«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


дұрыс жеткізе алады. Жүйелі сөз саптау, таза мазмұнда сөйлей білу



Pdf көрінісі
бет9/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

дұрыс жеткізе алады. Жүйелі сөз саптау, таза мазмұнда сөйлей білу 
қашанда керек құбылыс. 
Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар 
қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі мен дүниетанымын дамыту 
керек. Қазақ халқы қай заманда да сөйлеу өнерін жоғары бағалаған. Бұл 
жол арымай - талмай шешендік сырын зерттеуді, көл - көсір жаттығуды, 
мол білімді, ой - өрісі мен мен қиял кеңістігін қажет ететіндігін анық білген. 
Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. "Өнер алды - қызыл тіл", - 
дейді қазақ мақалы. Абай: "Тіл өнері - дертпен тең", - деген. Қысқасы, 
халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге баулып, осы жолда 
қайталанбас мұра қалдырған. 
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі - шешендік өнер. Шешендік өнер - 
ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің ерекшелігін көрсететін негізгі 
жанрлардың бірі. 
Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. 
ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша 
таралған, қағазда емес, бізге халық жадында сақталып жеткен. 
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша 
шығып, ауызша таралған. 
Қонақта, немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жасаған, кәрі құлақты 
қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ 
талапты жастар, өнер қуған қыз - бозбалар жаттап алып, жүрген - тұрған 
жерлерінде, ойын - жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің 
тілегіне қарай жаңартып - жаңғыртып отырған. 
Шешендік сөздер - біздің асыл мұрамыз, қазынамыз, байлығымыз. 
Шешендік сөздер аяқталған тұжырымды ой арқылы алуан адамгершілік 
қасиеттерге, ұлттық тәрбиеге баулиды. Шешендік сөздер ертегі - аңыздар 
мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып, бөліне отырып, халықтық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет