Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет39/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі

Балаларды "С-З" дыбыстарымен, "Сс-Зз" әріптерімен таныстыру. "С-З" әріпін ауа арқылы жазып көрсету. "С-З" дыбыстарының нақты артикуляциялық қалпын қалыптастыру, естіп,ажыратуға үйрету, буындарда, сөздерде дұрыс айтуға дағдыландыру. "С-З" дыбыстарының сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. "С-З" дыбыстары кездесетін сөйлем ойлатып, сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу. Төзімділікке, ұқыпты, әдемі, таза жазуға дағдыланады. Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, қыс мезгілінің ерекшеліктерін, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге дамыту.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"С", "З", "Алақай, қыс келді!", "сырға", "сақина", "сағат", "сүт", "сызғыш", "сабақ", "сөмке", "сабын", "сағыз" сөздерін пайдалану.
Интерактивті тақта, таяқша, С-З дыбыстарының баспа түрі және жазба түрлері, өтілетін тақырыпқа байланысты суреттер, магнитті тақта, үлестірме материалдар, қыс мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген суреттер,ойынға қажетті құралдар: қолдан жасалған қар мүсіндері, шелек, күрек және т.б.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Артикуляциялық гимнастика
«З» және «С»дыбыстарының артикуляциясын салыстыру.
Ойын: "Не артық?" / С - З дыбыстарын сөзде ажырату/
"Сөз ойла,көп ойла" дидактикалық ойыны.
[С -З] дыбыстарын буында, сөзде ажырату жаттығулары.
Буында ажыратуға буындарды айтқызып, одан сөз құрау.
Фонеманы есту жаттығуы.
Дыбыстық талдау: "Қас", "Қаз"
"Адасқан дыбыстар" ойыны.
«Сы» буынын қосып сөзді аяқта.
Дидактикалық ойын. «Сөз ойла, көп ойла».
Көркем сөз.
Дидактикалық ойын: "Дәл тауып айт".
Тіл ұстарту жаттығулары.
Сергіту сәті.
Жазылым жаттығуы.
Есте сақтайық: С және З - қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет