Пысықтауыш сөйлемдегі етістік баяндауыштың және етістіктен болған
өзге мүшелердің қимылдық сапасын, белгісін көрсету үшін қолданылады.
Пысықтауыштың синтаксистік қызметі жағынан анықтауышқа ұқсас
қасиеттері де, анықтауыштан ерекше белгілері де бар. Оның анықтауышқа
ұқсастығы — сөйлемдегі басқа бір сөздің бір сапасын, ерекше қасиеттерін
білдіруі. Ерекшелігі — анықтауыш есім сөздермен байланысты болып, оларды
анықтап тұратын болса, пысықтауыш етістік сөздерімен байланысты болып,
қимылдық әрекеттерді пысықтап тұрады. Мысалы,
Қысқа жіп күрмеуге
келмейді
дегенде
қысқа
анықтауыш болса,
Ол жиналыста қысқа сөйледі
дегендегі
қысқа
— пысықтауыш. Өйткені біріншіде қ а н д а й жіп? деген
сұраққа жауап беріп, зат есім сөзінің белгісін керсетсе, екіншіде
қ а л а й сөйледі? деген сұраққа жауап беріп, етістіктің қимылдық белгісін
көрсетіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: