әлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, тұрмысын таныды. Қорытындылай келе, қазақ әдебиетіне М.Әуезов дәстүрінің игі ықпалы әр тараптан көрініп отырады. Өткендегі тарихи қайраткерлер, әсіресе шығармашылық адамдары жайында шығарма жазған әрбір қаламгер оның құдіретті талантының шарапатын сезетіні шүбәсіз. 26. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себептерін талдап жазыңыз. АВТОР АЯУЛЫМ АЛТАЙ
INSAGRAM @11bjb.tjb https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01 Абай және Әуезов, Абай тәлімі, Мұхтар Әуезовтің Абайды танып-білуге қосқан үлесі. Мұның өзі екі үлкен сала. Бірі Мұхтар Әуезовтің абайтануға , яғни Абайдың өмірі мен шығармашылығын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, яғни Мұхтар Әуезовтың Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносценарийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде айтылған, қорытылған ой-пікірлер. Тағы бір өте маңызды қыры бар. Ол Абай шығармашылығының, әдеби мұрасының Әуезовке әсеры қпалы туралы,