Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет56/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі

Балаларды "Біз қармен қалай ойнадық" әңгімесімен таныстыру; әңгіме жанры туралы түсінік беру; қысқы өзгерістер туралы білімдерін кеңейту, қысқы қызықтар жайлы түсініктерін қалыптастыру; "биік - аласа", "тар - кең" шамалары туралы түсініктерін бекіту; "биік - аласа", "тар - кең" шамаларын сөйлеу барысында қолдануға жаттықтыру; көргенімен естігенің сәйкестендіре білу біліктілігін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу; қысқы ойындарға қызығышылықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "қызықтар", "кең", "тар", "биік", "аласа", "аула сыпырушы", "шана", "шаңғы" сөздерін еңгізу; "таудан сырғанады", "шананы сүйрейді", "күшікті сырғанатты", "коньки тепті", "шаңғы тепті", "қар ұшқының ұстады", "аққала жасайды", "қар лақтырды", "қар тазалайды" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.
Баяу қарқынды әуен.
Демонстрациялық сурет: биіктіктері әртүрлі екі ағаш бейнеленген, ағаш басында, жерде көп қар, әр ағаштың алдында қардан тазаланған еңдері әртүрлі екі жол жатыр.
Көру арқылы әңгімені модельдеу "Балалар қармен қалай ойнады".
- таудан сырғиды;
- шана сүйреп,күшікті сырғанатады;
- конькимен келеді.
- қарды лақтыру.
- екі бала құшақтасып, жымияды;
- қолғаппен қар ұшқының ұстап алу;
- аққалаға қардан шар жасап жүр;
- шаңғымен келеді;
Сондай-ақ бөлек сондай суретті-сызбалар.
Түрлі қарқындағы ырғақтағы әуен аудиотаспалары.
Әңгіменің желісін бейнелейтін демонстрациялық сюжетті сурет.
Суретті-сызба - аула сыпырушы қар тазалап жүр.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Қарама-қарсы мағыналы сөздер жұптарын құрауға арналған сөздік жаттығу. "Биік - аласа. Тар - кең".
Ым-ишара мен тақпақтау негізінде сөздік жұмыс. "Мынаумен не істейміз?".
Суретті-сызба негізінде елестету арқылы әңгімені оқу. "Балалар қармен қалай ойнады".
Көру арқылы әңгімені модельдеу "Балалар қармен қалай ойнады".
Естуге және артикуляцияға арналған жаттығу. "Сөзді тап".
Сюжетті суретті қорытындылау негізінде сәйкестендіру мен бөліктерді тұтастандыруға жаттығу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет