төлдерінің жиынтығы.


Амандасайық" жаттығуы
Суреттерге негізделген сөздік жұмыс. "Жабайы жануарлар".
Интеллектуалды карталарды құру негізінде жабайы жануарлардың өмірі туралы ұғымды қалыптастыруға арналған ауызша жаттығу. "Жабайы жануарлар".
Болжамды түсіну негізінде суреттегі ұғымды қимылмен көрсетуге арналған жаттығу. "Жануарды тап және көрсет".
Жануарлар туралы жұмбақтар жасыру.
Суреттерге негізделген логикалық жұптарды таңдау бойынша ауызша жаттығу. "Кімде не бар?".
"Үйшік" ертегісін мәнерлеп мазмұндау.
Есте сақтауға арналған ауызша жаттығу. "Есте сақтайық": "Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет