«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


бағдарлама» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» ҚР



Pdf көрінісі
бет14/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   133
бағдарлама» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» ҚР 
Заңы тәрізді заңдар қабылданды. Сонымен қатар, 50-ден астам заңға 
түзетулер енгізілді. Бұл жылдары көптеген инфрақұрылымдық мәселелер 
шешілді: 4 мың шақырымға жуық автомобиль жолдары салынып, 
реконструкцияланды («Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Орталық-Оңтүстік 
және Орталық-Шығыс 2 транзитттік дәлізі), 1700 шақырымға жуық 
теміржол салынды (Өзен–Түрікменстанмен мемлекеттік шекара, Жетіген–
Қорғас, Бейнеу-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл), 13 арнайы экономикалық 
аймақ пен 23 индустриялық аймақ жұмыс істей бастады. Бизнесті қолдау 
үшін «Өнімділік - 2020», «Инвестор - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» 
бағдарламалары қабылданды. Ондаған жаңа қолдау құралдары әзірленіп, 
іске қосылды: жеңілдікті несиелер және лизинг, инновациялық, 
экспорттық гранттар, сервистік қолдау және т.б. Бүгінде жеке кәсіпкерлерге 
100-ге жуық қолдау құралдары қолжетімді. Екінші бесжылдық (2015-2019) 
сыртқы экономикалық шоктарға аса төзімді және қазақстандық экономика 
үшін “қауіпсіздік төсемі” болу әлеуеті бар сектор ретінде нақты өңдеу 
өнеркәсібіне бағдарланды. Бұл бесжылдық аясында өңдеу өнеркәсібінің 
14 басымдықты секторы айқындалды, қолдау құралдары соларға 
бағытталды. Бағдарламаны іске асыру Қазақстан экономикасы үшін 
бірқатар оң қорытындылар әкелді. Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортталатын 
тауарлар номенклатурасы 21%-ға артты. Аккумуляторлар, темірден немесе 
қоспасыз болаттан жасалған жазық илем, қоспасыз алюминийден 
жасалған сым тәрізді жаңа экспорттық тауарлар пайда болды. 2010-2018 
жылдары өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін негіз жасалды. Мәселен, 7,9 
трлн теңге сомасына 1250 жобаны іске асыру және Global-2000/ТҰК 
тізімінен 29 инвесторды тарту нәтижесінде жаңа өсу көздері пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет