«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


керек.  Ең алдымен, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын



Pdf көрінісі
бет20/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

керек. 
Ең алдымен, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын 
үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты әрі салмақты түрде ойлана 
бастадым. Жастық шақтағы мамандығым? Алғаш естіген құлаққа 
ерсі естіледі екен. Себебі, жастық шақтағы мақсаттардың өзі үлкен-
үлкен армандардың бастауы еді. Яғни ол кезде тек армандаумен 
шектелетін едік. Ал уақыт өте мүлде басқа көзқарастар, мүлде 
басқа пікірлер қалыптасады екен. Мен өзім жастық шағымда әйгілі 
суретші боламын деп, армандаушы едім. Әкем шамамен төрт 
жасымда алғаш рет сурет өнері мектебіне бара бастағанымның 
құрметіне орай, үлкен бояулар коллекциясын сыйлағанда, екі көзім 
домалақтанып, қалай қуанғаным әлі есімде. Бүгінде сол арманның 
ұшқыны қалған ба, әйтеуір бір бүйрегім суретке бұрып тұрады. Ал 
қазіргі мамандығым… Тіл. Ана тілім. Елімнің биік болашағы. 
Сауатты ұрпақ. Ойлай берсең, ойлай бергің, қиялдай берсең әсте 
тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі болып, өз қиялында 
қалқып жүре бергің келеді. Шындығында бұл асыл құндылықтар 
туралы, мен сияқты шынайы ойлайтындар өкінішке орай қазіргі 
таңда өте аз. 
Мен бұл мамандыққа қалай, қашан келдім? Соңғы сұрағына нақты 
жауап бере алмасам да, алғашқы сұрақтың жауабын анық білемін. 
Поэзия, роман, лирикалық жырлар міне осылардың арқасында 
менің әдебиетке деген, тілге деген қызығушылығым ояна бастады. 
Лирикалық жырларды оқыған кезде, сезімталдығымның әсерінен 
болар, ерекше бір сезімге бөленетін едім. Айналадағы барлық 
құбылыстар, өзгерістер, қарым-қатынастар барлығыда маған тек 
жақсы жақтарынан көрінетін. Сонымен қатар, елі қуанса, бірге 
қуанып, мұңайса, бірге мұңайып өткен ғасыр ойшылдары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет